Жетекшіліктің жарық жұлдызы
(last modified Sat, 22 Jun 2024 12:51:14 GMT )
Маусым 22, 2024 18:51 Asia/Almaty
  • Жетекшіліктің жарық жұлдызы

Имам Һади қамари жыл санағы бойынша зулхиджа айының 15 күні таң әлетінде Мединенің маңындағы Сарийа деген ауылда жарқыраған болмысы жәһілдік қараңғылығы мен имансыздыққа жарық сыйлауы үшін дүниеге келді. Сәби аз уақыт ішінде ислам дінінің мен мақтанышына айналды.

 

Бүгін – исламның ардақты пайғамбары ұрпақтарының бірінің туған күні. Зулхиджа айының он бесі – имам Һадидің туған күні. Алла әулиелерінің туған күндері жақсылық және берекемен қатар жүреді. Бұл күні құрметті достарға Алладан бақыт тілеп, имам Һадидің туған күнімен құттықтаймыз.

Имам һади ұлы әкесі имам Джавад қайтыс болған соң мұсылмандарға жетекшілік ету жауапкершілігін 33 жыл бойы атқарды. Имам Һадидің заманында ислам қоғамы келеңсіз жағдайды бастан өткеріп жатты. Ислам әлемнің географиялық шекаралары кеңейіп, басқа халықтардың ой-пікірлері ислам қоғамына еніп, әртүрлі мазһабтар мен түрлі идеологиялық мектептер қалыптасты. Сол мазһабтардың әрқайсысы өздеріне тән ақидалар мен сенімдерді таратты. Салдарынан исламның әртүрлі топтары мен мазһабтары арасында алауыздықтар мен қақтығыстар пайда болды.

Аббаси билеушілерінің мазһабқа қатысты саясаты мен олардың кейбір топтар мен мазһабтық ағымдарды жақтауы алауыздықтарды ушықтыра түсті. Кек, күмән, фанатизм, мазһабтық түсініспеушілік пен дұшпандық күшейіп, соңында барлығы ислам қоғамы үшін зиянмен аяқталды.

Имам һади Алла елшісінің сүннеттеріне толығымен табандылық танытып, мұсылмандардың бірігуіне ерекше күш салды.

Ислам үмбетінің бірлігі Алла елшісі қуаттаған негіздер мен құндылықтардың бірі болды. Хазіреттің көзқарасы бойынша мұсылмандардың ғиззаты мен айбыны ортақ дұшпандар алдындағы бірлік пен ынтымақтастық аясында жүзеге асады.

Имам Һади мұсылмандардың арасында бірлікті сақтап, ынтымақтастық қалыптастыру үшін әртүрлі шешім жолдары мен тәсілдер ұстанды. Ол хазіреттің маңызды шешім жолдарының бірі ортақ негіздерді қуаттауы болды.

Имам һади мұсылмандардың өмірлеріндегі екі ортақ негіз ретінде Құран мен пайғамбардың сүннетіне көңіл аударып, көп жағдайларда соларға сілтеме жасады.

Хазірет мұсылмандардың алауыздықтарына қатысты жазған хатында: "Зерттеулер исламның барлық үмбеті Құран хақ және онда күмән жоқ деген мәселе бойынша ортақ пікірге ие екенін көрсетеді. Құран бір рауаятқа шаһадат еткен кезде ислам үмбеті сол рауаятты мойындауы керек. Себебі, барша Құранның дұрыстығының негізіне қатысты ортақ пікірге ие болғанда бір топтың сол негізден шығуы ислам үмбетінен шығу дегенді білдіреді",- деді. Сол себепті, имамның сөзіне сәйкес, мұсылмандардың ешқайсы Құранның негізіне қатысты күдіктенбейді. Егер Құран бір хабарды қуаттаса, мұсылмандардың барлығы оны қабылдауы керек.

Имам Һади кейбір мазһабтық және шиіттерге тән істерде де пайғамбардың тәсілі мен сүннетін мизан етіп алды. Мысалы, хазірет науқастанып қалғанда шиіттердің үлкен тұлғасы Әбу Һашем Джафариден өзінің жазылуы үшін дұға тілесін деп, достары мен пайғамбар әулетінен бір адамды Кербалаға жіберуді сұрайды.  

Әбу Һашем Әли Бен Балал деген бір адамды осы іске жауапты етіп тағайындайды. Ол "Имам Һадидің өзі имам Хосейн сияқты имам. Ол хазіреттің өз дұғасы тезірек орындалады",- дейді.  

Әбу Һашем бұл хабарды имам Һадиге жеткізгенде имам оған жауап беріп: "Пайғамбар Алланың үйі мен Хаджар ал-Асвадтан жоғары болған. Бірақ, Алланың үйін тәуәп етіп, Хаджар ал-Асвадқа қол тиізетін",- дейді.

Ұлы Құдай жерде сол мекендерге ғибадат жасалғанын қалайтын зиярат орындары мен аймақтар бар. Сол мекендерде Құдай адамдардың сұраған тілектерін орындайды. Имам Хосейннің қабірі – мекендердің бірі.

Тағие – шиіт имамдарының мәдени және әлеуметтік салалардағы маңызды құралдарының бірі. Әсіресе, имам Хосейн шәһид болғаннан кейін маңыздылығы арта түсті. Имам Һадидің заманында халифат билігінің шиіттер мен пайғамбар әулетіне шектен тыс қысым жасауы тынысты тарылтатын кеңістік орнатуы "тағиеге" көбірек көңіл аударуға себеп болды.

Кейбір шиіттер өз сенімдерін жасырумен қатар кейде өз сенімдеріне қайшы сенімдерді айтуға мәжбүр болған. Сондай жағдайлардың бірінде шиіттердің бірі өзінің сенімдеріне қайшы сөз сөйлеуге мәжбүр болады. Ол хазіреттен сол туралы сұрағанда имам Һади оның әрекетін растап, оның өзімен жұмақтың жоғары орнында болатынын хабарлап, оны Құдайдың жақсы сенімі үшін беретін сыйы деп атаған.

Бір рауаятта имам Һади "тағиені" тастауды намазды тастаумен бірдей  санаған.

Құран Кәрімде дұға маңызды орынға ие. Ол мүміннің қаруы, діннің негізі.

Дұға – сұраушыдан ісін жүзеге асыруды талап еткен сөйлем күйінде айтылатын тілек.

Имам Һади дұғаға ерекше көңіл бөліп, оны діни мазмұндар мен түсініктерді тарату үшін пайдаланды. Шын мәнінде, хазірет имам Саджадтың тәсілімен пайғамбар әулетінің орнын құрметтеу мен қастерлеу сяқты көптеген мәселелерді дұға түрінде түсіндірді.  

 

Имам Һади дұғаларының бірінде Құдайды мадақтаумен қатар өзінің алғашқы өтінішінде пайғамбар мен пәк әулетіне сәлем жолдап: "Уа, Құдай! Сенен сұрайтын, сол арқылы саған жақындайтын алғашқы қажеттілігім – Мұхаммед пен әулетіне салауат жолдау. Өзің бұйырған ең жақсы салауаттар сияқты және пенделеріңнің бірі қалайтын ең үздік сәлем сияқты, қияметке дейін сенен қалайтындай ол хазірет пен әулетіне сәлем жеткізуді сұраймын",- деген.

Хазірет жалғасында өзінің тілектерін салауатпен ұштастырып, Құдайдан өзі мен пайғамбар ұрпағы арасын бөлмей, оның ғамалын солар арқылы қабылдауды сұрап: "Уа, Құдай! Мохаммед пен әулетіне сәлем жолда. Осы дүние мен ақыретте арамызды бөлме. Ғамалдарымды солар арқылы дәргейінде қабылда",- деді.

 

Ой мен сенімдегі ауытқушылықтар ислам әлеміндегі маңызды қақтығыстардың бірі болған. Бұл жағдай әлі өзгерген жоқ. Оныншы имамның имаматтығы кезінде кейбір сенімдік ырымшылдықтар мен ауытқушылықтар таралды. Оның тамыры имам Әли үкіметіне жетті. Ол кезде имандары әлсіз кейбір адамдар ол хазіреттің ұлылығын көрген кезде оған Құдайға тән сипаттарды таңып, ол хазіретті имамат пен пайғамбардың халифі болудан жоғары санады.

Имам Әли олармен күресіп, күресте үнемі шиіттерге имамдардың құқығына қатысты пенде болу шегінен аспауды ескертті. Ол пайғамбар әулетімен дұшпандықты өлімнің себебі деп атауымен қатар, шектен тыс достықты да жойылудың себебі деп атап: "Маған қатысты екі топ теріс жолмен жүріп, өледі: бірі, достықта шектен шығатын жақсы көрушілік, екіншісі менімен кектесуде шектен шығатын дұшпандық",- деген.

Бірақ, имам Әлиден кейін қарсылас ағымдар, әсіресе Әмәви мен Аббаси халифтері пайғамбар әулетін сүйетіндердің арасында алауыздық тудырып, басқа адамдардың көзқарастарын теріс жаққа өзгерту үшін осы сенімдерді неғұрлым көбірек таратуға күш салды.

Имам Һадидің кезеңінде де ислам қоғамының мәдени саладағы қиындықтарының бірі Аббаси халифтері тарапынан қатты қолдауға ие болған осындай шектен шығушылықтар болды.  

Имам Һади де шектен шыққан, тура жолдан тайған топпен қарсыласу қажеттілігін түсініп, олармен күреске көтерілді.

Ол соларға қатысты жеккөрінішін жариялаумен қатар шиіттерге олардан аулақ болуға бұйырып, олардың жалған сенімдерін әшкере етті. Өзінің серіктерінің біріне жазған хатта олардың кейбіреуінен, Ибн Баба Ғоми сияқтылардан теріс айналып, бұл тұрғысында барлық шиіттерді ескертті.   

Имам хатта өзінің әрекетінің себебін баяндап: "Ибн Баба мен оны пайғамбарлыққа таңдадым деп ойлады. Құдай оны лағынет етсін. Оны шайтан билеп, адастырды" деді.   

Ислам халифаты орталығындағы қысымға толы кеңістік пен олардың ислам дінінің шынайы негіздерін орындауға кедергі жасауына байланысты мағсұм имамдар мықты шәкірт тәрбиелеуге күш салды. Олар шәкірттері арқылы халықты оқытып, тәрбиелеуге талпыныс жасады.  

Құжаттарға сәйкес, имам Һади ислам ғылымдарының әртүрлі салаларында рауаят айтқан кемінде 185 шәкірт тәрбиелеген. Олардың арасында әртүрлі еңбек жазып қалдырған ғылым мен дін саласындағы көптеген танымал тұлғаларды көруге болады.

Кесенесі Рей қаласында орналасқан хазірет Абдул Азим Хасани хазірет имам Һадидің шәкірттерінің бірі саналады.

Хоросандық Фазл Бен Шазан да – оныншы имамның мықты шәкірттерінің бірі. Оның орнының жоғарылығы сондай, имам Аскари былай деген: "Мен араларында Бен Шазаны бар Хоросан халқын қызғанамын".

Хазіреттің танымал шәкірттері әртүрлі аймақтарда өмір сүрген: хазірет Абдул Азим Хасани Рей қаласында, Фазл Бен Шазан Хоросанда, Хосейн бен Саид Ахвази Аһвазда. Мұнымен қатар имам Һадидің кейбір мықты шәкірттері мен серіктерінің үкіметте ықпалы жүрген. Яғуб Бен Исхақ Ахвази сондай адамдардың бірі болған.