Жел 25, 2023 21:47 Asia/Almaty
  • Мәдени-әлеуметтік ауызашар рәсімі  ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне тіркелді

Ауызашар (ифтар) – тамақ ішу арқылы оразаны бұзу.

 

 

Желтоқсанның 4-9 күндері Ботсвана Республикасының Касан қаласында Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 18-ші отырысы өтті.

Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 18-ші отырысында  Иран тарапынан үш бірлескен файл «Ифтар және оның әлеуметтік-мәдени рәсімі» (Әзербайжан, Түркия және Өзбекстанмен бірлескен), алтын жалату өнері (Әзербайжан, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстанмен бірлескен) және мерекені тойлау  (Тәжікстанмен бірлескен)  материалдық емес мұра тізіміне тіркеуге ұсынылды.

Бұл бағдарламада ауызашар (ифтар) мен соған байланысты әлеуметтік және мәдени рәсімдермен таныстырамыз.

Ауызашар тақырыбының  кіріспесінде былай делінген: «Осы топқа кіретін барлық елдерде ауызашарды исламды өздерінің діні деп танитын және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әр түрлі жастағы, жыныстағы, әртүрлі әлеуметтік, мәдени және білім деңгейіндегі адамдар орындайды. Ифтар ораза ұстағандардың да, ұстамайтындардың да мәдениеті мен болмысының ажырамас бөлігі болып табылады. Мұсылмандар тоғызыншы айда таң атқаннан кеш батқанға дейін ішіп-жеуден бас тартады. Оразаны ашу рәсімдері әр күннің соңында жасалады және мұсылман қоғамдарында ауыр күннен кейін қуаныш әкеледі".

Ислам сенімі бойынша, Рамазан айында жәннаттың есіктері ашылып, шайтан шынжырланады. Өйткені Алланың разылығын алу үшін аштық пен шөлге шыдау – шын мәнінде зұлым азғыруларға қарсы күрестің бір түрі. Рамазан – жылдың ең қайырлы айы әрі Құран түскен айы. Құран Кәрім Рамазан айын ғибадат айы деп таныстырып, Алла Тағала адамдарды тура жолға салу үшін Құранды түсірді. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Рамазан айы туралы: «Бұл ай – жақсылық, береке, мейірім мен кешірім айы",- деп айтқан. Бұл ай ең жақсы күндер мен түндердің бірі және оның сағаттары барлық сағаттардан жақсы. Бұл – Алла Тағала сені қонаққа шақырып, жақсылыққа кенелген ай. Бұл айда тынысың ұлық, ұйқың ғибадат, амалың қабыл, дұғаң қабыл болады. «Ифтар» – тамақ ішу арқылы оразаны бұзу. Ислам дінінде Рамазан оразасын және күні белгіленген нәзір оразасын күн батқанға дейін бұзуға тыйым салынған. Сондай-ақ, оразасы зиянды немесе ауыр болған адам оразасын бұзуы керек.

Оразаны ашу үшін әдептер айтылды, соның ішінде сол уақытта намаз оқу және Құран Кәрімнің аяттарын, әсіресе Қадір сүресін оқу. Сонымен қатар, оразаны жылы сумен, сүтпен және құрмамен ашқан жөн. Ислам дәстүрінде ауыз ашудың көптеген ізгі қасиеттері айтылады және осыған сәйкес ораза ұстаушының дұғасы, әсіресе ауыз ашар кезде қабыл болады. Әр елдегі мұсылмандар ораза ұстағандарға ауыз ашар береді. Мешхедтегі Имам Резаның (ғ.с.) кесенесі мен кейбір мешіттер сияқты кейбір қасиетті жерлерде қарапайым ауызашар дастарханы жайылады.

Ифтар – ораза ұстаушының оразасын аяқтайтын тағамы. Ал Мұхаммад пайғамбар (с.ғ.с.) «Шабания уағызы» деп аталатын рауаятында ораза ұстаған мүминге ауыз ашудың сауабын құл азат ету және күнәларды кешіру сауабымен тең санаған.

Ораза ұстау – әртүрлі елдерде әртүрлі әдет-ғұрыптармен орындалатын мұсылмандық рәсім. Бұрынғы кезде ислам елдерінде билеушілер мен адамдар ауызашар дастархандарын жайған. Фатимидтер билігі кезінде (б.з. 10-12 ғасырлар) Мысырда Дар әл-Фитра ифтар кезінде адамдарға тамақ пен тәттілер тарататын орын болған. Әл-Буйе дәуірінде (б.з. 10-11 ғғ.) Бағдадта Рамазан айының түндерінде 1000-нан астам адам қатысқан ауызашар кештері болды. Хижраның 7-ші ғасырында өмір сүрген саяхатшы Ибн Баттута Дамаскіге жасаған сапарында Рамазан айының түндерінде ешкім жалғыз ауыз ашпайтындықтан, үлкен топты ауызашарға шақырған төрелерді, қазылар мен ақсақалдар туралы айтады. Сондай-ақ, Иранда әртүрлі тарихи кезеңдерде ауыз ашу дәстүрі кең таралған. Мысалы, Ислам  революциясынан кейінгі жылдарда қасиетті орындарда, мысалы, мешіттерде қарапайым ифтар дастархандары жайылып, оған көптеген адамдар қатысқан. Ауызашар тағамдары әртүрлі. Кең таралған ифтар тағамдарының кейбірі: құрма, тұз, нан, сүт, қайнатылған су, халва түрлері, тәттілердің түрлері және т.б. Сондай-ақ Иран мен араб елдерінде золбия мен бамия, канафа және катифе сияқты кейбір тәттілермен ораза ашу жиі кездеседі.

Ежелден Иранның әртүрлі аймақтарында ауыз ашудың ерекше әдет-ғұрыптары бар. Көпшілік ауызашарды ыстық сусынмен ашса, әр аймақта арнайы тамақпен ашады. Өткен ғасырдағы Теһран тұрғындарының өмір салты туралы кейбір хабарларда ифтар тағамының әдісі мен түрлері былайша сипатталған: олар алдымен бір стақан жылы су немесе тәттілігі аз ыстық қант,  cосын  бал жұмыртқасы, халва, нан мен ірімшік, тәтті шай, кеспе сорпасы немесе арпа сорпасы, йогурт пен шпинат сорпасын ішіп-жеген. Содан кейін негізгі тағамға кезек келетін.

Ноқатпен пісірілген кофте және шами сияқты тағамдар өте танымал болды, өйткені адамдар ноқат аштықты басады деп сенген. Иранның көптеген қалалары мен ауылдарында адамдар ауызашар кезінде алдымен намаз оқиды, содан кейін жылы сумен ауыз ашады және бір-біріне Алладан оразаларының қабыл болуын тілейді. Иранның кейбір аймақтарында Рамазан айының  ұйқтамай, ғибадат жасап өтетін түндері үшін арнайы тағам әзірленіп, көршілерімен бөліседі. Сондай-ақ, ирандықтардың ифтар дастарханына майлы нан, қолдан жасалған ашытқысыз нан, құрма, ірімшік, халва және барлық тосап түрлері де қойылады.

Сондай-ақ ораза мен ауыз ашар туралы ортақ сенімдер бар. Мысалы, адамдар оразаны арпа нанымен және пиязбен, құрма және сірке суы қосылған арпа нанымен ашу оразаның сауабын арттырады деп есептейді, өйткені хазірет Әли (ғ.с.) осындай қарапайым тағамдармен оразасын ашатын. Aдамдардың айтуынша, ифтар дастарханын уақытынан сәл бұрын жайып, оның жанында отыру оразаның сауабын еселей түседі. Өйткені  ораза ұстаушылар оразасын неғұрлым тез ашса, соғұрлым періштелерді тезірек тыныштандырады. Әртүрлі ниетпен ораза ұстау Иранның мұсылман халқының мәдениетінде кең таралған және осы оразалардың әрқайсысы үшін оразаны ашу туралы әртүрлі нанымдар бар. Мысалы, Иранның кейбір аймақтарының тұрғындары арасында ифтар кезінде дастарханға қонақ болмаса, ораза қабыл болмайды деген сенім бар.

Адамдар арасындағы ифтар мен оразаның жалпы көрінісін көрсеткіміз келсе, бұл діни тәртіптің арнайы рәсімдермен араласып кеткенін айта кетуіміз керек, олар төмендегідей түйінделеді: Ораза ұстаған адамға, егер ол әлсіздікке ұшырамаса немесе бір топ адамдар оның ауыз ашарын күтіп тұрмаса, шам намазынан кейін оразасын ашуы ұсынылады. Оразасын таза және харам араласпаған тамақпен ашу керек. Дұғалардың сауабы артып, дұғаларыңыз қабыл болуы үшін халал құрмамен оразаңызды ашқаныңыз абзал. Ораза ашар кезде арнайы дұғаларды оқыңыз, мысалы: «Уа, Раббым, мен сен үшін ораза ұстадым және сенің ризығыңмен ауыз аштым және саған арқа сүйедім». Тамақты татып: «Мейірімі зор, мейірімі мәңгілік Алланың атымен, мені кешір»,- дейміз. Рауаятта: «Рамазан айының әр күнінің соңында Алла тағала мыңдаған адамды тозақ отынан азат етеді, сондықтан Алладан сені солардың қатарына қосуын сұра»,- деп айтылған. Ораза ұстағандарға ауыз ашар кезде аз ғана құрма немесе бір жұтым су болса да садақа беріп, ауыз аштыр. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) рауаятында: «Кімде-кім оразасын ашса, ораза ұстаушының сауабынан ешнәрсе кемітпей, ораза ұстаушының сауабындай болады»,- леп айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, ифтар рәсімдері мен әдет-ғұрыптарынан бөлек, Иран осы уақытқа дейін ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне 24 туындыны тіркеген. Қашандағы кілем тоқудың дәстүрлі шеберлігі, ирандық музыка қатары, та'зие, хорасан музыкасы, нақали және Ирандағы драмалық хикаялар, Наурыз, каманче жасау және ойнау өнері, палуан немесе зорхандық рәсімдер, дотар жасау және ойнау, ланж жасау білімі,  Лаваш наны, кілем жуушылар,  кілем тоқудың дәстүрлі дағдылары,   ирандық кескіндеме, Таддей шіркеуіне зиярат ету, ұлттық каллиграфия өнерін қорғау бағдарламасы, Ялда (Целе), уд жасау және ойнау өнері, түрікменнің қолөнер өнері мен жібек өсіру өнері және тоқымашылыққа арналған дәстүрлі жібек өндірісі, ғасыр мерекесі және алтын жалату өнері Иран атымен немесе басқа елдермен бірлесіп ЮНЕСКО-да тіркелген.  

 

 

 

 

Тегтер