Рамазан 2023: Достың қасында (14)
Қасиетті Рамазан айының ортасы – имам хасан Моджтабаның (ғ.с.) туған күні! Алла Тағала қасиетті Рамазан айының он бесінші күні хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) үйіне үлкен сый берді.
Жүзі мен мінезі Алла ешісіне ұқсаған сәбиден хазірет Әли (ғ.с.) мен Фатиманың (ғ.с.) қадір-қасиеті жарқырап тұрды. Оның дүниеге келуі баршаға жомарттылық пен төзімділіктің көрінісі болсын.
Ислам әлемінің ұлы тұлғасы хазірет Әли (ғ.с.) мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүйікті қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) тұңғышы хижраның үшінші жылы Рамазан айының ортасында Мәдинада дүниеге келді.
Фатима Захра (ғ.с.) Әлиден (ғ.с.) есімін қоюды сұрайды, бірақ Әли (ғ.с.): «Мен Алла Елшісінен (с.ғ.с.) алдынан өтпеймін»,- деді. Олар Алла Елшісі (с.ғ.с.) үйлеріне кіргенше күтті, хазірет оң құлағына азан, сол құлағына иқама айтып, Хасан деп атады. Бұл надандық дәуірінде естілмеген есім болды. Хасан (ғ.с.) Пайғамбардың тәтті жаны және сүйіктісі болды. Алла Елшісі (с.ғ.с.) Хасанды ұлым және жүрегінің жемісі деп атап, оны сүйіп, иіскеп, мешіттер мен жиындарда онымен бірге жүретін. «Хасан – менің дүниеден алған жұпар иісті гүлім», – дейтін.
Хасан бин Әли (ғ.с.) балалық шағынан-ақ Әли (ғ.с.) мен Фатима (ғ.с.) сияқты үлгілі де бірегей ата-ананың еркелеуінен, нұсқауынан және тәлім-тәрбиелік қағидаларынан ғана емес, ерекше қамқорлық пен тәлім-тәрбиенің де игілігін көрді. Ол уахидың орталығы және ізгіліктің қайнар көзі болған Пайғамбар әулетінің мүшесі болып саналды. Балалық шағында бұл шаңырақтың ұлылығының сырын білмейтіндерді таңғалдыратын. Ол бала кезінде Пайғамбардың (с.ғ.с.) мәжілісіне қатысып, Құран аяттарын хазіреттің ауызынан естіп, қайтып келген соң мейірімді анасына олапды айтып жүрді.
Әли (ғ.с.) үйге кірген кезде Фатима (ғ.с.) да сол аяттарды оқитын. Бір күні хазірет Әли (ғ.с.) Заһрадан (ғ.с.) бұл аяттарды қалай білгенін сұрады. Ол: «Біздің баламызХасан маған Пайғамбардың (с.ғ.с.) алдында естіген аяттарының бәрін айтып береді»,- деді.
Имам Хасан (ғ.с.) өмірінің көрнекті ерекшеліктерінің бірі - ол әкесі имам Әлимен (ғ.с.) үндес болды. Пайғамбар дүниеден өтіп, анасы Фатима-Зәһра (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін әкесі имам Әлимен (ғ.с.) бірге оның азаптарына куә болды. Сондай-ақ ол әсіресе әкесінің билігі кезінде белсенді және оң рөл атқарған сабырлы, қабілетті көмекшісі және кеңесшісі саналды.
Хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін Куфа тұрғындары имам Хасанға (ғ.с.) ант берді және осылайша мазасыз жағдайда мұсылмандарды басқару жауапкершілігін мойнына алды.
Омеядтардың әрекеттерінің бірі имам Хасан (ғ.с.) жағындағы жетекшілер мен ықпалды адамдарды ыдырату болды. Олар пара беру және алдамшы уәделер беру арқылы Куфа мен Ирактың кейбір ақсақалдарының назарын аударды, содан кейін Муавия соғыс ашып, әскерлерін Иракқа қарай жылжытады. Басқа жағынан, имам Хасан (ғ.с.) Муавияның жорығы туралы хабарды естіп, халықты ақиқатты қорғауға шақырды, бірақ омеядтардың өсек-аяңдары мен жалған үгіт-насихаттарының әсерінен ақиқатты қорғаудың орнына халық қорқып, осалдығын білдірді. Сондықтан имам Хасан (ғ.с.) Ислам үмбетінің кейбір бөліктерінде орын алған бүліктерге байланысты Ислам мүддесін қорғау үшін Мувиямен бітім шартын қабылдады. Осылайша имам Хасан (ғ.с.) үлкен мүдделер үшін және соғыс пен қантөгісті болдырмау үшін халифаттан шықты. Имамның мақсаты Ислам үмбетін қауіп-қатерден құтқарып, өзінің көрегендігімен болашаққа жоспар құру болды.
Айта кетерлік жайт, ол кезде фитналар соншалық, ақ пен қараның шекарасын көптеген адамдар, тіпті бір топ ойшылдар білмей қалды. Сондықтан имам Хасан дұрыс пен бұрыстың сызығын сызып, адамдарды шатасушылық пен күмән алқабынан шығару үшін қолайлы құрал таңдап, еңбек етті. Ол дін атын жамылған исламның шынайы мәдениетіне қарсы бұрмалаулар тасқынына және жаппай шабуылдарға қарсы тұрып, исламның шынайы идеяларын насихаттады. Жалпы, имам Хасан бейбітшілікті қабылдағаннан кейін өмірінің соңына дейін мағрифат әдісін ұстанып, Ислам ақиқаттарын жақсы түсінбеген немесе оның қағидаларынан ауытқығандарды ояту үшін тиімді шараларды қолға алды.
Имам Хасан Мединеде шынайы ислам мәдениетін енгізу және насихаттау және ойлар мен идеяларды көтеру үшін кең ауқымды күш-жігерді бастады. Ғұламалар мен хадисшілер оны қолдады. Бұл адамдардың бір тобы Пайғамбардың (с.ғ.с.) және Әлидің (ғ.с.) сахабалары болды. Олардың арасында Джабер бин Абдулла Ансари, Хужар бин Уди, Комейл бин Зияд, Муслим бин Акил сияқты тұлғаларды көруге болатын. Олар кәмелетке толған адамдар еді және омеядтардың зұлымдығына қарсы күшті тосқауыл болды. Ибн Саббағ Малики имам Хасанның (ғ.с.) Мәдинадағы ғылыми қызметтерін сипаттауында былай деп жазады: «Адамдар оның айналасында болды, ол оларға илаһи ілімдер мен тәлімдерді үйретті. Олар оның сөздерін тыңдағысы келді, өйткені ол тыңдаушылардың жүректерін емдеп, білімге деген шөлдерін қандырды».
Имам Хасан (ғ.с.) өте керемет адамгершілік қасиеттерге ие болды. Сол имам өз заманындағы адамдардың ілімде, ізгілікте, тақуалықта және ғибадатта көшбасшысы болды. Бүкіл халық оны жомарттығымен және мұқтаждарға көмегімен білетін. Ол сыздаған жүректерді жұбатушы, мүсәпірлердің панасы және кедейлердің үміт нүктесі болды.
Сиюти былай деп жазады: «Хасан (ғ.с.) бар байлығын Алла жолында үш рет жұмсады». Оған бір кедейдің барып, құр алақан оралғаны болған емес. Имам Хасанның (ғ.с.) мінезі Пайғамбарға (с.ғ.с.) ұқсайтын».
Сирия халқының бір қария омеядтардың үгіт-насихатының әсерінен имам Хасанға қарғыс айтты. Имам сөзін аяқтағаннан кейін күлімсіреп: «Уа, адам! Менің ойымша, сіз біртүрлі екенсіз, мүмкін қателескен шығарсыз. Бірдеңе керек болса орындаймыз, хидаят десең жол көрсетеміз, аш болсаң тамақ береміз, жалаңаш болсаң киім береміз, мұқтаж болсаң көмек, егер сізде орын жоқ болса, біз сізге орын береміз»,- деді. Осынау ұлы да асыл мінезді көргенде әлгі Шам адамның бар теріс пікірлері өзгерді. Ол өзінің мінез-құлқынан ұялып: «Сенің Алланың жердегі мұрагері екеніңді растаймын, оның міндетін кімге тапсыруды Алла жақсы біледі. Бұрын әкең екеуің маған ең қас жау болсаңдар, қазір маған ең сүйікті адамдарсыңдар», – деді.
Хасан бин Әли (ғ.с.), илаһи сыйлық Рамазан айының ең жоғары нығметтерінің бірі болып саналады. Сондықтан бүгінде ораза ұстағандардың ауызашарының өзгеше көңіл күйде болуы бекер емес. Имам Хасанның (ғ.с.) туған күнімен Рамазан айының ұлық мерекесі ерекшелене түсті. Қайырымдылар мен ораза ұстағандардың ас пен құрмет дастарханы кең. Олар Хасан бин Әлиден (ғ.с.) сұрамай тұрып көмек көрсетудің ең үлкен мейірбандық екенін үйренді.
Имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) туған күнінде Иран халқы қайырымдылық пен жомарттық рухын таратып, ас беру мен құрметтеу апталығын өткізеді.. Бұл аптада қайырымды жандар аз қамтылған отбасыларға өздерінің кең пейілділігімен, кешірімділігімен көмек көрсетеді. Кейбір қайырымды жандар бір немесе бірнеше жетім балаларға қаржылай және рухани қолдау көрсетіп, қайырымдылық пен мейірімділікпен Рамазан оразасының жүрегінің жұпар иісін еселей түседі.
Әлемнің барша мұсылмандарын имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!