Имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) туған күні
Алланың қонағы болатын рамазан айы ортасына жетті, илаһи періштелер қанаттарын Медине қаласының үстіне жайды, бұл түнде жұлдыздар ерекше жарқырап, Исламның ұлық пайғамбарының немересінің дүниеге келу тойына ортақ болды.
Хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) бірінші сәбиі дүниеге келді. Алла елшісі (с.ғ.с.) хазірет Әли (ғ.с.) әдемі ер баланың дүниеге келуіне қуанышты болды. Хасан бен Әли (ғ.с.) жер мен заманды велаят пен имамат әулетінің келесі жұлдызын тамашалауға шақырды.
Имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) туған күні құтты болсын!
«Хасан» яғни жақсылық, сұлулық және ізгілік. Имам Хасан (ғ.с.) бұл қадір-қасиетерге ие болды. Ол жеті жасынан асқанша Пайғамбардың (с.ғ.с.) қасында өмір сүріп, бұл кезеңде Алла елшісі махаббатының теңізінде, атасының мейірім құшағында өсіп тәрбиеленді. Пайғамбардың (с.ғ.с.) немерелері имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хусейнді (ғ.с.) ерекше жақсы көргені туралы деректерді шиіттер мен сүнниттердің көптеген көздерінде оқуға болады. Алла елшісі бұл екі немересін қатты жақсы көріп, бұл махаббатын жасырмайтын. Оларды құшақтап: «Хасан мен Хусейн жәннәт жастарының басшылары»,- дейтін. Хазірет олардан жәннәт әтірін сезінетін.
Ибн Шоһр Ашуб өзінің «Әл-Монақеб» кітабында: «Хасан бен Әли (ғ.с.) жеті жасында Пайғамбардың (с.ғ.с.) жиналыстарына қатысып, хазіретке уаһи етілген нәрселер туралы анасына айтып беретін»,- деп жазды. Имам Хасан (ғ.с.) әкесі хазірет Әли (ғ.с.) мен анасы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) сынды Жаратушының пәк пендесі болды. Ол Жаратушысымен сырласып, ғибадат жасауды жақсы көретін. Хасан бен Әли (ғ.с.) өз заманының ең сопы адам болды. Имам Хасан (ғ.с.) мешітке барған кезде, оның есігінің алдында басын аспанға қарай көтеріп: «Уа, Алла, алдында тұрған Өзіңнің қонағын. Уа, Алла күнәһәр пендең алдында тұр, Өз мейірімінмен оны кешіре гөр»,- деп сұрайтын.
Имам Хасан (ғ.с.) анасы шәһид болғаннан кейін әкесі хазірет Әли (ғ.с.) қасында зорлық-зомбылыққа толы күндерді төзді. Ол әкесінің азап-қорлығы мен халықтың шындықтан алыс болуын және дүниеқұмарлардың билікті тартып алғандарын көріп, әрқашан әкесінің серігі болды. Ол басшылық пен халифатты әкесінің құқығы деп білді. Өйткені ол Алла елшісінің Ғадир хомда хазірет Әлидің қолын ұстап, хазіретті өзінің бауыры, өзінің орынбасары және тауһидтің туын көтерушісі деп жариялағаны және мыңдаған адамның әкесіне бият еткені туралы білетін. Имам Хасан (ғ.с.) әкесі шәһид болған соң, келісімді бұзу қиянат пен қастықтардың қиындықтарын көрді, бірақ ыза мен кектің орнына сабыр сақтап, табандылық білдірді. Ирандық зерттеуші әрі Ислам тарихының үздік зерттеушісі Мұхаммад Хосейн Раджаби Давани: «Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) кезеңі – Ислам тарихының ең ауыр әрі ең ащы кезеңі. Хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болғаннан кейінгі кезең Куфе халқының қиянаттарымен (ғ.с.) бетпе-бет келіп, соңында имам Әли шәһид болды»,- деп жазды. Хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болған соң халық имам Хасанның (ғ.с.) басшы болғанын қалады. Имам басында имаматты қабылдағысы келмеді, бірақ халықтың талабымен міндетті өз мойынына алды.
Имам Хасан бен Әли (ғ.с.) бұл кезеңде Шамды билеген Муавиенің қарсылықтары және қастандықтарымен кезікті. Қарсылықтар соғысқа жеткізіп, Хасан Моджтаба (ғ.с.) әскер дайындады. Бірақ, ислам қоғамының жағдайы имамның соғыс пен әскери әрекеттерден бас тартуына себеп болды. Муавие имамға бейбітшілік келісіміне келуді ұсынды. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) қырағылығымен келешек туралы ойлап, ұсынысты қабылдады. Маңызды факторлар имам Хасанның (ғ.с.) бейбітшілікті таңдауына себеп болды. Доктор Раджаби Давани бұл туралы: "Негізінде имам өз шешімімен Муавиені өз мақсаттарына жеткізбеді. Ол имам Хасан (ғ.с.) бейбітшілік келісімді қабылдамай, соғысқа шығады, сол кезде оның бауыры имам Хусейн (ғ.с.) да оның қасынан табылып, ол екі имамды соғыста өлтіре алады деп ойлады. Ол сөйтіп Ислам негіздері мен Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінен құтылады деп ойлады. Имам Хасанның (ғ.с.) бейбітшілік келісімді қабылдауымен оның сұм мақсаттары іске асырылмады",- деп жазды.
Имам Хасан (ғ.с.) үкіметтен шеттеген соң келісімді бұзған халыққа теріс қарамай, оның қасында қалып, адамдарға мейірімін білдірді. Үйінің есігі халықтың алдында ашық болып, адамдар имам Хасанмен (ғ.с.) дастарханның басында бірге отырып, тамақтанатын. Имам Хасанның (ғ.с.) кешірімділігі мен қайырымдылығы халық арасында кеңінен таралып, имам өзінің бұл әдемі қадір-қасиетімен халық арасында танымал болды. Имам өте қарапайым адам болды. Имам Хасан (ғ.с.)-ның кедейлермен дастархан басына отырып, оларды құрметтегені туралы көптеген хикая бар. Хазіреттің Алланың пенделерінің алдындағы қарапайымдылығы оның ахлағының қасиетерінің бірі болып, оның ғамалдары баршаны келіссөздер мен ымыраға шақыратын. Хазірет осы құралымен исламдық қоғамды жан-жағынан шырмаған көптеген қиындықтарға қарсы тұрып, Ислам мен ислам үмбетін күнделікті қылмыстардан қорғап, дұшпандарға дінді билеуге, мұсылмандардың исламдық болмысын жоюға рұқсат етпеді. Достары мен жақтастары үшін ең жақсы үлгі бола алатын имам Хасан (ғ.с.)-ның ең айқын ерекшелігі қ айырымы мен басқаларға көмектесуі болды. Ол баршаны өзіне жақын санап, мұқтаж адамның мәселесін шешуге көмектесетін. Хазіреттің батылдығы мен қайырымы тарихта тіркелді. Рауаяттардың бірінде имам Хасан (ғ.с.)-ның ешбір мұқтаждың сұрағын жауапсыз қалдырмағаны туралы айтылды.
Бір ер адам имам Хасанның (ғ.с.) қасына келіп: "Нығметтерді өзіңе сый еткен Алланың атымен мені жасымды құрметтемейтін дұшпаннан құтқаруынды сұраймын",- деді. Шынтақтап жатқан имам, көтерліп отырып: "Төрелік ететін дұшпаңың кім?"- деп сұарды. Ер адам: "Кедейшілік",- деп жауап берді. Сол кезде имам қызметшісіне: "Қолыңда бар әр нәрсені дайыңда",- деді. Қызметшісі барып, бес мың дерхам әкеліп берді. Имам барлық ақшаны кедей адамға беруді бұйырды. Имам Хасан (ғ.с.) қаржы көмектерінен басқа сан рет басқалардың зорлық-зомбылығын да кешіретін. Рауаяттардың бірінде имам Хасан (ғ.с.) үйіне көршілес еврей отбасы өмір сүргені туралы айтылды. Бұл еврейдің үйінің қабырғасы жарылып, оның үйінің нәжістері имамның үйіне кіретін болды. Еврей ер адам бұл мәселеден хабардар болды. Бірақ қабырғасын дұрыстауға кіріспеді. Көп ұзамай оның әйелі бір ісімен имамның үйіне барып, қабырғаның жарығынан көршісінің үйінің қабырғасының нәжіс болғанын көреді. Ол сол сәтте жұбайына наразылығын білдіріп, оны имамның үйіне жіберді. Еврей ер адам имамнан кешірім сұрады және имамның бұл кезеңде еш нәрсе демегегіне ұялғаны туралы айтты. Имам Хасан (ғ.с.) көршісін одан сайын ұялтпас үшін: "Атам Пайғамбардан (с.ғ.с.) көршіне мейірімді бол дегенін естігем",- деді. Еврей хазіретті бұл қадір-қасиетін көріп, үйіне оралып, әйелі мен балаларын имамның үйіне ертіп әкеліп, олардан Ислам дінің қабылдауды сұрады.
Исламның ұлық пайғамбарының немересі имам Хасан Моджтабаның (ғ.с.) туған күні құтты болсын!