Нау 29, 2023 20:31 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023: Достың қасында (7)

Рамазан – ғибадат айы, ал дұға – ғибадаттарымыздың денесіндегі жан сияқты. Бұл жан да біздің жанымыз сияқты Алладан, Аллаға қайтады. Егер Алланың рұқсаты болмаса, ешбір ауыз оны мадақтауға ашылмас еді, тіл жалбарынуға бұрылмас еді. Алла Тағала пенделеріне Өзін еске алып, тілектерін білдіруге рұқсат еткенде, олардың қолына рақымының қазынасының кілтін берді. Ол пенделеріне білім беріп, өсіру үшін дұғаның кілтімен нығметтерінің есігін ашуға  талпынуға рұқсат берді.

Алла Тағаланың адам баласының өсіп-өнуі мен білім алуы үшін таңдаған жолы – сынақ пен азапқа толы жол. Алла Тағала «Анкабут» сүресінің екінші аятында былай дейді: «Адамдар: “Сендік” деумен сыналмай қойып қойылатындықтарын ойлай ма?»

Алланың бір сынағы – құлдардың дұғасының қабыл болуын кешіктіру.  Кейде біз қажеттіліктерімізді Аллаға  жеткізіп, олардың орындалуын сұраймыз, бірақ дұғаларымызға жауап беру үшін айлар немесе жылдар қажет.  Бұл жауап берудегі кешіктірудің әртүрлі себептері болуы мүмкін.  Хазірет Әли (ғ.с.): «Егер дұғаңның жауабы кешіктірілсе, бұл кешіктіру үмітіңді  түсірмесін», – дейді.

Алланың  мейіріміне деген үмітпен немесе үмітсіздікпен бетпе-бет келу Алланың  біз үшін дайындаған сынақтары болуы мүмкін.  Ол пендесінің иманын сынап, оны осы сынақта өсіріп, иманын арттырғысы келеді.  Бірақ көпшілігіміз мұндай сынақта көп ұзамай үмітсіздікті таңдап, мұқтаждықтарымызды Аллаға  жеткізудің орнына, үмітсіздік бізді имансыздық алқабына апаратынын білмей, Оның құлдарына жүгінеміз.

Дұғасы қабыл болмаса да Алланың разылығына разы болған пенде қандай  бақытты, ол Алланың мейірімінің кез келген мұқтаждықтан артық екенін және Алланың ешқашан сараң болмайтынын біледі, сондықтан ешқашан көңілі қалмайды, Алланың кең мейірімінен үмітңн үзбейді.  Ол дұға етуді ешқашан  тоқтатпайды және дініміздің үлкендері дәл осылай өсиет еткен.  Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) былай дейді: «Қолыңнан келгенше дұға ет, өйткені сен дұғаңның қашан қабыл болатынын білмейсің».

 

Хазірет Әли (ғ.с.) ұлы Имам Хасанға (ғ.с.)  былай деді: « Алланың кешірімі мен сыйы ниетіңе байланысты, дұғада тілегеннің орындалуының кешіктірілуі көбірек кешіріліп, сыйдың артуына себеп болып қалар».  Мүмкін сіз бір нәрсені қалайсыз, бірақ жақсылық пен орындылық   сізге ерте ме, кеш пе одан да жақсысын берер. Кейде тілектің орындалуы,  оның дінінің жойылуына себеп болады. Адам  білуі керек, егер бірегей,  құдіретті және ең ұлы жаратушы бір нәрсені беруден немесе бір мұқтаждықты қамтамасызетуден  тартынса, оның хикметі болуы керек және әрине Алланың біз үшін қалағаны біздің өзімізге қалағанымыздан әлдеқайда жақсырақ.

Алла Тағала «Бақара» сүресінің 216-аятында: «(Әй мүміндер!) Сендерге сүйкімсіз болса да соғыс парыз қылынды. Бір жек көрген нәрселеріңнің сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Және жақсы көрген нәрселеріңнің сендерге жаман болуы да мүмкін. Алла Тағала  біледі, сендер білмейсіңдер»,- деді.

Имам Саджад (ғ.с.) былай дейді: «Мүміннің дұғасы оның ақыретіне сақталады, немесе оның мұқтаждықтары орындалады, немесе оған келетін пәлекет алыстайды».  Демек, дұға сырт көзге қабылданбаған болуы мүмкін, бірақ шын мәнінде ол қабыл болып, бізден бір пәлекетті кетірді немесе ол бізге  ақыретте көп жақсылық әкелуі мүмкін.

Күмәнсіз, адамның ең үлкен азабы – Қиямет күні. Бұл аспан түйіліп, жер  түрленіп, таулар бұлттай қозғалып, теңіздер қайнаған күні, аналар қорқып балаларын ұмытып, ешкімге пана болмайтын күн. Олардың үстіне көлеңке түсіріп, жүректерін тыныштандыратын бұлт сияқты  дұғасы қабыл болатын мүміндер бар.

Біз бәріміз күнәкар пендеміз,  осы күнәлардың бәріне қарамастан, Алла  бізге оны шақыруға рұқсат беріп  қана қоймайды, сонымен қатар оған баруға шақырады және шақыруын қайталайды. Көпшілігіміз осы ұлы илаһи нығметтерді қабылдаудың орнына, одан бет бұрып, оған теріс қарайды Дүниедегі орнын білмейтіндер, Алланың оларға деген нығметін көрмейді.  Олар Алаға назар аударудың орнына, одан бас тартады. Имам Мәһди (ғ.с.) дұғасының бір бөлімінде  адамның Алланың алдындағы орнын білуіне  назар аударды,  рақымдылық пен мейіріммен бірге өзінің Аллаға деген шүкірсіздігін  түсініп, былай дейді: «Уа, Алла,  сен мені шақырасың, бірақ мен сенен бас тартамын!»

Сіз досыңызға сүйіспеншілік пен жақындығыңызды білдіріп, бірақ ол назар аудармаған кездер болды ма? Ал сіз оның немқұрайлылығы мен  мейірімсіздігінің алдында әлі де махаббатыңызды, достығыңызды білдіресіз бе?  Сіздің барлық жақсылықтарыңыздан кейін ол өзінің дұрыс айтқанын және сізге міндетсінгініз  келетінін түсінбеді ме?  Енді бір әлсіз құлдың осы  қылықтарын жаратушы әрі ризық беруші Алланың алдында елестетіп көріңізші!   Илаһи мейірімнің кеңдігінің  алдындағы әлсіз жаратылыстың тәкаппарлығы мен менмендігінің  жиіркенішті бейнесі!  Адамның Алланың алдында шағымданатын несі бар?  Оны шақырған сайын бір нәрсемен көңіл көтереді.  Бірақ таңғаларлығы, бұл жаман әрекетке  қарамастан, Алланың мейірімі тоқтамайды.

 

«Эфтетах»  дұғаның кейбір бөліктері осы жағымсыз әрекеттер  көрінісіне арналған: «Сен маған махаббат қолыңды созып, құшақ жаясың, ал мен саған арқаммен  бұрылып, кек сақтаймын.  Сен маған бар ұлылығыңмен келіп, менімен дос боласың, бірақ мен бар қорлығыммен сенен қашып, сені қабылдамаймын.  Саған өкпем бар сияқты немесе мен сенің нығметіңмін».

Алланың мейірімділігі сонша, тіпті күнәһар, адасқан пендесің де назардан тыс  қалдырмайды және оны ұмытпайды.  Алла Тағала Дәуіт (ғ.с.) пайғамбарға уахи еткені  рауаятта: «Егер менен бет бұрғандар менің  оларды қалай күтіп тұрғанымды және менің рақымымның қаншалықты олардың жағдайын қамтитынын және олардың күнәларын тастағысы келетінін білсе, олар үлкен қуанышқа бөленер еді.  Уа, Дәуіт! Менен бет бұрғандарға деген құмарлығым осы, ал меннен бет бұрғандармен қалай әрекет етемін?»- деп айтылды.  Бұл рауаят Алланың пенделері  күнәһар болса да оларға қаншалықты мейірімді екенін көрсетеді. Бұл жайт «Эфтетах»  дұғасында да айтылды: «Менің барлық зұлымдығым сенің рақымдылығың мен жақсылығыңа және сенің шексіз кешіріміңе кедергі келтірмейтіні және сенің сыйларыңнан еш нәрсені кемітпейтіні таң қалдырады.  Алла, мына надан пенденді  рақым етіп, оның надандығына құшағын аш».

 

Тегтер