Қаз 13, 2023 22:25 Asia/Almaty
  • «Әл-Ақса дауылы» - орны толмас сәтсіздік

1402 жылдың 15 мехрі (2023 ж. 7 қазан) Батыс Азияның саяси тарихында қалады. Бұл күні Палестина исламдық қарсыласу қозғалысының (ХАМАС) жауынгерлері сионистік режимге шабуыл жасап, осы жалған режим 75 жылдық тарихындағы ең ауыр жеңіліске ұшырады.

 

 

Ислам революциясының жетекшісі 18 мехр (10 қазан) күні Қарулы күштердің офицерлік жоғары оқу орындары түлектерінің бітіру рәсімінде сөйлеген сөзінде әл-Ақса дауылы туралы айтып, түсіндірді. Ислам революциясының жетекшісінің сөзінде 4 өлшем болды.

Бірінші өлшем – сионистік режим өз тарихындағы ең ауыр жеңіліске ұшырады. Заңсыз сионистік режим әрқашан өзінің Батыс Азия аймағындағы, әсіресе әскери және барлау екі өлшемінде ең күшті ойыншылардың бірі екенін көрсететін өзінің бейнесін көрсетіп келеді. Шын мәнінде, осы барлау және әскери болмыстың арқасында Құдстың басқыншы режимі өзі үшін медиа және адамдар аралық жұмсақ күш құрды. Бұл фактор кейбір елдердің сионистік режиммен қарым-қатынастарын қалыпқа келтірудің бір себебі болды, бірақ 7 қазан күні бұл сәйкестік жойылды. Сионистік режим барлау, қауіпсіздік және әскери салада үлкен күйзеліске ұшырады. Сондықтан «әл-Ақса дауылы» операциясынан кейін оның Газаға қарсы жасаған зорлық-зомбылығы мен жан-жақты шабуылдары әскери-рационалды стратегия емес, бұл үлкен сәтсіздікке ашулы реакция болды. 2023 жылдың 7 қазан күні басып алушы сионистік режимнің әскери және барлау беделі жойылды. Бұл режимнің «әл-Ақса дауылынан» кейін Газа секторына қарсы жасаған шабуылдары осы үлкен жеңілістің салмағын азайту және жоғалған сенімді қалпына келтіруді көздейді. Бірақ Ислам революциясының жетекшісінің айтуынша «мехр айының 15-і күні басып алушы сионистік режим әскери және барлау тұрғысынан да орны толмас сәтсіздікке ұшырады, барлығы сәтсіздік туралы айтты. Мен орны толмастығын атап өтемін. Мен бұл жойқын жер сілкінісі басып алу режимінің кейбір негізгі құрылымдарын қиратты деп айтамын. Ол құрылымдарды оңай қалпына келтіру мүмкін емес».

Екінші мәселе: ХАМАС-тың сионистік режимге қарсы жан-жақты әскери шабуылының екі негізгі себебі бар. Бірінші себеп сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы қылмыстарының жалғасуымен байланысты, әсіресе Беньямин Нетаньяху жаңа министрлер кабинеті қызметке кіріскеннен кейін күшейе түсті. Министрлер кабинетінің экстремистік және нәсілшіл элементтері ресми түрде нәсілшілдік ойлары, тенденцияларға ие және палестиналықтарды Палестинадан қуу керек деп санайды. Сонымен бірге олар күн сайын әл-Ақса мешітінде Палестина халқымен қақтығысады. Бұған қоса, Газа секторы 2007 жылдан бері сионистік режимнің жан-жақты қоршауында болды, бұл қоршау Газаны әлемдегі ең үлкен ашық түрмеге айналдырып, халқы үшін адами апаттарға себеп болды. Сондықтан Хамастың сионистік режимге қарсы шабуылдағы әрекеті заңды қорғаныс түрі болды және осы заңсыз режимнің әрекетінен туындады. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы: «Бұл апат сионистердің өздерінің әрекеттерінен болды. Қатыгездік пен қылмыс шектен асқанда, жауыздық шарықтау шегіне жеткенде, дауылды күту керек. Палестина халқына не істедіңдер? Палестиналықтардың ержүрек және жанқиярлық әрекетін басқыншылардың ұзақ жылдар бойы жасаған және соңғы айларда оның қарқындылығы артқан қылмыстарына жауап деп  атап, орын алып жатқан оқиғалардың кінәлісі - басып алушы режимді басқарып отырған қазіргі үкімет. Қазіргі тарихта ешбір мұсылман халқы арсыз және қатыгез сионистік режим  сынды дұшпанға тап болып, палестиналық халық сияқты қысымға, қоршауға және тапшылыққа ұшыраған емес»,- деді.

ХАМАС-тың әрекет етуінің тағы бір себебі Палестинадағы бейбітшілікке жауапты актерлердің сәтсіздігі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы, АҚШ, Еуропа және кейбір араб елдері Палестина-Израиль қақтығысында бейбітшілік орнатуға жауапты болды. Бірақ олар бейбітшілік орната алмады, сонымен қатар әл-Құдстың басып алу режимінің қылмыстарын қолдаушыларға айналды. Әрине, бейбітшілік бұзылса, соғыс басталады. ХАМАС пен оның жақтастары және жалпы Палестина халқы бейбітшілік үшін шарасыздықтан қарсыласуға, тіпті соғысқа бет бұрды. Сондықтан ХАМАС-тың сионистік режимге қарсы соңғы соғысы шетелдік субъектілердің бейбітшілік орнатудағы сәтсіздігінің нәтижесі деп айтуға болады.

Үшінші мәселе сионистік режим мен оның жақтастарының Хамас әрекетін барынша азайту әрекеті болды. Сионистік режим мен оның қолдаушылары «әл-Ақса дауылы» операциясының ұлылығына қарсы ұстанған тәсілдердің бірі осы операция мен үлкен жетістікті Иран Ислам Республикасының атынан тіркеу болып табылады. Яғни, сионистік режим мен оның кейбір жақтастары «әл-Ақса дауылы» операциясының жоспарын Иран Ислам Республикасы жасады және ХАМАС оны жүзеге асырды деп мәлімдеді. Олар ХАМАС-тың жалғыз өзі мұндай деңгейде операциялар жүргізе алмайтынын айтады. Олдардың бұлай айтуларының негізгі себебі, сионистік режим мен оның жақтастары Хамас деп аталатын топтан   емес, ИИР-ның қарулы күштері сияқты үлкен армиядан жеңіліске ұшырадық  дегісі келеді.

Ислам революциясының жетекшісі әрі Иран Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы аятолла Хаменеи  Армияның Имам Әли (ғ.с.) атындағы офицерлік жоғары оқу орыны түлектерінің бітіру рәсімінде: "Сионистік режимнің жақтастары мен осы басып алушы режимнің кейбір адамдары осы екі-үш күнде қауесет,   соның ішінде бұл қозғалыстың артында исламдық Иран тұрды деген сөздерді таратуда. Олар қателеседі. Әрине, біз Палестинаны және күресті қорғаймыз. Біз тапқыр, ақылды және батыл палестиналық басшыларды мақтан тұтамыз. Бірақ палестиналықтардың әрекетіне палестиналық еместер себепші дегендер, палестиналық халықты  білмейді, палестиналық халықты төмен бағалады. Бұл олардың қателігі; Олар бұл жерде қате есеп жасайды»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісінің сөзінің төртінші өлшемі осы оқиғада сионистік режимді қысым көргендей көрсетуге бағытталған талпыныстарды бейтараптандыру болды. Сионистік режим мен оның жақтастары ұстанған тағы бір тәсіл – өздерін мазлұм көрсету. "Әл-Ақса дауылы" операциясы бұл режим үшін өзінің заңсыз тарихында ең көп адам шығынын тудырды. Соңғы статистикалық мәліметтерге қарағанда, бұл шабуылда 1200-ден астам сионис қаза тауып, 2000-нан астам адам жараланған  және олардың көпшілігінің жағдайы нашар.  Бұл адам шығыны сионистік режим мен оның кейбір жақтастарының осы статистиканы және сондай-ақ палестиналықтардың шабуылының яһудилердің айт мейрамында жасалғанын алға тартып, залымдар бағытында әрекет етуіне себеп болды. Сионистік режимнің қылмысты режим екеніне күмән жоқ. 1948 жылдан бері сионистер Палестина жерлері мен үйлерін тартып алып, езілген Палестина халқын үйлерінен қуып жіберді. Тек 2008 жылдан бері сионистік шабуылдардың салдарынан 150 мыңнан астам палестиналық шәһид болды немесе жараланды. Алайда, бұл режим өзің мазлұм көрсетуде. Аятолла Хаменеи: "Басқыншы режим өзін мазлұм көрсетіп, зұлымдығын екі есе арттырғысы келеді. Оның мақсаты - Газаға шабуыл, халық үйлеріне шабуыл, бейбіт тұрғындарға шабуыл, газалықтарды жаппай қыру. Өзін мазлұм көрсету – қылмыстарын арттыруға  және оларды ақтауға сылтау. Бұл да қате есеп. Заңсыз режимнің басшылары мен шешім қабылдаушылары және олардың жақтастары мұның өздеріне үлкен апат әкелетінін білсін. Бұл зұлымдықтарға қайтарылатын жауаптың оларға ауыррақ соққы болатынын білсін".

 

Тегтер