Шәһид болған президент
(last modified Mon, 27 May 2024 12:38:47 GMT )
Maм 27, 2024 18:38 Asia/Almaty
  • Шәһид болған президент

19 мамыр түні қандай таңқаларлық және ауыр түн, әкесінен айырылған түн сияқты қиын, барлығы дерлік не болғанын білді. Бірақ сенгіміз келмеді. 1368 жылдың хордад айын (1989 жылғы маусым)  есімізге түсірдік. Имам Хомейнидің денсаулығы үшін дұға етіңдер деп айтылды. Адамдар мешіттерде, алаңлар мен көшелерде, тіпті үйлерінде қолдарын көтеріп дұға етті, бірақ таң ата барша қара жамылды.

 

Бұл жолы осы қара түннің соңы сол түндей болмаса екен деп тіледік. Сейіт Ибрахим Раисиді таң ата теледидардан шығып, жұртты жұбатып тұрған жағдайда аман-есен көргіміз келді. Біз «ол соншалықты кішіпейіл, ол бізді алаңдатқан бірнеше сағат үшін елден кешірім сұрайды» дедік. Бірақ кешірім сұрауды Қияметке қалдырды.    Қиямет күні құлдарының жауапсыз қалған дұғалары үшін кешірім сұрап, жұбататын мейірім Аллаға қалдырды.

Уа, Алла бұл халықтың әкелерінің саулығын тілеуі бірінші рет емес, бірақ Сіздің ойлағаныңыз басқа нәрсе.. .

Біз имамнан және революциямыздың негізін қалаушыдан айырылдық, бәрі одан кейін революциямызды да жоғалтамыз деп ойлады. Ол кеткенде жауларымыз қуанып қалды. Бірақ біз сіздің разылығыңызға разымыз. Біз сабақтарымызды үлгі етіп, осы алтын мысалдарға сүйене отырып, талай рет "Исламдық Иран күшті және берік болсын" деп жаздык. Біз туды көп жылдар бұрын қастандықтан аман қалған имам Хаменеиге тапсырдық.  Дәл сол жылдары Иран революциясы көп азаматтарынан айырылды.

Бұл 1360 (1981) жылы Мұнафеқин лаңкестік тобы сыртқы дұшпандардың қолдауымен Иранның мемлекет қайраткерлеріне қастандық жасап, сот жүйесінің бірінші басшысы Аятолла Бехешти, Иранның екінші президенті Раджаиді және Ислам кеңесінің жетпіс екі өкілін шәһид етті. Иранның көптеген бейкүнә халқымен бірге екіжүзділер қолынан шәһид болды. Осы жылы Иранның көптеген басқа жазықсыз адамдары  Мұнафеқин лаңкестік тобы қолынан қаза болды.

Иран Ислам Республикасы Сот жүйесінің бірінші басшысы аятолла сейіт Мұхаммад Хұсейн Бехешти шәһид болмас алдындағы соңғы сөзінде: «Отарлаушыларға халқымыздың тағдырымен  ойнауына жол бермеуіміз керек. Мектепке адал, халықтың тағдырымен ойнамайтындарды сайлауға тырысуымыз керек  ",- деді.

Шәһид Бехешти адамдардың өз тағдырын өз қолына алуы үшін   халыққа қызмет етуді жақсы көретін адамдар істің басында болуы керек деп санаған. Ол ИИР-ның басқару қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін кадрлар құру мақсатында арнайы оқу курсын ұйымдастырды және ел басқаруға лайықты деп санаған шектеулі студенттерді таңдады. Осы таңдалғандардың ішінде соңғы түнің (20 мамырға қараған түн) Шығыс Әзірбайжанның Варзеган аймағының өтпейтін тауларында жаңбыр мен минус 16 градус аязда өткізген және халқы оның және қасындағыларының амандығы үшін түнді дүға жасаумен өткізген Сейед Ибрахим Раиси әл-Садати  болды. 

Сейед Ибрахим Раиси Иран Ислам революциясы жеңіске жеткен кезде 18 жасынан бастап осы жолда болды. Ғұламалардың бірінің шақыруымен Сүлеймен мешітіне мәдени жұмыстарға барады. Ол Карадж (Иран астанасы маңындағы) қаласының прокуроры болып сайланғанда жиырма жаста еді және осы қаланың істерін ұйымдастырудағы табысы оның бір мезгілде Хамедан прокуратурасының басшысы тағайындалуына себеп болды.

1988  жылы имам Хомейни (р.а.) имам Хомейнидің (р.а.) ерекше назарына ие болды және Ислам революциясының негізін қалаушыдан кейбір облыстардағы, соның ішінде Лорестан, Керманшах және Семнандағы сот мәселелерімен айналысу туралы арнайы және тікелей бұйрықтар алды.  Хазірет Имам (р.а.) қайтыс болғаннан кейін Раиси көптеген жауапкершіліктерді мойнына алды. Теһран прокуратурасынан, елдің жалпы тексеру ұйымының басшысы және арнайы діни соттың бас прокурорынан  Құдс Разави (ғ.с.) әкімшілігі мен сот билігінің орынбасары мен басшысына дейін.

Осы жылдар ішінде ұстазы шәһид Бехешти сияқты ол тек халыққа қызмет етуді ойлап, кез келген у-шудан аулақ әрекет етті. Оның прагматизмі мен қызметке деген құштарлығы Иран Ислам Республикасының президенті болған соңғы екі жарым жыл ішінде үлкен істерге қол жеткізді. Өзгелер тек сөзбен айтқан жобаларды ол бар күшімен іске қосып, басқалар жасай алмаған істерді аяқтады. Бүгін сол ауыр түннен кейін Иран революциясының жетекшісі имам Хаменеи өз жолдауында: «Құрметті Раиси шаршауды білмеді, бұл ащы оқиғада Иран елі адал, шынайы және құнды қызметшісінен айырылды. Ол үшін Алланың разылығын білдіретін халықтың әл-ауқаты мен разылығы бәрінен де артық болғандықтан, кейбір қара ниеттердің  мазақтарынан болған реніштері оның істерін жақсарту   үшін күндіз-түні жұмыс істеуіне кедергі бола алмады.

Сейед Ибрахим Раиси – Иранның шәһид болған екінші президенті. Иранның тұңғыш шәһид президенті Мұхаммад Әли Раджаи болды, ол да халыққа қызмет ету үшін күндіз-түні еңбек етті. Бұл екі шейіт қаншалықты ұқсас. Адалдық, тазалық, діндарлық екеуінің де кісілік қасиеттерінің бірі болған, оның үстіне қолдарынан келгенін халық игілігіне жұмсаған. Бұл екі шәһидтің президенттік кезеңі аяқталмаса да, екеуі де халыққа жақсы қызметтер көрсетіп, халықпен жақсы қарым-қатынаста бола білді. Раиси Мешхедте дүниеге келген, бес жасында әкесінен айырылған. Сол кезден-ақ ол барша ирандықтар өз елінің иесі санайтын, барлық мәселеде одан пана іздейтін нұрлы   мейірімді әкені сезінді. Сол кезден бастап оның жүрегінде имам Резаға (ғ.с.) деген махаббат пайда болды. 2015 жылы елу бес жасында шиіттердің сегізінші имамы имам Резаның (ғ.с.) қасиетті орталығының ресми түрде қорғаушы болып тағайындалды. Жеке өмірінде ол әрқашан имам Резаға (ғ.с.) жақын болды. Дәл сол жылдары ол Мешхед халқына және хазірет зияратшыларына қызмет етуге талпынып,  «Әр-Реза қызметшісі» деген атқа ие болды.

Сейед Ибрахим Раиси, президенттік  міндеттеріне қарамастан, имам Реза мен оның зияратшыларына қызмет етуден бас тартқан жоқ және ол жылдар бойы адал қызмет еткенінін сыйын имамынан алған күнге дейін зияраттағы күзет ауысымына қатысып тұратын. Имамының (ғ.с.) туған күні түні ол көптен бергі арманына қол жеткізді.

Алты жыл бұрын Иранның  Құдс күштерінің қолбасшысы генерал Қасым Сүлеймани Мешхедке барып, Ибрахим Раиси оны имамның  (ғ.с.) кесенесіне шаң  сүртуге шақырған болатын. Сейед Ибрахим Раиси: «Қажы Қасым сол күні шаң-тозаңды кетіру үшін Хазіреті Резаның қабіріне кіріп, шәһидтігін сол жерде алған кезде өзгерді. Бұл біздің де үлесіміз болғанын қалаймын».  Реза соңғы сәтке дейін президенттің қызметшісі болды және қызмет ету үшін өмірін қиды. Ол тілегіне жетті, бірақ тілегіміз әлі де бар. Қажы Қасым сол күні шаң-тозаңды кетіру үшін Хазірет Резаның (ғ.с.) нұрлы төсегіне кіріп, шәһидтігін сол жерде алған кезде өзгерді. Бұл біздің де үлесіміз болғанын қалаймын». Реза соңғы сәтке дейін президенттің қызметшісі болды және қызмет ету үшін өмірін қиды. Ол тілегіне жетті, біздің де тілегіміз әлі де бар