Холокостқа арналған карикатуралар конкурсының екінші кезеңінің ерекшелігі
(last modified Wed, 01 Jun 2016 11:13:55 GMT )
Маусым 01, 2016 17:13 Asia/Almaty
  • Холокостқа арналған карикатуралар конкурсының екінші кезеңінің ерекшелігі

Теһранның Карикатуралар үйі Холокостқа арналған карикатуралар конкурсында ирандық және шетелдік карикатуристердің суреттерін жинақтады.

Австралия, Бразилия, Қытай, Индонезия мен Колумбия сынды елдердің өнерпаздары сионистік режимнің қылмыстарын айыптау мақсатында карикатураларын көрмеге жіберді. Бұл конкурстың жюри мүшелерінің құрамы үш ирандық және шетелдік бақылаушылардан болды. Көрменің бір бөлімі Гитлер мен Беньямин Нетаньяхуге арналды. Карикатуралардың бірінде Нетаньяхудың қолында ДАИШ лаңкестері түрінде қылыш салынған болатын. Бірінші рет «Хамшаһри» газеті мен «Иранкартун» сайты ұйымдастырып, 2005-ші жылы өткізілген халықаралық карикатуралар конкурсы 10 жылдан кейін Теһранда өзінің екінші кезеңін өткізді. Холокостқа арналған карикатуралар конкурсы жүлдегерлерінің карикатуралары сайыс аяқталған соң Теһрандағы заманауи өнерлер мұражайынан орын табады. Холокостқа арналған карикатуралар конкурсының екінші кезеңіне Иран, Ауғанстан, Сирия, Ливан, Йемен, Австралия, АҚШ, Венесуэла, Өзбекстан, Украина, Ұлыбритания, Түркия, Судан, Испания, Сербия, Сенегал, Ресей, Румыния, Нигерия, Мексика, Үндістан, Индонезия, Германия, Франция, Мысыр, Дания, Куба, Колумбия, Қытай, Болгария, Канада және Бразиялия елдерінің карикатуристері қатысты. Аталмыш конкурсқа қатысушылардың көбі Иран, Франция, Бразилия, Индонезия және Түркия елдерінен болды.

Бұл конкурсқа қатысушылардың көрмесі өз жұмысын 25-ші ордибехешт – «Некбат» күнінің («тауқымет», «бақытсыздық» немесе сионистік режимнің құрылған күні) жылдығында бастады. Палестиналықтар «некбат» деген сөзді жерлері сионистер тарапынан басып алынғаннан кейінгі апатты оқиғаларды сипаттау үшін қолданады. 1948-ші жылдың 15-ші мамырында Палестина тарихында «Некбат» күні деп аталған оқиға орын алды. Палестиналықтардың пікірінше, бұл күн олардың жерлерінің басып алынуы мен босқындық толқынының көтеріліп, 800 мыңнан астам палестиналықтың үйлері мен отандарынан қуылғандарын еске салатын күн. Холокостқа арналған конкурстың ең маңызды сұрақтарын «Холокостың шығындарын неліктен екінші дүниежүзілік соғысқа қатыспаған Палестина халқы өтейді? Бұл соғысты нацистік Германия бастады. Неліктен бұл соғыстың құрбандарына Германия жерінен орын табылмады?»- деген мәселелер құрайды. Көрменің бір бөлімі Гитлер мен Беньямин Нетаньяхуге арналды. Карикатуралардың бірінде Нетаньяхудың қолында ДАИШ лаңкестері түрінде қылыш салынған болатын. Бұл конкурсты өткізуші Шоджаи Табатабаи «Әл-Әлам» арнасына берген сұхбатында: «Бұл көрме Франциядағы апталық «Шарли Эбдо» (Charlie Hebdo) газетінің Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізетін карикатураларды жариялауына жауап ретінде өткізілуде. Сонымен бірге бұл көрменің мақсаты сионистік режимнің Палестина халқын қырып-жоюына біздің қарсы екендігімізді көрсету болды»,- деді. Аталмыш конкурстың атқарушы хатшысы Мұхаммад Хабиби: «Бұл конкурстың ең маңызды тұрғысы қиындықтар мен әділетсіздікті баяндау болды. Осыған орай біз мультфильмдер мен карикатураларды пайдаланып, палестиналықтардың қиындықтары мен ауыртпалықтарын көрсетуге шешім қабылдадық»,- деді. Айта кететін жайт, Иранда мұндай көрменің өтуі сионистердің арасында қатты реакцияларға тап болды. Балаларды өлтіріп отырған режим әртүрлі елдердің өнерпаздарының бір көрмеге жиналуынан қорқып, әртүрлі әдістермен оның ұйымдастырушыларына қарсылық білдірді. Таңғалдыратын жайт, әлемнің басқа жерлеріндегі кейбір адамдар да сионистік басшылармен үндес болып, Холокостқа арналған көрменің өтуіне алаңдаушылық білдірді. Мұндай адамдардың бірі ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Бокова бұл конкурстан хабардар болып, оған қарсылық білдіріп, оны Холокост сабақтарын тарату деп атады. Холокостқа арналған конкурс хатшысының оған қайтарған жауабында: «Біздің мақсатымыз Холокосты растау немесе теріске шығару емес. Сол себепті біз сізге хатпен бірге конкурска қатысып отырған карикатуралар жинағын CD-мен жіберіп отырмыз. Оларды көріп, сіз де шбір карикатураның Холокостың келеке етілгенін көрмейсіз. Бокова ханым! Сіз 2015-ші жылдың 15-ші қаңтарында «Шарли Эбдо» газеті карикатуристерінің өліміне наразылық білдірген шеруге қатыстыңыз. Бұл шеруге қатысқандардың ішінде сіз басқалардан артығырақ ДАИШ лаңкестерінің қатыгез ой-пікірлерінен исламдық өнер мен өркениеттің тамырлана алмайтынын білетін боларсыз. Одан гөрі «Шарли Эбдо» (Charlie Hebdo) мен даниялық «Юлландс Постен» (Jyllands Posten) басылымдарының бір жарым миллиард мұсылманның жүрегін жаралаған Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) тіл тигізуін айыптап, жиіркеніш пен қатыгездік және нәсілшілдік пен ашу-ызаға тосқауыл қойған жақсырақ емес пе еді»,- деп жазды. Иранның Карикатура үйінің директоры Масуд Шоджаи Табатабаи Холокостқа арналған конкурсты өткізу тәсілі туралы: «Данияның басылымында Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізген 12 жоба жарияланып, бір жарым миллиард мұсылманның жүрегін жаралаған соң бірінші конкурсты өткіздік. Сол кезде неліктен Холокост мәселесіне күмәнмен қарайтын кез келген адам қарсылықпен кезігіп, оған ауыр айыппұл салынып, бұл мәселеге келгенде сөз бостандығына шектеу қойылады деп мәлімдедік. Келесі мәселе, біз Холокосты теріске шығаруды немесе дәлелдеуді мақсат еткен жоқпыз, келешекте де мақсат етпейміз. Біз бірнеше шындықты анықтағымыз келді: Батыс сөз бостандығы туралы уәж айтқанымен неліктен өзінің уәждеріне табандылық танытпайды, неліктен Холокостың шығынын тіпті екінші дүниежүзілік соғысқа ешқандай қатысы болмаған Палестина халқы өтеп, неліктен олардың жерлер жаулап алынады. Егер соғысты Германия бастаған болса, оның шығындарын өзі төлесін немесе еврейлерге жер осы елдің жерінен бөлінсін»,- деді. Иранның әйгілі карикатурисі сөзінің жалғасында: «Келесі мәселе Францияда «Шарли Эбдоның» Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізетін суреті бар нөмірін 5 миллионнан артық тиражбен таратуына көрсетілген реакция болды. Біз бұл әрекетке реакция білдіріп, Холокостқа арналған карикатуралар мен мульфильмдер конкурсының екінші кезеңін өткізуге шешім қабылдадық. Конкурс тақырыбының қолдауға ие болуы карикатура саласында жұмыс жасайтын өнерпаздардың көбісінің зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы тұрып, жәбір көргендерді қорғайтындығын көрсетті. Шын мәнінде бұл көрмені өткізушілердің мақсаты сионистік режимнің қара бетін көрсетіп, Батыстың азаттық туралы өтірік уәждерін әшкерелеу болды. Өйткені бұл обырдың аймақ пен әлемге тигізетін зияны көп. Біз заманауи «холокостарға» алаңдаймыз. Холокост тек сол кезеңге ғана байланысты емес. Холокост – жаппай қырып-жою. Қырып-жоюдың әр түрі ұрпақтың қырылуына әкеледі. Холокост Хиросима мен Нагасакиде жарылған бомба сынды. Йемен, Ирак пен Сирия және Палестинадағы халықтардың қырылып-жойылуы Холокост саналады. Аталмыш көрмеге қатысушылар Холокосты теріске шығармайды. Тіпті бірінші кезеңде де еврейлерге дұшпандық танытатын суреттер табылса, оны көрмеге алдыртатындығымызды айтқан болатынбыз. Бұл кезеңде еврейлерге қарсы немесе неонацизмге қарсы еңбектер алынып тасталды»,- деді. «Некбат» күні басталған бұл көрме 30 мамырда өз жұмысын аяқтады.