Қыр 13, 2023 16:22 Asia/Almaty
  • Хазірет Мұхаммад Мұстафа (с.ғ.с.) қайтыс болған күн

Сафар айының 28 жұлдызы әлемді иман, ғылым, әдеп нұрымен нұрландырған Алланың ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад Мұстафаның (с.ғ.с.) қайтыс болған күні.

Мәдинаны қайғы басып, оның әсері көкке жетті. Аспан түңеріп, жер бетіне аза тұтатын періштелер түсті!  Мәдина көшелерінде панасыздық пен жетімдік байқалды. Адамдар қайғыға батып, жандары үлкен апат отында жанып жатты.

Хазірет Әлидің (ғ.с.) өміріндегі ең қайғылы күндердің бірі Алла Елшісінің (с.ғ.с.) дүниеден өткен күні болды. Хазірет Әли (ғ.с.) ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) пәк денесін жуып жатып: «Өліміңмен ажалда өзіңнен басқа ешкім көрмеген жіпті кестің. Пайғамбарларды шақырып, аспаннан хабар үзудің соңы. Сіздің өліміңіз жапа шеккендерді сабырға шақырып, бәрін бірдей жоқтауда қалдырды. Сабырды әмір етіп, сабырсыздықты тыйғаны болмаса, көз жасымызды сізге жылаумен бітірер едік. Сен жоқ кездегі бұл қайғы мен мазасыздық аз, бірақ өлімді қайтару мүмкін емес және одан ешкімді құтқару мүмкін емес. Ата-анамды сақта, Раббыңның алдында бізді еске ал, жадында сақта.

Алла елшісі Мұхаммад (с.ғ.с.) рабиул-әууәл айының 17-сі күні Мекке қаласында дүниеге келген. Әкесі Абдул Мутталибтің ұлы Абдулла мен анасы Уахбтың қызы Әмина екеуі де ұлы Құрайш тайпасынан еді. 40 жасында Пайғамбар дәрежесіне жетті. Исламның ардақты пайғамбары (с.ғ.с.) жиырма үш жыл бойы талпыныс жасап, талай асулардан өтіп, илаһи хабарды жеткізу жолында Мәдина қаласында 63 жасында дүниеден өтті.

 

Ислам пайғамбарының миссиясы бүкіл адамзатты таухид нұрымен тура жолға салып, адами мәселелерді шешіп, әлемді әділдік пен руханият негізінде құру болды.

Пайғамбар надандық пен жабайылықты тоқтатып, ғылым мен иманға негізделген өркениет құруды міндеттелді. Бұл жаһандық миссиясы және оның   мұғжизасы қасиетті Құранның түсуі Хиджаз қоғамын өзгертті. Сонымен қатар, Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өмірбаянында оның бәрінен бұрын адамдарды хабардар ету үшін оқуды үйренуді сұрағанын және әкелерге перзентін оқу және жазу үйретуге насихаттағанын көреміз. Пайғамбар Мәдинаға кірген кезде халыққа сабақ беретін кісіні тағайындады.  Тіпті соғыс тұтқыны 10 мұсылман баланы оқу мен жазуға үйретсе, оны азат еткен. Басқа тұтқындар босатылғаны үшін 4000 дирхам төлеген еді. Сүйікті Ислам Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) араб мәдениеті мен интеллектуалдық білімі мен көрегендігін насихаттаудағы күш-жігері мұсылман қауымының мәдениетінде үлкен өзгерістер туғызды. Оның жемісі кейінгі ғасырларда, хижри 4-ғасырындағы тамаша өркениетте, бүкіл Ислам жерлерінде байқалды.

Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) әдісі – ол адамдарды өзіне тартып, Исламды қорғау, зұлымдықты жою және ислам қоғамындағы тәртіп пен қауіпсіздікті басқару үшін жиһад пен күрес жүргізуі болды.

Пайғамбар (с.ғ.с.) шақыруына сәйкес ресми және бейресми екі құралды пайдаланды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) заманында ақындар, құран қарилар, мешіттер, жұма намаздары және т.б. қоғамның ресми құралдары болған. Пайғамбар (с.ғ.с.) кезінде мешіттер барлық істердің орталығы болған.Бас мешіт саналатын Ән-Нәби мешітінде күнделікті намаздар оқылып, дәрістер оқылып, жұма намаздары оқылды. Пайғамбар басқа мешіттердегі миссионерлердің де діннің ақиқаттарынан хабардар болып, дауысы мен киімінің жақсы болуы керектігін қуаттады.

Пайғамбардың басқа да үгіт-насихат құралдары науқас немесе соғыс ардагерлерін зиярат етуі, кедей-кепшіктерге баруы, халық арасында аралау және бүгінгі бетпе-бет деп аталатын жоспарда бейресми деп саналды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ешқашан халыққа жоғары лауазымнан сөз айтпаған, қайта халықпен бірге араласатын және бұл толқу сол жарнамалар мен сөздердің халықтың жүрегінде орын алуына себеп болды. Бір күні ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) керуенмен келе жатыр екен. Хазірет: «Қойды тамаққа дайында». Сахабалардың бірі: «оны мен бауыздаймын» десе, екіншісі: «мен терісін сыпырып, соямын», келесісі: «мен пісіремін» деді. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с.): «Отын мен ағаш жинау даменің міндетім», - деген. Сахабалар: «Уа, Алланың елшісі, біз бармыз ғой. Cіз шаршамаңыз,"- деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): "Мен сендердің жұмыс істейтініңдерінді білемін, бірақ басқалардан артық болғанды ​​ұнатпаймын, Алла Тағала құлының сахабаларының арасындағы артықшылығына разы емес», - деді. Сосын орнынан тұрып, отын жинай бастады.   

Ұлық пайғамбар (с.ғ.с.) қыздарын тірідей көміп, әйелдерді қорлаған жабайы және надан арабтардың арасында өз иіндетін орындап, таухидтік шақыруын халыққа жеткізе білген. Жабайы тамақты жеген адамдар бір-біріне мейірім көрсетпеген, кейде екі тайпа бір үзім ет үшін бірнеше ай немесе бірнеше жыл дау-дамай жүргізген. Пайғамбар осы адамдардың арасына еніп, Ислам мазхабының қолшатырдай көтерілген моральдық-гуманитарлық жолдауларымен Ислам үмбеті ретінде барлығын өз қорғауына алды.

Исламның сүйікті елшісі Араб түбегінің халқын таухидке, дүние және ақырет бақытына бағыттау үшін философиялық дәлелдерді пайдаланбады. Ол пайғамбар болғанға дейін «Мұхаммад Әмин» аталған, адамдар оған толық сенім артатын. Құран Кәрімде Алла Елшісінің (с.ғ.с.) ең маңызды қасиеті оның жұмсақтығы мен мейірімділігі деп сипатталып, оны «ұлы жаратылыс» деп таныстырады. Ол өз миссиясын достық пен төзімділікпен іске асырды және бұл қағида адам мен қоғамды кемелдікке жетелеу және әлеуметтік реформаларда шешуші рөл атқарды. Жеке адам мен халықты құрметтеу Пайғамбардың (с.ғ.с.) билігінің негіздерінің бірі болған. Осы ерекшелігімен ол баршаны жақсылық жасауға шақырған. Бір күні ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) сахабаларымен бірге: «Әрбір мұсылманға күн сайын садақа беру парыз» дегенде, кейбір сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Мұны кім жасай алады?"-деді. Хазірет: «Адамдардың жолындағы кедергілерді жою – садақа. Наданға тура жол көрсету, ауруды зиярат ету, жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан алыстату, сұрақтарға жауап беру – садақа. Осылайша, әркім садақа бере алады», - деп жауап берді.

Бүгінде бұл ұлы тұлға ғасырлар бойы адамзат арасында болмағанымен, оның есімі күнде тілде. Оның есімі мен мінезі туралы айтылған кезде, адам үшін жаңа терезе ашылады. Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) дінінің негіздері дүниедегі тыныштық пен адам бақытына негізделген және оның нұсқауларын орындау адамзат қоғамындағы көптеген мәселелерді шеше алады. Исламның ардақты пайғамбары Ұлы және Дана Алланы таныту арқылы адамдық қадір-қасиет, адам құқығы, бостандығы туралы ең таза сөздерді жырлап, қарызды өтеу мен әділеттілікті жүзеге асыруды үлгі етті. Енді осы илаһи пайғамбардың рухына тағзым етіп жатқанда, әлем тағы да Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) тәліміне мұқтаж екенін көреміз.

Қазіргі кезде адамзат қоғамдары өз билеушілерінің нәпсіқұмарлық, ашулы тенденцияларының әсерінен ізгілік жойылып, жамандық үстемдік ететін формаға айналды. Жемқорлық, жәбірлеу және өлтіру, бір жағынан, біздің әлемнің қазіргі және өркениетті деп аталатын өмірінде ажырамас қажеттілік болып көрінеді және басқа түрдегі надандық адамзатты азапқа салды. Осы надандық пен ақымақтыққа ілескен бір топ Алла Елшісінің ұлы мұғжизасы – Құранды өртеп, мазаққа, қорлауға көшті. Хазірет адамдардың бұл хикметке толы кітапқа деген көзқарасына шыдай алмады және исламға деген ықыластың күшеюіне куә болды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) осы кітаптың тағылымымен адам өмірінің қараңғы қабаттарынан нұрға жол ашатын терезе ашып, адам баласына ақиқат жолымен, ақыл-парасатпен жүру арқылы қараңғылықтан құтылуға болатынын үйретті. Ол үнемі: «Дәлел келтіріңдер" деңдер"- дейтін.

 Исламның ардақты пайғамбарының дүниеден озған күніне барша мұсылмандарғап көңіл айтамыз.

Тегтер