Қажылық – пенделік уақыты (1)
(last modified Fri, 16 Jun 2023 14:08:24 GMT )
Маусым 16, 2023 20:08 Asia/Almaty
  • Қажылық – пенделік уақыты (1)

Қажылық күндері келді. Қажылық – жүрекке жылы тиетін рухани сапар. Бұл сапар басқа сапарлардан ерекше және адамды басқа жанды жаулайтын әлемге апарады.

"Ғасырлар бұрын хазірет Ибраһим ұлы Исмаил екеуі Мекке маңындағы таудың қақ ортасынан бірнеше қарапайым қара тас кесіп алып, Адам пайғамбар алғаш салған ғимараттың іргетасына қойды. Екеуі Алланың бұйрығымен Қағба деп аталатын қарапайым әрі үлкен үй салды. Қағба таухидтің символына және әлемнің жүрегіне айналды. Барлығы айналатын тұрақты нүкте. Тәңірдің дөңгеленген тәсбісі болған галактикалар сияқты... Енді көп жылдар күткеннен кейін мен қажылық сапарына аттанғалы жатырмын. Мен Ираннан әуежай залында жүрекке қонымды сезіммен кетіп бара жатырмын".

Құранды ашқанда «Хәжр» сүресінің соңғы аяттары мені осы илаһи мүмкіндікті бағалауға шақырды: «Ендеше Раббыңды пәктеп, мадақта, сәжде етушілерден бол».

Қажылық, мұсылмандар үшін Исламның ең маңызды және ұлық ғибадаттарының бірі. Алланың сүйікті Пайғамбары (с.ғ.с.) қажылықты діннің негізі мен тірегі, Құран Кәрім оны тастап кеткендерді кәпір санап, Ибраһим Халил (ғ.с.) Алладан жүректерді осы үйге бұруды сұраған.

Қажылықтың адам баласының Аллаға апаратын жолында үйренетін амалдары мен рәсімдері бар. Ол жерде  қажылар – періштелермен бірге Хақ үйін тәуап ететін періштеге ұқсас адам. Бұл жолға түскен адамның тәубе ету және түзелу ниетінен басқа ниеті болмайды. Мистиктер періштелердің қанатында жүріп, Ибраһимнің ізін көру арқылы өмір сүрудің дұрыс жолын үйренеді. Жалбарынушылар илаһи рақымдылықтың түсуін күтіп көз жасын төкті, ал Исмаил, Хажар және жетпіске жуық пайғамбарлар Исмаилді   куәлік етеді. Мұндай жолмен жүру білімді қажет ететіні анық, ал оны таныстыру білім мен қажылықтың сыры мен ілімін үйрену және аян елінің мекендері мен ерекшеліктерін білу болып.

Алланың қауіпсіз киелі жерінде тақуа және бір түсті киім киіп, сол Дананың үйін айналып, ең киелі жерлерде Оның мейірімі теңізіне батып кеткім келеді.

Қажылық кеңістігінде «Ләббеик» жүрекке ең жылы тиетін ән. Тіршіліктің қойнауынан шығып, мыңдаған пәк, Алланы іздеген жандардың тілінен сыр шертетін бұл махаббат жыры Алланың шақыруына жауап беруге рухани дайындығын білдіреді. Алла Елшісі (с.ғ.с.) миғражға бара жатқанда, оған көктегі дауыс: «Алла сені жетім тауып, паналаған жоқ па? Адасып кеткеніңді тауып, жол сілтеді емес пе?"- деді. Осы кезде Пайғамбар: « Уа, Раббым, саған жауап беремін... расында, мадақ, баталар мен патшалық сендер үшін. Сізде серіктес немесе әріптес жоқ. Мен саған жауап беремін..."

Енді біз де өзге қажылармен бірге Жаратқан Иенің үндеуіне жан-дүниеміздің түкпір-түкпірінен жауап беріп, оны серіксіз де, теңсіз де деп біліп, нығметтерін сақтауға тырысамыз.

Қасиетті Құран аяттары бойынша қажылық және оның рәсімдері мен ережелері илаһи ұлы рәсімдердің бірі болып табылады. Ал қажы қажылықтағы алғашқы амалын таухид ұранымен бастайды да, осылайша көпқұдайшылық пен оның көріністерін қабылдмайтынын айғайлайды. Сосын пәктікпен Раббысының құлшылығына мойынсұнады. Қажылық – Исламның шағын үлгісі. Алла Тағала қажы бүкіл Исламды бірден сезінуі үшін Исламды барлық жағынан бір ғибадатқа қосуды қалаған сынды. Ең қасиетті мекен Меккеде, таухидтің ең маңызды осі – Қағба орналасқан. "Мәида" сүресінің 2-ші аятында: «Әй иман келтіргендер! Алланың белгілеріне, (хаж амалдарына,) құрметті айға, құрбандықтарға, мойындарына тағылған белгілерге және Раббыларының ризалығын, ілтипатын іздеп, ардақты үйге (Кағбаға) келуші хажыларға құрметсіздік етпеңдер», - деп айтылды.

 

Ал тағы бір жерде пайғамбарынан барлығын осы көркем ғибадатқа шақыруын сұрайды: «Адамдарды хажға шақыр. Олар жаяу және көлік үстінде әрбір алыс жолдардан саған келеді» («Хаж» сүресі, 27-аят).

Қажылық – белгі, Алланың алдында мақтау жүйесінің кристалдануы, барлық исламдық діндер, соның ішінде шиіт пен сүннит және әртүрлі топтар қажылықты парыз ғибадат ретінде қарастырады және ол Исламның бес тірегінің бірі болып саналады. Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) қажылық парызын өтеген кезде қажылық парызын жариялады. «Әли-Имран» сүресінің 97-аятында да қажылық парыз және одан бет бұрған адамның күпірлік ететіні туралы айтылған. Қажылықтың маңыздылығы соншалық, егер Ислам әміршісі қажылықтың азайып, адамдардың қажылыққа қызығушылық танытпайтынын көрсе, Алланың үйі қаңырап қалмай, барлығы қажылыққа атсалысуы үшін қазынадан бір соманы жұмсап, онымен адамдарды қажылыққа жіберуі керек.

Хишам Ибн Хакам имам Садықтың (ғ.с.) былай дегенін есіне алады: «...Ешбір адам Меккеге еңбексіз және қиыншылықсыз жете алмайды». Бұрын жолдың ұзақтылығы, қолайлы да сенімді көліктің жоқтығы, жайлылық пен емдеу орындарының жоқтығы, боран мен жел, сенімсіздік пен қарулы қарақшылардың болуы... осының бәрі қажыларға қауіп төндіретін. Сондықтан қажылардың көпшілігі жолда қаза тауып, туған жеріне оралмаған. Бүгінгі таңда жайлылық пен саяхатқа қолайлы жағдай жасалған кезде және көптеген қажылар бірнеше сағаттың ішінде уахи еліне аяқ басқан кезде де, көптеген факторлар олардың саяхатын қауіпті етеді және олардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Мина трагедиясы – 2015 жылдың 24 қыркүйегінде болған және жеті мыңнан астам қажылардың шәһид болуына әкелген қазіргі замандағы қажылық рәсімі кезінде орын алған ең қанды оқиға. №204 өткелдің жабылуы мен адамдардың көптігі бұл апатқа басты себеп болды. Сондай-ақ, соңғы жылдары әлемді шарпыған өлімге әкелетін коронавирусы бүкіл әлем мұсылмандарының ұжымдық ғибадат дәстүрлеріне маңызды өзгерістер әкеліп, көптеген қажылардың бұл рухани саяхатының тоқтатылуына себеп болғанын көрдік. Дегенмен, Сауд Арабиясы жыл сайын Меккеге барып, қажылық сапарын орындағысы келетін көптеген қажыларды күтіп алады және бұл тек қажылықтың маңыздылығы мен адам баласының дамуындағы рөліне байланысты.

Қасиетті Құран Кәрімнің түсіндірмесі бойынша Қағба мен қажылық әлемге береке және хидаят әкеледі және сансыз жеке және қоғамдық пайдаға ие. Қажылықтың жеке өлшемдегі сипаттары жанның асқақтауына жетелейді және ол адамды тірілте алатын өмірдегі бетбұрыс болып саналады. Әлеуметтік өлшемде қажылықта орындалатын барлық іс-әрекеттер, мінез-құлық және рәсімдер өзара сүйіспеншіліктің, ынтымақтастықтың, басқалармен қарым-қатынас пен қарым-қатынастың белгісі. Қажылықта ислам әлемінің элиталары мен зиялылары экономикалық мәселелер мен мұсылмандардың ортақ мүдделерін талқылайтын және дұрыс жоспарлау арқылы мұсылмандарды ислам қоғамының әлеуеті мен өркендеуінен пайдалана алатын үлкен конференция өтеді. Жалпы сөзбен айтқанда, қажылық – көптеген адамдар өздерінің түрленуі мен өзгеруі үшін жасауды көздейтін және Құранның «Зарият» сүресінің 50-ші аятынан: «Алла жаққа жүгіріңдер...», - деп оқимыз.