Ахмад бен Мұса – илаһи тұлғалардың бірі
(last modified Fri, 26 May 2023 11:28:10 GMT )
Maм 26, 2023 17:28 Asia/Almaty
  • Ахмад бен Мұса – илаһи тұлғалардың бірі

Шираз қаласындағы  «Шаһшырақ»  деп танымал болған хазірет Ахмад бен Мұсаның қасиетті кесенесі безендіріліп, имам Резаның жақтастары бұл кесенеге қарай ағылады.

Исламның ұлық пайғамбары әулетінен шыққан имамдар мен олардың балаларының қасиетті кесенелері ежелден зиярат пен ғибадат жасайтын рухани жерлер. Бұл қасиетті жерлер зиярат, намаз, дұға, Жаратушымен сырласу, зияратшылар үшін өте маңызды және адамдарды Аллаға жақындатады. «Сейед әл-Садат» және «Шаһшырақ»  деп танымал болған хазірет Ахмад бен Мұсаның қасиетті кесенесі аталмыш жерлердің бірі болып табылады. Хазірет Ахмад бен Мұса – имам Мұса Каземнің (ғ.с.) перзенті және имам Резаның (ғ.с.) бауыры. Бұл күндері велаят жақтастары кесенеге жиналып, бұл жерде ерекше көңіл күй орнады. Бірақ биыл Ахмад бен Мұсаның қасиетті кесенесі басқа қасиетті кесенелер сынды коронавирустың таралуының бақылауға алу үшін екі айдан астам уақыт бойы зияратшылар үшін жабық болды. осыдан бірнеше күннен бері кесененің есіктері Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің ғашықтары үшін ашылып, халық әлеуметтік қашықтықты сақтап, қасиетті кесенеде өз ғибадаттарын қайта бастады. Біз де Ахмад бен Мұсаға сәлемімізді жеткізіп: «Уа, Ағажан! Уа, Алла елшісінің перзенті, өзін арқылы Аллаға жақындау үшін кесенене келдім. Сәлем саған, уа, Мұса Каземнің перзенті Ахмад»,- дейміз.

 

Хазірет Ахмад бен Мұсаның анасы өз заманының тақуа әйелдерінің бірі  «Умма Ахмад» деп танымал болған имам Мұса Каземнің (ғ.с.) әйелі.  Ол Ахмад, Мұхамад және Хамзенің анасы. Жетінші имамның (ғ.с.) бұл үш ұлы велаят пен имаматтың адал жақтастары болып, бұл жолда көптеген талпыныс жасап, соңында шәһид болды. Әрине аналар перзенттерінің ахлақи және рухани тәрбиесіне маңызды рөл атқарады. Тарихта да әйгілі ердердің пәк және дана аналарының қасында тәрбиеленгендерін байқаймыз. Ахмад бен Мұса да өз заманының танымал бануы Умма Ахмадтың қасында тәрбиеленді.  Шейх Мофид Шаһшырақ туралы: «Ахмад бен Мұса қарапайым тақуа адам болып, әкесі хазірет Мұса Казем (ғ.с.) оны жақсы көріп, оның жомарттылығы мен мейірімін мадақтады. Ахмад бен Мұса   имам Әли бен Резадан (ғ.с.) кейін ең жоғары орынға иеленген адам».

 

 

Сол кезеңде имам Мұса Казем (ғ.с.) мен перзенттері мен Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің жақтастары Аббаси үкіметінің көптегегн қысымдарымен бетпе-бет келді.  Пайғамбардың (с.ғ.с.) көкесі Аббастың ұрпағынан  шыққан аббасилер билікке мастанып, шіріп, Алла елшісінің әулетіне қарсы ешбір қастықтан бас тартпады. Тарихта Аббаси дәуірінің мәдени тұрғыдан нашарлағаны, бұзақылықтың шегіне жеткені және лардың адамдарды ашық түрде бұзақылыққа термелегені туралы айтылды. Олар халықты ішімдік, құмар ойындар мен бұзақылыққа жігерлендірді. Керсінше Пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті халықтың шынайы Исламға шақырып, адамдарға иман мен тәубе жолдарды үйретті. Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің шынайы жақтастары аббасилердің көптеген азап-қорлығын көрді. Бірақ оларға қарамастан имам Мұса Казем (ғ.с.) мен шәкірттері және перзенттері кез келген уақытты халықты дұрыс жолға нұсқау үшін пайдаланды.

Ахмад бен Мұса сөзі және амалымен адамдарға әсерін тигізіп, жүректерді шындық нұрына бөледі. Ол Жаратушыға ғибадат ету, сопылық, нәпсісін бақылауға алу және жомарттылығы тұрғысынан барша үшін танымал болды. Имам Мұса Казем (ғ.с.) шәһид болған соң көптеген мұсылмандар бият ету үшін оның қасына келді. Бұл кездесуде Ахмад бен Мұсаның тақуалығы мен велаятты қолдайтыны белгілі болды.                                                                                                                            

 

Барша мешітте имам Мұса Каземнің (ғ.с.) перзенті Ахмад бен Мұсаның қасына жиналып, имамның Харун Рашидтің қолынан қаза тапқанына қайғыға батып, аза тұтты. Хазірет Ахмад бен Мұсаның қадір-қасиеттері, ғибадаты мен шариғатты таратуына, сондай-ақ әкесінің құрметіне ие болуына байланысты  әкесі имам Казем (ғ.с.) шәһид болған соң, оның орынбасары және имам болып, перзенті Ахмад қалады деп ойлады. Сондықтан оған бият етті. Ахмад бен Мұсада Медине халқына бият етті. Бірақ кенет мінберге шығып, уағызын айтып: «Осы кезде сіздер маған бият еткендей, мен ағам Әли бен Мұса әр-Резаға бият еттім. Әкемнен кейін ағам имам және Алланың халифасы болып табылады. Сондықтан алла мен Алла елшісінің тарапынан  мені мен сіздер үшін Әли бен Мұса әр-Резаға бият ету уәжіп етілді»,- деді. Содан соң жиналған халық ағысының ерекшеліктері мен қадір-қасиеттерінен хабардар болды. Содан кейін жиналғандар тобы Ахмадпен бірге имам Резаның (ғ.с.) қасына барып, имамтына бият етуге дайындығын білдірді. Ахмад бен Мұса шындықты жасырмады, ол тақа адам болды. ол халыққа дұрыс жолға нұсақйтын нұрды көрсетті. Бауырының бұл ақ ниетін көріп, имам Реза (ғ.с.) ол үшін дұға жасап: «Уа, Ахмад шындықты жасырмағанын үшін Алла сені бұл дүние мен ақыретті қорламайды»,- деді.

 

Ахмад бен Мұсаның велаятты қолдауының келесі белгісі велаяттың кеңістігін қорғауы және көмектесу үшін имам Резаға (ғ.с.) қарай жылжуы болды. Имам Резаның (ғ.с.) ағарту жұмыстарының арқасында қате наным-сенімдер мен бұрмаланған ағымдар залалсыздандырылды. Халық күннен күнге шынайы Исламмен көбірек танысатын болды. Илаһи егемендік таралып, аббасилер халифаларының және заңсыз билігінің шындығы әшкереленді. Өте қу Мамун халифа мұсылмандардың ашуын азайту үшін хазірет имам Резаны (ғ.с.) тақ мұрагері етті. Ол имам Резаның (ғ.с.) қалауымен санаспай хазіретті Мединеден Тавусқа (Иранның солтүстік-шығысындағы Мешһед қаласы) көшіріп, тақ мұрагерлік таңыды. Хазірет Ахмад бен Мұса да хиджри-қамаридің 198-203 ж. аралығында бауырларының перзенттері, жақындары және 2-3 мың шиіттерімен Ирактан Тавусқа жолға шықты. Кез келген қаладан өткен сайын олардың саны көбейе берді. Кейбір тарихшылар хазірет Ахмад бен Каземнің серіктерінің саның 15 мыңға жуықтады. Олардың барлығы имам Резаны (ғ.с.) көргілері келді. 

Имам Резаның (ғ.с.) болмысы мен ғылыми және діни дейгейіне қарсы кез келген қастықты ойластырған және басқа жақтан халықтың хазіретке деген махаббатына алаңдаған Мамун имам Резаны (ғ.с.) уландырып өлтірді. Содан соң халықты алдап, аза тұтты. Сол кезде Ахмад бен Мұсаның 15 мың мұсылманмен бірге келе жатқанынан хабардар болды. Ол қорықып, бүкіл қалаларға бұл кереуенді тоқтатуды бұйырып: «Хашим әулетінің кереуенін көрген кезде, оларды тоқтатындар. Олар Мединеге қайтсын немесе өлтіріңдер»,- деді.  сөйтіп Ахмад бен Мұсаның кереуені Шираз қаласында қоршауға түседі. Сол кезде Ахмбад бен Мұса ағасы имам Резаның (ғ.с.) шәһид болғаны туралы хабарды естиді. Ол өз серіктерін жинап: «Олардың мақсаты Әли бен Абитолетің (ғ.с.) перзенттерінің қаның төгу. Қайтықысы келген немес кететін басқа жолды білетіндерін кете аласындар. Бірақ менің жиһадтан басқа жолым жоқ»,- деді. Ахмад бен Мұсаның бүкіл бауырлары мен серіктері онымен бірге қалғылары келетіндерін жариялады. Ол оларға жақсылық тілеп: «Олай болса, өздеріңді күреске дайындаңдар»,- деді. Хазірет Ахмад бен Мұса аббаси әскерімен бірнеше рет соғысты. Аббаси әскерінің  Ахмад бен Мұса және оның серіктерімен бетпе-бет келетін күші болмады. Сондықан олар айламен Ахмад бен Мұсаны өлтірді. Оның серіктері де шәһид болды немесе қашты. Бірақ кейін Иранның әртүрлі аймақтарында  Аббаси нөкерлерімен өлтірілді. Олар сондай залым әрі кекшіл болып, тіпті Шаһшырақ деп танымал болған Ахмад бен Мұсаның мәйітіне қоқыс тастап, хазіреттің пәк мәйіті бірнеше жылдан кейін табылды. Содан соң жерленіп, үстіне қасиетті кеене салынып, бұл жерлер періштелер түсіп, зияратшылар жиналатын жерге айналды.