Хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) жанұя құрған күні
(last modified Mon, 19 Jun 2023 11:41:05 GMT )
Маусым 19, 2023 17:41 Asia/Almaty
  • Хазірет Әли (ғ.с.) мен  хазірет Фатиманың (ғ.с.) жанұя құрған күні

Зилхадже айының бірінші жұлдызы – екі илаһи нұрдың қосылған күні. Хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың (ғ.с.) отбасы құрған күн. Бұл отбасы басқалар үшін үлгі болып қалыптасты.

Әрқайсысының өзіндік табиғаты мен ерекшеліктері бар екі адам өмірде  бір-бірінің қасында өмірдің қиындықтары мен қуаныштарында бірге болуға келіеді. Психологтар отбасын құру жас адамның мазасыз жанын тыныштандырады деп санайды. Үйленуден туындаған қауіпсіздіктің  арқасында адамның алдында психикалық және психологиялық тепе-теңдікке жету  жолы ашылады және бұл тепе-теңдік адамды сындарлы күштер мен әрекеттерге жетелейді. Әрине, егер үйлену сәтті және дұрыс таңдау жүзеге асырылса.

 Тұрақты қарым-қатынас пен тыныш  өмірдің маңызды факторларының бірі - түсініктер мен сенімдерді сәйкестендіру және ерлі-зайыптылардың адамгершілік құндылықтарын іс жүзінде ұстануы. Аллаға иман келтірген және пәк ерлер мен әйелдер мүмін, адал өмірлік серік таңдауға талпынады.   Алла  Тағала ең жақсы үйлену деп пәк адамдардың үйленуін атап, «Нұр» сүресінің 26-шы аятында: «Игі әйелдер игі ерлерге, игі ерлер игі әйелдерге лайық...»,- деді. Имам Әли (ғ.с.) мен оның теңдессіз әйелі Фатима-Заһхраның (ғ.с.) үйленуі махаббат пен сүйіспеншілікке  толы үйлену болды. «Рум» сүресінің 21-ші аятында: «Сендерге, оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар»,- деп айтылды.  

 

Әйел Медина көшелерінде баяу жүріп келеді. Оның  киімдері кедейлігін білдірді. Ол басқалардың көмегіне үміттеніп, Мединаның үйлерінің қасынан өтті. Сөйтіп Пайғамбардың (с.ғ.с.) үйіне жетті.  Хазіреттің үйіне көптеген әйелдердің кіріп-шығып жүргенін  көрді. Таңғалып, алға қарай  қадам басты. Адамдардың Фатима (ғ.с.) мен Әлидің (ғ.с.) үйлену тойына дайындалып жатқанан көрді. Пайғамбардың қызы бірқатар адамдармен Әлидің (ғ.с.) үйіне аттанбақ болды. Кедей әйел де өз ахуалын ұмытып, халықтың қуанышын көріп,  күлімсіді.   Сол кезде Фатима (ғ.с.) әкесінің (с.ғ.с.) үйнен шықты. Кедей адам еріксіз бірнеше қадам алға шығып, хазірет Фатиманы (ғ.с.) жақыннан көрді. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) да көзі бұл әйелге түсті. Әйел алға шығып, амандасты. Ол хазірет Фатиманың (ғ.с.)  мейірімділігі және ешбір мұқтажды үмітсіз қалдырмайтыны туралы көп естіген. Кедей әйел Пайғамбардың қызынан көмек сұрады. Хазірет Фатима (ғ.с.) ойланып, тойы үшін киген жаңа көйлегіне қарап, үйіге оралды. Қасындағы адамдар хазірет Фатиманың (ғ.с.) бұл  әрекетіне таңғалды. Бір  мезгілден кейін қолында жаңа көйлегін ұстап, хазірет Фатима (ғ.с.) үйінен шықты. Ол мейірімімен кедей әйелге қарай барып, киімді берді. Сөйтіп, Әлидің (ғ.с.) үйіне қарапайым көйлекпен кетті. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) жүрегі қуаныш пен  махаббатқа толы болды. Ол Алланың оған пендесіне қызмте етуге мүмкіндік бергеніне риза болды. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) жұбайы Әлидің (ғ.с.) алдындағы орны Пайғамбардың (с.ғ.с.) алдындағындай жоғары болды. Хазірет Әли (ғ.с.) Фатиманың (ғ.с.) әйелі  болғанын мақтан тұтты.  Хазірет Әлидің (ғ.с.) көз алдында хазірет Фатима (ғ.с.) Аллаға ғибадат ету жолындағы оның ең жақын досы болды. Алла елшісі өмірлік серігі туралы сұраған кезде, хазірет Әли (ғ.с.): «Аллаға ғибадат ету жолындағы ең жақсы досым», - деп жауап  берді.  Хазірет Фатима (ғ.с.) мен хазірет Әлидің (ғ.с.) үйлену тойы өте қарапайым түрде өтті. Үйлену тойы күні Пайғамбар (с.ғ.с.) Әлиге (ғ.с.): «Уа, Әли, Фатима сен үшін жақсы әйел. Егер ол болмағанда, сен үшін лайықты әйел табылмайтын еді», - деді. Содан  соң хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.): «Заһражан, Әли сен үшін ең жақсы жұбайы. Егер ол болмағанда, сен үшін лайықты жұбайы табылмайтын еді», - деді.

Көптеген адамдар отбасыларда даналық пен сүйіспеншілікті мейірімділіктің біріктіретін тәжірибе етті. Құран мәдениетінде отбасылық орталықта ерлі-зайыптылардың табиғи тілектерін қанағаттандыру олардың ұзақ өмір сүруіне, денсаулығына және бірлігіне әсер етеді. Осы себептен ислам ерлі-зайыптылардың тұрмыстағы мейірімі мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуді бір-біріне  деген құқығы деп бір-біріне деген құқығы деп біледі. Әйел өзінің әйел ретіндегі міндетін орындауы керек. Хазірет Фатима (ғ.с.) уәһи мектебінде тәрбиеленген. Сондықтан, ол өмірінің барлық кезеңдерінде жұбайының ең үлкен тірегі және көмекшісі болды. Хазірет  Фатима (ғ.с.) қысқа өмірінде жұбайынан артық ешнәрсе сұрамады және ешқашан оны ашуландырмады. Шын мәнінде, осы үлгілі ерлі-зайыптылардың жанашырлығы мен ортақ тілі ең таңдаулы өмірді қалыптастырған және Алла оларға адамзатты жетелейтін таза және әділ  балаларды сый етті. Адам - ​​бұл әлеуетті таланттар мен қабілеттердің жиынтығы, ал отбасын құру жасырын таланттар мен кез келген адамның ішкі қазынасының гүлденуіне қолайлы негіз бола алады. Сүйіспеншілік, өмір қажеттіліктерін қанағаттандыру, отбасын басқару,  тәуелсіздік және өзін-өзі қамтамасыз ету, кемелдікке жету және Аллаға жақындау мен адал адамдарды тәрбиелеу жанұя құру арқылы жүзеге асады. Неке адамға өзін тәуелсіз адам ретінде сезінуге, жауапкершілікті мойнына алуға себеп болады. Тұрмыс  құру арқылы хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима (ғ.с.)  жаңа жағдайда достық және табысты өмірді тәжірибе етті.

Ислам Алла елшісінің (с.ғ.с.) әулетін ең жақсы отбасының үлгісі ретінде таныстырды. Алла Тағала бұл отбасыны кез келген жамандық пен ластықтан таза сақтады.  «Ахзаб» сүресінің 33-ші аятының бір бөлімінде: «... Әй, Пайғамбардың үй-іші! Шын мәнінде Алла сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды», - деп айтылды. «Әл-Имран» сүресінің 61-ші аятында да Пайғамбар (с.ғ.с.) Әһле бейті мүшелерінің  рухани және мистикалық ұлылығы көрсетілді.  Бұл отбасы хазірет Әли (ғ.с.) мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) қызы хазірет Фатиманың (ғ.с.) отбасы. Алла елшісі оларды үмбетінің үлгісі деп атады. Әрине бұл отбасы ең жоғары қадір-қасиеттерге ие. Хазірет Фатиманың (ғ.с.)  түсінігі, руханилығы құрайыштардың үлкендері мен байларының назарын аудартты. Хазірет Фатиманы (ғ.с.) «Хор Энсие», яғни жаннат хорларының жердегі өкілі деп де атайтын. Хазірет Әли (ғ.с.) Пайғамбардың (ғ.с.) жанында исламға өмір берген ержүрек жас  жігіт.  Сүйіспеншілік пен адалдықтың үлгісі болып табылатын отбасына  Алланың сәлемі мен салауаты жаусын.