Газадағы геноцид және Батыстың адамгершілікті жоғалтуы
(last modified Sun, 22 Oct 2023 14:25:54 GMT )
Қаз 22, 2023 20:25 Asia/Almaty
  • Газадағы геноцид және Батыстың адамгершілікті жоғалтуы

Нетаньяхудың нәсілшіл үкіметі Газаны толығымен қиратып, тұрғындарын көшіруге қол жеткізсе де, соғыста жеңілгені.

 

Газадағы аурухананы нысанаға алған сионистердің қылмысы және жүздеген палестиналық әйелдер, балалар, ерлер мен жастардың жан түршігерлікпен өлтірілуі тек сионистер үшін емес, Батыс үшін де әшкерелену болып табылады. Сионистік режимнің шынайы және нәсілшілдік сипаты әлемдегі барлық қоғамдық пікірге айқын.

Заңсыз Израиль редимінің нәсілшіл премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Газадағы Әл-Момадани ауруханасын бомбалаудан бір сағат бұрын X әлеуметтік желісіндегі өзінің қолданушы аккаунтында былай деп жазды: «Бұл нұр ​​балалары мен қараңғылық балаларының,  адамзат пен джунгли заңы арасындағы  шайқас». Бұған дейін Израильдің Соғыс министрі: «Біз гуманоид жануарлармен соғысып жатырмыз!» деген болатын. Осы нәсілшіл мәлімдемелердің барлығына қарамастан Америка мен Еуропа сионистік режимнің жағында болып, палестиналық әйелдер мен балалардың өлтірілуін сионистердің құқықтарын қорғау деп жариялады. Тіпті палестиналықтарға жанашырлық білдіру үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды және езілген Палестина халқына кез келген жиын мен қолдау түрмемен жазаланды. Сионистерге деген бұл орасан зор қолдау, шын мәнінде, америкалық бомбалармен Газа қоршауындағы адамдарды өлтіруде сионистердің жанында болу.

Нетаньяхудың нәсілшіл үкіметі үлкен қылмыс жасады және осы қолдаулардың аясында әл-Момадани ауруханасында жүздеген әйелдер мен баланы өлтірді. Бұл қылмыстың ауырлығы соншалық, алғашқы жаңалықтар мен суреттердің жариялануымен бүкіл әлемде сионистерге деген жиіркеніш пен ашу толқыны басталды. Израиль мен Америка және еуропалық үкіметтер елшіліктері бұл наразылықтар жиналатын орындар болды. Иорданияның астанасы Амманда адамдар сионистік режимнің елшілігін өртеп жіберді. Анкарада түрік халқы сионистік елшіліктің қабырғаларына өрмелеп, заңсыз Израиль үкіметінің елшілігін бірнеше сағат бойы басып алды. Сондай-ақ Human Rights Watch ұйымы Газадағы  ауруханада 500-ден астам адамның өлтірілуін  қылмыс деп жариялады.

Газадағы әл-Момадани ауруханасы бомбаланып, ондаған әйелдер мен балалардың өлімінен бірнеше сағат өткен соң АҚШ президенті Джо Байден Тель-Авивке келді. Guardian газетінің хабарлауынша, "әл-Ақса дауылы" операциясы басталғалы бері, «Байден Билл Клинтоннан кейінгі ең израильдік Америка президенті болды, ол Нетаньяхуды өз әрекеттеріне сендірді және қоғамдық пікірде онымен ең кішкентай келіспеушілігін көрсетпеуге тырысты". Әл-Момадани ауруханасы бомбаланып, ондаған әйелдер мен балалардың өлімінен екі күн өткен соң Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сонак те Тель-Авивке барып, елінің Израильді толық қолдайтынын мәлімдеді.  Ұлыбританиядан бұдан артық ешнәрсе күтуге болмайды.

Ұлыбритания Палестинаға заңсыз Израиль режимінің алғашқы тұқымын отырғызды. Израиль Ұлыбританияның асырап алған баласы. Израиль мен оның еуропалық және америкалық жақтастары әл-Момадани ауруханасындағы жаппай өлтіру жауапкершілігін мойнына алып қана қоймай, бұл үлкен қылмысты психологиялық соғыста палестиналық жиһадтық топтарға жатқызуға тырысты. ХАМАС-тың Газа төңірегіндегі қалаларға шабуыл жасаудағы тосын операциясынан кейін сионистер ХАМАС жауынгерлерінің қолымен балалардың басын шауып жатқан жалған суреттерді таратып, Джо Байден де осы үлкен өтірікке түсініктеме берді.  Ол  ХАМАС-тың зорлық-зомбылық сипатына сілтеме жасай отырып,   Газаға шабуыл жасау және палестиналық бейбіт тұрғындарды өлтіруді  Израильдің құқығы деп қарастырды. Бірақ Байденнің пікірінен кейін көп ұзамай Ақ үй өкілі балалардың басын кесу бейненін жалған екенін мойындады.  Тель-Авивте Байден Газадағы әл-Момадани ауруханасындағы қылмысты исламдық қарсыласу топтарымен байланыстырды. Осы арада америкалық Wall Street Journal Газадағы әл-Момадани ауруханасына шабуыл жасаған бомбаның америкалық MK-84 бомбасы екенін жариялады.

Бомба 84 MK - салмағы бір тоннаға жуық және жойғыш күші өте жоғары АҚШ жасаған көп мақсатты бомба. Сондай-ақ BBC тілшісі: "Жарылыстың көлемін ескерсек, оны Израиль зымырандарынан деп санау өте қиын",- деді.   

Газадағы ауруханаға жасалған зымырандық шабуылға гуманитарлық деп мәлімдеген Батыс үкіметтерінің жауабы адам құқығының тек ұран екенін көрсетті. Егер адам құқығы рас болса, қазір әлем Израильдің Газадағы  ауруханаға шабуыл жасағаны үшін айқайына құлақ түрер еді, бірақ олай емес, өйткені бұл үлкен өтірік. «Financial Times» газеті бірнеше аты-жөні белгісіз Батыс шенеуніктерінің Украинадағы соғыс пен басып алынған аумақтарға қатысты адам құқықтарын қолдау туралы мәлімдемелерінде Батыстың қарама-қайшылықтар мен қос стандарттарды көрсеткенін мойындағанын жазды. Бұл газет: «Дамушы елдердің көпшілігі дәстүрлі түрде Палестина ісін қолдау және оларға өз тағдырын шешу құқығын беру және сионистік режимнің ең маңызды қолдаушысы АҚШ-тың жаһандық үстемдігіне қарсы тұру көзқарасын ұстанады",- деп мәлімдеді. Financial Times газетінің Палестина мемлекетінің болуын қолдау үшін дамуды шешудегі елдердің қолдауы туралы пікірі бүгінгі әлем билігінің бір бөлігі болып табылады. Бүгінде Палестинаның езілгендерін қолдау әлемдік үрдіске айналды. Бұл тұрғыда тек батыс үкіметтерінің нәсілшіл Израиль режимін қолдаудағы көзқарасына назар аударып қана қоймаймыз. Батыстың қоғамдық пікірі өз үкіметтеріне қайшы, басып алынған Палестина жеріндегі сионистік қылмыстарға қарсы. Демонстрациялар толқыны мен әлеуметтік желілердің мазмұнына көз жүгіртсек, Батыс үкіметтерінің көзқарасына қарамастан, қоғамдық пікір басып алынған Палестина жеріндегі сионистердің нәсілшілдік сипатынан хабардар екенін көрсетеді.                                           

Бұл батыс үкіметтерінің көпшілігінің, әсіресе Германия, Франция және кейбір басқа елдердің үкіметтері Палестинаның езілген халқына жанашырлық білдіру үшін жазалау шараларын қолданғанына қарамастан, Еуропа мен Америка елдеріндегі қоғамдық пікірдің ашуын тоқтатпады, адамдар көшеге шықты. Бүгінгі таңда ешбір ел қоғамдық пікірге мән бермей, өз мақсатына жете алмайды.

Сионистер әрқашан немістердің Холокост құрбаны болып көріну арқылы Палестинаны басып алуды және палестиналықтарды ата-бабаларының жерінен қууды ақтауға тырысты. Еуропалық үкіметтер Холокосттағы еврейлердің қырылуы мен сионистерге қарсылық көрсету дәрежесіне қатысты кез келген күмәнді антисемитизм деп жариялап, сионистерді сынаушыларға жаза тағайындады. Газа халқының қырғынға ұшырауы сионистерді ғана емес, Батыс үкіметтерін де әшкере етті.  Еуропа мен Америка үкіметтерінің адам құқықтарын қорғаудағы қызыл сызығы – жалған Израиль үкіметінде билік жүргізетін сионистер. Осы себепті сионистерге кез келген қылмыс жасауға рұқсат етілген, олар Америка мен Еуропа үкіметтерінің қолдауына ие екенін біледі. Нетаньяхудың нәсілшіл үкіметі Газаны толығымен қиратып, тұрғындарын көшіруге қол жеткізсе де, соғыста жеңілді. Сионистер 75 жыл бойы палестиналықтарды толығымен қуып шығуды көздеп келді.  Бірақ олар барлық армандарын орындай алмады. Енді көшірілген палестиналықтардың екінші және үшінші буынындағы қарсылық ағымы Палестинаның алдыңғы буындарынан күштірек. Бұл ұрпақ сионистерге деген жиіркенішпен туып өсті. Олар заңсыз сионистер бар болғанша өз істерінен бас тартпайды және Палестина азаттығы жолын жалғастырады. Палестиналықтардың жаппай қырылуы сионистерге қарсы тұруға бұрынғыдан да ерік-жігерді арттырады.