Шағбан – Пайғамбар (с.ғ.с.) айы
(last modified Wed, 22 Feb 2023 13:18:04 GMT )
Ақп 22, 2023 19:18 Asia/Almaty
  • Шағбан – Пайғамбар (с.ғ.с.) айы

Жылдың ең әдемі және ең құнды айы – шағбан айы.

Қасиетті  раджаб айы өтіп, шағбан айына қадам бастық. Өкінішке орай  2020 жылдың қысынан коронавирус  шақырылмаған қонағымыз болып, адамдарды үйде отыруға мәжбүр етті. Бір жағынан ғибадат бағдарламаларының тоқтатылуы және діни мерекелердің өткізілмеуі, екінші жағынан жамағат намаздарының өткізілмеуі мен  және пәк имамдардың қасиетті кесенелерінің есіктерінің жабылуы мүміндер мен Пайғамбар (с.ғ.с.) мен  Әһле-Бәйт (ғ.с.) ғашықтарын көптеген мүмкіндіктерінен айырды.  Бірақ көптеген діндарлардың пікірінше, бұл вирус - жаңа сынақ. Аллаға жүгіну және Одан көмек сұрау сияқты кейбір  бағдарламаларды мүмкіндік ретінде пайдалануға болатын сынақ. Құран Кәрімде: «(Мұхаммад!) Раббыңа ішіңнен жалбарына қорыққан түрде бәсең сөзбен ертелі-кеш зікір ет. Сондай-ақ кәперсіздерден болма»,- деп айтылды. («Ағраф» сүресі, 205-ші аят).

Жылдың ең әдемі және ең құнды айы – шағбан айы.  |Бұл айда имам Хұсейн (ғ.с.), хазірет Абу әл-Фазыл, имам Саджад (ғ.с.) және әлем құтқарушысы имам Мәһидің (ғ.с.) туған күндерін тойлаймыз. Қамари күнтізбесінің сегізінші айы - шағбан айы өте құрметті және Алла елшісінің (с.ғ.с.) айы. Рауаяттардың бірінде, Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) бұл айды өте жақсы көргені, сондықтан  сағаттары мен сәттерін Алла разылығы үшін  құлшылық етумен өткізгеін туралы айтылды. Имам Садық (ғ.с.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) шағбан айының туғанын көргенде, Мәдина қаласында: «Уа, Ясриб халқы, мен сендерге жіберілген Алланың елшісімін. Біліңдер, шағбан менің айым, сондықтан бұл айда маған көмектескен адамға Алланың рақымы тиеді» деп айтуды бұйырды»,- деді. Шағбан айы мен Исламның ұлық пайғамбары арасындағы ерекше байланыстың сырын аша алмауымыз мүмкін. Бірақ рауаяттар мен хадистер бойынша, шағбан айы – Пайғамбарға (с.ғ.с.) көбірек  махаббатымызды білдіретін мүмкіндік. Адам бұл айда күнәдан алыстау үшін  Пайғамбарға және оның отбасына жақындауға талпынады. Пайғамбар (с.ғ.с.) үмбетін бұл айда онымен бірге жүруге  шақырады.  Шағбан айында қалай Алла елшісінің жақтасы болуға болады? Ұлы мистик Мирзаджавад Аға Малеки Табризи былай дейді: «Кімде-кім осы шақырудан хабардар болса, осы шақыруға шақырылғандардың бірі болуға талпынуы керек»,- деген.  

Шағбан айында Пайғамбардың (с.ғ.с.) жақтастары болу жолдарының бірі – амалдарымызды Пайғамбардың (с.ғ.с.) өсиеттері мен Құранға сәйкес ету. Осы амалдардың бірі – ораза. Қасиетті Құран Кәрімде айтылғандай, ораза адам бойындағы тақуалықты күшейтеді, сондықтан ораза ұстау арқылы Пайғамбар үмметі тазалық пен пәктікке ие болып, пайғамбарына жақындай түседі. Хәзірет Әли (ғ.с.) Пайғамбардың (с.ғ.с.) іс жүзіндегі шақыруын көрсетіп, былай дейді: «Мен Алла елшісінің (с.ғ.с.) осы айда ораза ұстауға шақырған үндеуін естігеннен бері бұл айда ешқашан ораза ұстауды ұмытпадым және Құдай қаласа, өмір бойы  ұстаймын». Алла елшісінің (с.ғ.с.) өзі бұл айда ораза ұстайтын және оны Рамазан айымен байланыстырып: "Шағбан менің айым. Кімде-кім менің айымның бір күнін ораза ұстаса, оған жәннат парыз болады",- деген.

Шағбан айында ұсынылатын тағы бір ғибадат – Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айту. Шиіт мәдениетінде салауаттың орны ерекше. Алла елшісі (с.ғ.с.) сараңды таныстырып: «Нағыз сараң –  менің атымның аталған естидігенде, маған сәлем жолдамайтын адам», - деді. Ол салауаттың сапасы туралы: «Маған салауат жолдағанда дауысыңды көтер, өйткені ол жүректерден екіжүзділікті жояды»,- деген. Имам Хомейни «Намаздың сырлары» атты кітабында Пайғамбарға салауаттың қадір-қасиетін баяндап былай деп жазды: «Пайғамбарға сәлем-салауат айтқан адам әрекетінің бұл нығметтерге қайшы келмеуі үшін абай болуы керек. Өйткені салауаттың рухы қорлыққа қарсы, ол тақуалық пен абырой. Сондықтан қашан Пайғамбарға (с.ғ.с.) және оның әулетіне (ғ.с.) сәлем мен салауат айтқанда хазіретті әрекетіңмен мазаламаудан сақ бол, әйтпесе жағдайда уәде амалға қайшы болады».

Шағбан айында дін басшыларының жасаған істерінің бірі – мейірімді Алламен сырласып, мүнәжәттер оқуы.  Мүнәжәттердің бірі  айда оқыған хазірет Әли (ғ.с.) мен хазіреттің перзенттерінің әдемі «Шағбание» дұғасын атап кетуге болады. Бұл дұғаларда пенденің Алла Тағаламен қарым-қатынасы туралы көптеген ғылымдар бар. Олардың бірі ақиқатты тану арқылы сыпайылықты білдіру және Ұлы Алла Тағаладан кешірім сұрау. Сондай-ақ бұл дұғаларда Аллаға жақындаудың жолдары келтірілді. «Шағбание» дұғасы – шағбан айының ең маңызды амалдарының бірі.

Алла Тағалаға жақындаудағы тағы бір мәселе – адам баласының Пайғамбар мен пәк имамдарға (ғ.с.) бағынуы.   Өйткені бұл мойынсұну адамды күннен-күнге нұрландырып, рухани өсудің аясында қоқыстан арылтып, Аллаға жақындатады. Алланың уәде еткен құтқарушысы хазірет Мәһдидің (ғ.с.) туған күні және Оған мойынсұну бұл айды ерекше құнды етеді. Құран Кәрімде ең жақсы киім – тақуалық киімі делінген. Тақуалық – дүниелік ластаудан бас тарту. Бұл адамның Аллаға жетуіне жол ашады. Қасиетті раджаб, шағбан және рамазан айлары адам баласының тақуалық пен Аллаға жақындау мүмкіндік болып табылады.

Шағбан айы – кез келген жақсылық жасау айы. Пайғамбар (с.ғ.с.) үнемі жақсылық жасап, бізді де жақсылық жасауға шақырған. Рауаяттарда Алла Тағаланың шағбан айының бірінші күні жәннаттың есіктерін ашуды және туба ағашына  бұтақтарын осы дүниеге жақындатуды бұйырғаны туралы айтылды. Кімде-кім бұл күні жақсылық пен ізгілік жасаса, кімде-кім бұл күні нәпіл намаз оқыса, ораза ұстаса, кімде-кім әйелі мен күйеуін, әкесі мен баласын, туыстарын, көршісінің еркек-әйелін, бөтеннің еркек-әйелін бітімгершілікке келтірсе, иесі қайтарудан үмітсіз қалған қарызын есіне алып, қайтарушы, жетім балаға қамқорлық жасаушы, Құран   оқушы, Алланы еске алып, нығметтерін санайтын, шүкір етуші, ауруды зиярат еткен, ата-анасына немесе олардың біріне жақсылық жасаған, мәйітті жерлеген, қайғы-қасіретке көңіл айтқан, жақсылық жасаған адам Туба ағашының бұтақтарына ораналасады.