Қыр 15, 2023 16:15 Asia/Almaty
  • Сафар айының соңғы күні - Имам Реза (ғ.с.) шәһид болған күн

Алла елшісі (с.ғ.с.):  «Менің тәнімнің бір бөлігі Хорасан жерінде жерленеді. Оған зиярат еткен адамның Алла қиыншылығын жояды. Оған зиярат еткен күнәһардың Алла күнәсін кешіреді».

Пайғамбардың (с.ғ.с.) бұл сөзін айтқанынан осы кезде 1242 жыл өтті. Пайғамбар (с.ғ.с.) болашақ туралы осындай хабар берген күні ешбір адам Исламмен соғысуға бел буған кәпірлерден басқа ешкім Ислам пайғамбарының ұрпағының өмірі қияды деп ойламаған болар.

Аббасидтердің жетінші халифасы Мамун тарапынан мезгіл-мезгіл имам Резаға (ғ.с.) жаңа шақыру жіберілетін. Халифа имамның Мәдинадан Хорасанға көшуін талап етті, бірақ имам әр жолы халифаның шақыруынан бас тартты. Имамның әр жолы шақырудан бас тартуы  халифаның имамды әкелу үшін екі мемлекеттік қызметкерді Мәдинаға жіберуіне себеп болды. Имамның жүзінен наразылық белгілері байқалды, бірақ бұл амалсыз сапардан қашып құтылу мүмкін болмады.

Мұның қайтып оралмайтын сапар екенін білген имам халыққа өзінің мұрагерін және өзінен кейінгі имамды таныстыруға мәжбүр болды. Сондықтан Хорасанға аттанар алдында жалғыз ұлы Имам Джавад (ғ.с.) және кейбір серіктерімен Қағбаны зиярат ету және қоштасу үшін Меккеге аттанды. Имам Реза (ғ.с.) Аллаға жалбарынып, Қағбаны тәуәп еткеннен кейін Ибраһим (ғ.с.) пайғамбардың орнында тұрып намаз оқыды. Имам Джавад (ғ.с.) ол кезде небәрі бес жаста еді, бірақ ол әкесінің тәуәп етуінен мұның қоштасу тәуәпә екенін түсінді. Исмаилдің хиджрасында мұңайып, жылап, Алламен сырласып, мұқтаждығымен бөлісетін. Енді осы әке мен бала (ғ.с.) ғасырлар бұрын Қағбаны салушылар илаһи бұйрыққа бағынған жерде тұрды. Бұл әке мен бала (ғ.с.) хазірет Ибраһим мен хазірет Исмаил (ғ.с.) сияқты екеуі де Алла Тағалаға сүйкімді болып, олардың сұрап, Алла орындамаған қалаулары болмады.  Алла Тағала  осы жерлерде  дұға жасағандардың тілегін қабыл ететінін уәде еткен. Ал енді ол әкенің дұғасы, әлде ұлдың дұғасы қабыл болды ма? Сахабалар имам Джавадтан (ғ.с.) тұруды қанша сұраса да, еш пайдасы болмады. Ол: «Алла қаламайынша тұрмаймын», – деді. Ақыры әкесі баласының қасына барып құшақтап: «Балам тұр!»- деді. Перзенті (ғ.с.): «Сіз бұл сапардан қайтпай, мен жетім қалатындай, Алланың үйімен қоштасып жатқаныңды көргенде, мен қалай дұғамды тоқтатамын», - деді. Әкесі (ғ.с.): «Балам, Алланың разылығына разы бол және әр жағдайға сабыр етіп, Аллаға шүкіршілік ет»,- деді. Содан соң әке мен бала бір-бірін құшақтап жылап, қоштасты.

Имам Реза (ғ.с.) Меккеден Мәдинаға оралып, Хорасанға аттанар алдында дауыстап жылап, атасы Алланың Елшісінің (с.ғ.с.) қасиетті қабірімен бірнеше рет қоштасты. Мәдина тұрғындарының кейбірі мұны әдеттегі сапар деп ойлады, бірақ имам оларға: «Мен ата-бабамның маңайынан кетіп, қуғында өлемін және Харун ар-Рашид Аббасидің жанына жерленемін», - деді. Ақыры имамның Мәдинадан шығуы үшін бәрі дайындалды. Имамның соңғы сәттерінде жанұясын түгел жинап: «Мен үшін жылаңдар,  маған деген зарларыңды естимін»,- деді. Ол өзінің және жанұясының бұл сапарға наразылығын білдіріп, аббасилердің қастандығынан халықты хабардар еткісі келді.

Аббаси халифалары Пайғамбар Әһли Бәйтінің ғашықтары азайып кетсін деп, үнемі қудалап, қинап отырды. Бірақ осы азаптарға қарамастан, Әһли Бәйт ғашықтарының саны күн сайын арта берді. Сол кезде аббасилердің жойылуын және халифаттың Әһл-Бәйтке қайтарылуын қалайтын көптеген топтар көтеріліс жасап, Мамун Аббаси имам Резаны (ғ.с.) тақ мұрагері етуді жоспарлаған болатын.    

Имам (ғ.с.) керуені жолға шықты. Бірақ үкімет қызметкерлеріне   имамды жақтастары аз қалалар арқылы өткізуге бұйрық берілген болатын. Шиіттер имамдары әрқашан қиын жағдайда өмір сүрді, бірақ олардың барлығы Ислам ілімдерін түсіндіруге және оны халыққа үйретуге ұмтылды. Имам Реза (ғ.с.) да бұл мәжбүрлі сапарды Пайғамбардың (с.ғ.с.) әулетін халыққа, яғни оны аз білетін адамдарға таныстыру мүмкіндігіне айналдырды. Имамның келгені туралы хабар ол жеткен әр қаладағы шәкірттерінің арасында тарады, тіпті жақын маңдағы қалалардан да оны қарсы алуға Әһли Бәйт жақтастары келді. Имам халық арасында сөз сөйлеп, Алланың дініне шақырды.

Бұл сапардағы ең маңызды оқиғалардың бірі Хорасанға жақын бір қалада, Нишабурда болды. Имамның керуені Нейшабурдан кетуге дайындалып жатқанда, көптеген хадис ғалымдары имамға келіп,  пайдалы сөз айтуын сұрады. Түйеге мінген Имам Реза (ғ.с.): «Мен әкем Мұса бин Джафардан, ол әкесінен, оның әкелері Пайғамбардан (с.ғ.с.) естіген. Пайғамбар (с.ғ.с.) былай деген «Мен Жәбірейілден естідім, ол Алла Тағаладан: «Лә илә иләһә иллаллаһ» сөзі - менің қорғаным әрі қоршауым. Сондықтан кім менің бекіністеріме және қоршауларыма кірсе, менің жазамнан аман болады» деп айтқанын естіген».

Имамның сөзі осы жерге жеткенде, үкімет қызметшілері имамның көлігін жылжытты, бірақ имам қатты дауыспен жалғастырды: «Оның шарттарымен және мен өзім де сол шарттардың бірімін». Ислам ғұламалары арасында бұл хадис  «Алтын тізбек» деген атпен белгілі, өйткені оның барлық жеткізушілері пәк имамдар және бұл тізбек ақыр соңында Алланың өзіне жетеді. "Лә илаһи иллаллаһ".... "Лә илаһи иллаллаһ".... "Лә иләһи иллаллаһ". Расында, адамдарды жазадан сақтайтын бұл қандай сөз? Бұл сөз аяқтайтын, бұл қандай азап?  

Швейцариялық психолог, психиатр және философ Карл Густав Юнг былай деді: «Маған әлемнің түкпір-түкпірінен келген науқастардың үштен екісі білімді және табысты адамдар. Өмірдің бостығы мен мәнсіздігінің үлкен азабы оларды ауыртады. Себебі, 20-ғасырдың адамзат баласы техникалық прогресс пен жаңсақтық салдарынан діннен айырылды. Ол өз жанын іздеп адасты. Дін таппайынша жұбаныш жоқ, өйткені діннің жоқтығы өмірдің мәнсіздігі мен бостығының себебі!»

Иә, мағынасыздық пен бостық – бұл материалдық дүниеде Алланы жоққа шығарушыларды азаптаған азап. Мынау шексіз дүниеде адамның жалғыз пана болатын жері – Аллаға иман келтіру және Оның жалғыздығын мойындау екенін білуіміз керек, «Алладан басқа тәңір жоқ» деген сөздің мағынасы да осында. Исламда бұл сөз таухид деп аталады, таухид діннің барлық бұйрықтарын басқарады.  "Құтқарылу үшін Аллаһтан басқа тәңір жоқ деп айт және мойында" деген сөзді Пайғамбар (с.ғ.с.) Исламның басында талай рет қайталаған. Бұл сөздің шындығына жетудің жолы қандай?

Ибраһим (ғ.с.) сүресінің 24-аятында: "(Мұхаммад с.ғ.с.) көрмейсің бе? Алла қандай мысал берді: Көркем сөз, тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді",- деп айтылды. Оның мағынасы: «Таухид сөзі – тамыры бекіп, бұтақтары көкте жатқан таза ағаш тәрізді». Бұл ағаштың шығу тегі мен тамыры Алла Елшісінің (с.ғ.с.) қасиетті болмысы болса, оның бұтақтары пәк имамдардың (ғ.с.) білімінен өсетін жемістер.

Имам Реза (ғ.с.) Нишабури ғалымдарының арасынан Алланың берік қамалына кіру үшін шарттар бар екенін қатты ескерткен кезде олар таухид ағашының сол бұтақтарын меңзеген. Тәңірлік қамалға кірудің маңызды шарттарының бірі – Алланың еркін іс жүзінде қабылдау.

Ислам пайғамбарының миссиясы оған және оның пәк мұрагерлеріне тапсырылған міндет. Демек, дүние мен ақырет бақыты мен тыныштығына жетудің жалғыз жолы – пәк имамның (ғ.с.) билігін қабылдау. Міне, біздің әлем бүгінгі таңда қабылдаудан бас тартты. Әрі күн сайын таңданудың, сандырақтың, мағынасыздықтың батпағына батып барады.                                                                                                                               

Әли бин Мұса бин Джафар (ғ.с.) – он екі имамның сегізінші имамы. Шиіттер оны «Имам Реза» деп атайды. «Реза» – Алланың разылығына әрқашан разы болғаны үшін оған Алланың берген атағы. Білімі мен өзгелерге деген сүйіспеншілігінің арқасында ол «Әләм әл-Мұхаммед (с.ғ.с.)» және «Имам Рауф» деген аттармен де танымал. Имам Әли бин Мұса бин Джафар (ғ.с.) хижраның 148 жылы Мәдинада дүниеге келген. Ал һижраның 203 жылы елу бес жасында және имамдығына жиырма жыл толғанда Мамун Аббасидің бұйрығымен Хорасанда өлтірілді.

Мамун Аббаси шәһид болған имамды (ғ.с.)  Сенабад  деп аталатын ауылда әкесі Харун Аббаси бейітінің жанына жерледі. Бірақ бүгінде сол шағын ауыл Иранның солтүстік-шығысындағы үлкен қалаға айналды. Енді осынау пәк имамның (ғ.с.) зияраты әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған мұсылмандардың зиярат ететін орны болып табылады.

 

Тегтер