Имам Джавадтың (ғ.с.) өміріндегі Құран аяттарының көрінісі
(last modified Thu, 06 Jun 2024 14:32:44 GMT )
Маусым 06, 2024 20:32 Asia/Almaty
  • Имам Джавадтың (ғ.с.) өміріндегі Құран аяттарының көрінісі

Имам Джавадтың (ғ.с.) шәһид болған күнінде әлем мұсылмандарына көңіл айтамыз.

Зиқаеде айының соңғы күні Исламның ұлық пайғамбары ұрпағынан шыққан имам Джавадтың (ғ.с.) шәһид болған күні. Хиджри-қамаридің 220 жылының зиқаеде айының соңғы күні имам Джавад (ғ.с.) шәһид болып, ислам әлемі уайым-қайғыға батты. Имам Джавад (ғ.с.) дүниеге келген күні әкесі имам Реза (ғ.с.) сәбиін құшақтап, оның шәһид болатынын хабарлады. Имам Реза (ғ.с.): «Менің бұл перзентім азаппен өлтіріледі. Аспандағылар ол үшін жылап, Алла Тағала оның дұшпандарына ызаланады. Оны өлтірген адам өмірдің қызығын көрмейді және илаһи азаппен бетпе-бет келеді»,- деді.  

Имам Джавадтың (ғ.с.) шәһид болған күнінде әлем мұсылмандарына көңіл айтамыз.

Имам Джавад  (ғ.с.) көптеген қадір-қасиеттерге ие теңдессіз тұлға. Ол Алламмен халықты шындық пен тауһидке нұсқау үшін сайланған адам. Имам Джавад (ғс.) өзің қысқа имаматы кезінде сөзі және амалымен мүміндердің жүректерінде орын тапты. Имам Құран аяттарының көрінісі болды, өйткені хазіретҚұар аяттары мен тағылымдарын өмірінің үлгісі етті. Имам Джавад (ғ.с.) басқа пәк имамдар (ғ.с.) сынды Құран тәпсіріші болып, оны бұрмаланудан қорғап, адамдарды бұл қасиетті кітаптың негіздері бойынша тәрбиелеуді қуаттады. Негізінде Пайғамбар әулетінің адамдары илаһи ғылым мен білімнің мұрагерлері, олар Құранның тілін білетін. Сондықтан  олардың ауызынан Алланың сөзін есту жүрекке ерекше қонымды болды.  Хазірет илаһи аяттар қоғамда таралып, барлық мұсылмандар амалы мен сөзі, күнделікті дәлелдерінде Құранды пайдаланулары керек деп санады. Хазірет адами және ахлақи қадір-қасиеттерімен өз заманының жақсыларының көшбасшысы болды. Тақуалығы, білімі және жомарттылығы имамның «Джавад», «Тақи», «Мұртаза» деген лақаб аттарына ие болуына себеп болды. Қасем бен Мохсен: «Меккеге сапарға шыққан жолымда әлсіз адамды көрдім. Ол менен сұрау сұрады. Мен оған бір үзім нан бердім, содан соң жолымды жалғастырдым. Жолда жел көтеріліп, басымдағы сәлдемді ұшырып әкетті. Мен айналама қарап, қай жаққа ұшіп кетенін түсінбедім. Мединеге оралған соң имам Джавадтың (ғ.с.) қасына бардым. Имам маған: «Уа, Қасем! Жолда сәлденді шел ұшырып әкетті ме?»- деді. Мен: «Иә»,- дедім. Имам қызмтешісіне: «Қасемнің сәлдесін әкеліп бер»,- деді. Қызметшісі тура менікіндей сәлдені әкеліп береді. Мен таңғалып: «Уа, Алла елшісінің перзенті. Бұл сәлде сіздің қолыңызға қалай түсті?»- деп сұрадым. Имам: «Сен өз жолында садақа бердін, Алла Тағала оны қабыл етіп, сәлдеңді өзіңе қайтарды»,- деді. Имам Джавад (ғ.с.) сөзінің жалғасында келесі аятты оқыды: «Алла Тағала жақсылардың сауабын сөзсіз ысырап етпейді».

Имам Джавад (ғ.с.): «Екі адам кездескен кезде. Олардың әдептілеуі Алланың алдында жақсылауы»,- деген.  Имамнан:  «Уа, Алла елшісінің перзенті, екі адамның халықтың алдында жақсылау болуын түсіндік, ал Алланың алдында жақсылау болуы деген не?» - деп сұраған кезде: «Құранды Алланың тарапынан түсіріліген түрде оқу және біздің сөздерімізді біз айтқандай халыққа жеткізу»,- деп жауап берді.

Бір адам экономикалық мәселесін шешу туралы ойланып, түсі мен тыныштығынан айырылады. Әйелі мен баласы оған қарап, олардың алдында қатты ұялды. Ол қолына қалам алып, Алланың мақрұм пенделерінің сенімді панажайы болған имамына өмірі және азығы жоқ дастарханы туралы хат жазды. Имам Джавад (ғ.с.): «Құраннан көмек алып, «Нұх» сүресін үнемі оқы, өйткені Құран оқып, Алланың сөзін тіл және жүрекпен қайталайсын. Сырың мен қиындықтарың туралы тек әлемнің Жаратушысымен бөліс»,- деп жауап берді.

Құран Кәрім «Әл Имран» сүресінің 134-ші аятында жақсылық жасушыларды: «Олар кеңшілікте, таршылықта Алла жолында мал сарып қылғандар. Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Алла Тағала жақсылық істеушілерді сүйеді»,- деп сипаттайды.   

Жомарттық пен кешірімділік барлық пәк имамдардың, олардың ішінде  имам Джавадтың (ғ.с.) қадір-қасиеттерінің бірі болды. Ахмад бен Хадид: «Топпен Меккеге қажылыққа кетіп бара жатқан кезімізде, қарақщылар жолымызды жауып, мүліктерімізді алып кеті. Мединеге жеткен кезімізде көшеде имам Джаадты (ғ.с.) көріп, хазіреттің үйіне барып, жолдағы оқиға туралы  айтып бердім. Имам маған ақша мен киім әкеліп беруді бұйырып: «Ақшаны қарақшылар әкеткен мөлшерде жолда бірге келген адамдарға бөліп бер»,- деді. Ақша бөліп берген соң имамның берген ақшасының дәл ұрылар әкеткен мөлшерде болағын түсіндім»,- деп есіне алатын.

Жомарттық пен кешірімділік достар мен дұшпандарды қызықтырып, достардың артуы мен дұшпандар санының азаюына әкеледі. Құран Кәрімнің «Фуссиләт» сүресінің 34-35-ші аяттарында: «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл). Сол уақытта сені мен екеуің араңда дұшпандық болған біреу, өте жақын достай болып кетеді. Бұл қасиет; сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ бұл сипатқа зор несібелілер ғана ие бола алады»,- деп айтылды. Имам Джавад (ғ.с.): «Жомарттылықтың зейнеті – адалдық, амалдың зейнеті – жақсылық жасау және мәндетсінбеу»,- деген болатын. «Әй мүміндер! Аллаға, ақирет күніне сенбей, адамдарға көрсету үшін мал сарып қылған кісідей, садақаларыңды міндет қылу, ренжітумен жоймаңдар». («Бақаре» сүресі, 264-ші аят).

Қарапайым өмір сүру - тақуалықтың жеке және әлеуметтік өмірдегі әсерінің бірі. Пайғамбарлар мен әулиелер өз өмірлерінде екі мәселеге ерекше көңіл бөлді. Біріншіден, өмірлерінің беғсат пен имаматқа дейінгі және одан кейінгі кезеңдерде айырмашылығының болмауына. Екіншіден,  Олардың рухани билігінің рухтардың өзгеруіне себеп болмауы және олардың амалдарының бірдей әрі сабақ беретіндей болуына.  Хасан Макари: «Хазірет Джавад (ғ.с.) Бағдадта болған кезде. Халифаның қасында сән-салтанатта өмір сүрді.   Мен өз алдыма енді имам Джавад (ғ.с.) Мединеге қайтпайды деп ойладым. Сол кезде хазіретті көрдім, ол: «Уа, Хасан! Алла елшісінің кесенесінің қасында нан мен тұз  жегенім,  бұл жердегі өмірімнен артығырақ»,- деді. Әрине имамдардың қарапайым өмір сүруі бұл дүниеге теріс қарау емес. Қарапайым өмір сүру яғни бұл дүниенің жылтырының тұтқынына түспеу, ғибадат жасап, Аллаға жақындау туралы ойлау болып табылады.

Мотасам Аббаси билік басында жеткен кезде, имам Джавадтың (ғ.с.) қадір-қасиеттеріне қызғаныш білдіріп, хазіретті Мединеден Бағдадқа алдырды. Хазірет Бағдадқа келген кезде, Мотасам имамды өз билігі үшін қауіп-қатер деп тауып, хазіреттің әйеліне у берді. Ол оны жүзімге қосып  беріп, у денеге таралып, имам шәһид болды.  

Әлемнің барша мұсылмандарына имам Джавадтың (ғ.с.) шәһид болған күніне байланысты көңіл айтамыз.