Рамазан 2023: Достың қасында (11)
(last modified Sun, 02 Apr 2023 14:37:32 GMT )
Сәу 02, 2023 20:37 Asia/Almaty
  • Рамазан 2023: Достың қасында (11)

Теңі жоқ Аллаға сансыз шүкір. Оған тең келер ешкім да жоқ, көмектесетін де тірегі жоқ. Ол лайықтыларды ұлылығымен мойынсұнуға әкеледі. Үлкендер Оның ұлылығының алдында кішіпейіл болып, Ол билігін қалаған жеріне таратады.

Аллаға қандай мадақ  лайық? Кейде жәннатқа баруымыз  үшін, кейде тозақтан қорқып құлшылық етеміз, бірақ кейбір адамдар Аллаға жүректерінде бар махаббаты үшін ғана құлшылық етеді.  Хазірет Әли (ғ.с.) бойынша бірінші ғибадат саудагерлер мен жалдамалылар  ғибадаты, ал екінші ғибадат пенделер  ғибадаты, бірақ үшінші топ  азат адамдар, олардың  ғибадаттары барлығынан артық. Алланы сүйіспеншілікпен шақыратын азат адамдар  Аллаға бұрын берген нығметтеріне шүкіршілік етеді, бұл да сол шүкірлік.

Алла Тағала «Ибраһим» сүресінің  7-ші аятында: «Егер шүкір етсеңдер, арттыра беремін. Ал, егер қарсы келсеңдер, азабым тым қатты»,  деп жариялады.  Бірақ бұл азат адамдар кейде Алланы тек сипаттарын айтып, еске  алу үшін мақтайды.  «Сана» деп аталатын мұндай мақтаудың нәтижесі көп, бірі Алланы жақсырақ танитынымыз, екіншіден Аллаға деген өз орнымыз бен мұқтаждығымызды жақсырақ білетіндігіміз, үшіншіден Аллаға деген  сүйіспеншілігіміздің жүрегімізде артып,   Аллаға  жақындауымыз. Кейбіреулер  Алланы қажет еткен кезде ғана  шақырады. Алайда  сүйіспеншілікпен құлшылық етуші ата-анасының жақсылығынан рахаттанып, мақтанған бала  сияқты Алланың ұлылығын айтудан жалықпайды.  Әрине, әрбір жүрек Алланы бұлай мадақтай алмайды,   тәкаппарлыққа толы жүрек ешқашан Алланы мадақтауға аузын ашпайды.  Көбінесе дұға еткенде қажеттілігімізді  еске аламыз, соны айтамыз, бірақ сыпайылықтың шарты кемшілікті айтпас бұрын Алланың бізге бұған дейін  берген нəрселерін шүкіршілік ету болып табылады.  Мұндай мақтау бізді өмірге деген теріс көзқарастан арылтады, егер дұға  нығметтерге шүкіршілік етуден басталса  және бұл шүкір Алланың ұлылығын еске алумен бірге жүрсе, ол бізді оң көзқарасқа дайындайды.

 Имам Хасан (ғ.с.) былай деген:  «Кімде-кім Алланың қалауына разы болса және оның жүрегіне Алланың қалауынан басқа ешнәрсе кірмейтін болса, оның әрбір жасаған дұғасы қабыл болатынына кепілдік беремін.

Үмітсіздік – оны үнемі басқаларға беруге тырысатын шайтанның қасиеті.  Көптеген мәселелер бізді Алладан  үмітсіздендіруі мүмкін, кез келген күнә мен немқұрайлылық бізді үмітсіздікке әкелуі мүмкін, бірақ үмітсіздікті жеңудің  бір жолы - дұға ету.  Дұғада Аллаға берген нығметтеріне шүкіршілік етіп, сипаттарын  санасақ, өміріміздегі жақсы нәрселерді еске түсіреміз және бізде қандай мейірімді және  құдіретті Алла бар екенін еске түсіреміз және біздің жүрегімізде осы үміт бар.   Бұл үміт дұғаны көбірек оқуымызға себеп болады.  Адамдардың дұғаны тоқтатуына себеп  болатын себептердің бірі – үмітсіздік,  бұл күнәлардың ең ауыры.

Дұғаның  ең маңызды міндеті – Алланы тану.  Бұл білім – адам бақытының  негізгі көзі.

 Рауаяттардың бірінде бірқатар адамдар имам Садықтың  (ғ.с.)  алдына келіп: «Дұға етеміз, неге  ол қабыл болмайды?» – деп сұрағаны  айтылды. Хазірет:  «Себебі сен танымайтын біреуді шақырасың!»- деп жауап берді.  

Имам Заман (ғ.с.) Алланы  жақынырақ тану үшін «Эфтетах» дұғасының бір  бөлігінде Аллаға мадағының жалғасында: «Теңдесі жоқ Аллаға сансыз шүкір», - деді.  Кейбір Ибраһимдік емес мектептер  мен діндерде шайтан Аллаға қарсы  қойылады.Олар жақсылық пен жамандық бетпе-бет келгенде  бір-бірінің әсерін азайтуға немесе тіпті бейтараптандыруға  қабілетті екі тең және қарама- қарсы күштер деп санайды.  Кейбір басқа мектептер Алланы  оң қуат көзі деп, ал Ібілісті  теріс энергия көзі ретінде қарастырады.  Екінші жағынан, Ібіліс – дүниедегі барлық жаратылыстардың ішіндегі жаратылыс, ал ислам мистиктерінің пікірінше, ол – Алланың есігінің  күзетшісі, бөтен адамдар кірмеу үшін есікке байланған.  Алла Тағала онымен соғысқысы келетін ешкім  жоқ құдырет.  «Әнбия» сүресінің 22-аятында екі құдай болса, міндетті түрде қақтығыс болатыны айтылады.  «Егер жер-көкте Алладан басқа да тәңірлер болса еді, әлбетте екеуі де бұзылып, кетер еді. Ғаршының  Раббы Алла, олардың жасанды сипаттарынан пәк».

Пәк имамдаодан (ғ.с.)  бізге жеткен дұғалардың көпшілігінің танымдық жағы  бар.  Бұл дұғалардың кейбірі, мысалы, «Эфтетах» дұғасында Алланың тану  және таухид дәрсі өте жоғары деңгейде.  Бұл дұғада имам парасатты ойлауды үйретеді. Бір қызығы, имам  «дәлел» деген сөзін қолданбай, дәлелді қолданады.  Имам Мәһди (ғ.с.) осы дұғаның бір сөйлемінде иманның ең негізгі негіздерін қарапайым сөйлемдермен білдіріп, былай дейді: «Теңі жоқ Аллаға сансыз шүкір. Оған тең келер ешкім да жоқ, көмектесетін де тірегі жоқ. Ол лайықтыларды ұлылығымен мойынсұнуға әкеледі. Үлкендер Оның ұлылығының алдында кішіпейіл болып, Ол билігін қалаған жеріне таратады».    Иә! Алланың қалауы қандай нәрсеге тиесілі болса да, Өзінің құдіреті  және ұлылығы арқылы оны бір мезетте жарата алады және ешкімнің Оның еркіне күмән келтіруге немесе оған араласуға  құқығы жоқ.  Алла данышпан, әр нәрсенің иесі, және бүкіл әлем әмірші, сондықтан да Алла қалағанын істейді,  ешкім Оны өз істері үшін жауапқа тарта алмайды.   Бірақ ол басқаларды істеген істері үшін жауапқа тарта алады.  «Ол, істегендерінен сұралмайды да, олар  сұралады» («Әнбия» сүресі, 23-ші аят),

 Қасиетті рамазан айының түндеріндегі «Эфтетах» дұғасы  бізге илаһи сипаттарды таныстырады.  Ұлық Тәңіріміз бар екенін білгенде, оның алдында  сабырлы жүрекпен: «Раббым, бізге өзіңе ұнайтын және разы болатын нәрсеге сәттілік бер»,- деп сұраймыз.