Батыстың Сирияға қарсы ақпараттық соғысы (1)
(last modified Sat, 21 Jan 2017 05:03:07 GMT )
Қаң 21, 2017 11:03 Asia/Almaty
  • Батыстың Сирияға қарсы  ақпараттық соғысы (1)

Батыстың ақпарат құралдарының азаттық туралы уәж айтып жатқандарына қарамастан,шындықтарды жасырып, батыс елдерінің масқарашылықтарын жасыруда. Шын мәнінде, дәл осы батыс елдерінің саясаттары мен іс-әрекеттері Сирияда жүздеген мың адамның құрбан болып, бұл елдің дағдарысқа ұшырауына себеп болды.

2011 жылдың наурыз айының бас кезінде Сирияда соғыс оты тұтанды. Бұл соғыс барысында осы уақытқа дейін 400 мыңнан астам қаза болып, тарихта бұрын-соңды болмаған әлемдік деңгейдегі босқындар дағдарысы басталды. Сирияның 22 миллион халқының жартысынан астамы қазір өз үйлері мен қалаларынан қашса, келесі 5 миллион босқын басқа елдерге бассауғалап кеткен.

Сирияда қақтығыстар басталғаннан бір жыл өткеннен кейін үкіметке қарсы топтарда сахнаға шығып, Алеппоның бірқатар ауданын басып алды. Бірнеше айдан кейін оларға тәкфіршіл күштер қосылып, Алеппоның басқа аудандарын өз бақылауына алды. Бұлар әл-Каидаға қарасты күштер, басқаша айтқанда, ән-Носрат тобы болды. Келесі жылы көктемде бұл қалаға ең басты қауіп төнді. ДАИШ тобы Сирияның көптеген жерін, соның ішінде, Алеппоның үлкен бөлігін басып алды. Келесі айларда Алеппо қаласы біртіндеп қиратыла бастады.

Лаңкестер  Алеппо қаласының кейбір бөліктерін қиратты

 

4 жылдың ішінде Алеппо қаласы аудандарының бақылауы бір топтан екінші топтың қолына көшіп отырды. Бұл аудандардан қазір тек қирандылар ғана қалған. Алепподағы соғыс салдарынан осы қаланың 3 миллион халқының тең жартысы босқындыққа ұшырап, келесі 30 мың тұрғыны ажал құшты.

Алеппоның азат етілуі Батыс пен оның одақтастарына қарсы ауыр соққы болып, қарсыласу күштері, әсіресе Иранға қарсы үгіт-насихат толқынының туындауына себеп болды. Аймақ пен Батыстағы лаңкестікті қолдаушы елдердің ақпарат құралдары психикалық кеңістік құрып, қоғамдық пікірқалыптастыру арқылы Сирияның әскері мен халықтық күштерінің лаңкестікке қарсы күрестегі күшін әлсіретіп, Иран мен қарсыласу өзегін Сириядағы қирандылардың себепкерлері ретінде көрсетуге тырысуда. Алеппо қоршауға алынған кезде лаңкестерді құтқару үшін адам құқығы мәселесін көтеріп, дабыл қаққан үстемшіл майдан мен қарсылас ақпарат құралдарыАлеппо азат етілгеннен кейін Иран және қарсыласу өзегімен күресу саясатын ұстанып отыр

Алеппоның азат етілуі

Алеппоның азат етілуімен тұспа-тұс лаңкестерді қолдаушыларға қарасты органдар мен ақпарат құралдары жалған есептер мен суреттерді жариялау үшін арнайы топ құрды. Осылайша Сирия әскері мен оның одақтастарын Алеппоның шығысында жаппай қырып-жою әрекеттері мен адамгершілікке жат қылмыстар жасады деп көрсетуге күш салды.

Сол себепті кейбір батыс режимдеріне қарасты үгіт-насихаттық органдар  Алепподағы Сирия соғысының қылмыстары туралы жалған суреттер, есептер мен бейнелерді батыстың ақпарат агентіктері мен хабар арналарына ұсынды. Олар өлтірілген әйелдер мен балалардың суреттерін көрсетіп, халықты әлеуметтік сылтаулар келтіру арқылы тайпааралық соғыстарға итермелеуде. Лаңкестікті қолдауда рөл атқарып отырған кейбір батыстың ақпарат құралдары Алеппо азат етілгеннен кейін ақпараттық үгіт-насихаттарымен қатар, Алеппода адам құқығының бұзылуы туралы уәж айтып, Сирия үкіметі мен оның одақтастарының бейнесін бұрмалауға тырысуда.

Канадалық тілші Ева Братлет желтоқсанның тоғызы күні өткен бір баспасөз маслихатында Сириядағы батыс ақпарат құралдарының өтіріктерінің бетін ашумен қатар: «Шындыққа негізделген хабарлар таратылған жағдайда, бұл елдің жағдайы осыншама нашарламас еді» деді.

Братлет БҰҰ-да жасаған баяндамасында: «Сирия туралы хабар тарататын батыстың негізгі ақпарат құралдарының мәліметтері сенімсіз. Мен бірнеше рет Хомс, Маалула, Латакия мен Тартуста болып, Алеппоға 4 рет бардым. Бұл елде халық үкіметті жақсы қолдайды. Алайда ақпарат құралдары шындыққа жанаспайтын хабарларды таратады» деді.

Ева Братлет Біріккен Ұлттар Ұйымында

Ол BBC, The New York Times, The Guardian мен басқа да БАҚ-на тоқталып, аталмыш ақпарат құралдарының Сирия туралы хабарларының шындыққа жанаспайтынын және олардың қоғамдық пікірді алдайтынын айтып: «Алеппоның шығысында осы аймақ пен Идлибтегі бейбіт тұрғындарды құтқаруы тиіс топ туралы ешкім ештеңе естімеген» деді. Ол бір қыздың үш ай ішінде бірнеше топ тарапынан өтірік құтқарылғанын және бұл оқиғаның суреттерінің де жарияланғанын айтып: « «Ақ каскаларға» сенім жоқ. Сондай-ақ, Сириядағы Адам құқығын қорғау ұйымына да сенбеу керек» деді.

Осы канадалық тілші сөзінің соңында: «Егер ақпарат құралдары әуел бастан Сирияның өзгерістері туралы тек шындықты айтқан болса, біз бұл жерде отырмас едік және көптеген адам қаза болмас та еді» деді.

Аймақта Исламдық ояну қозғалысы тарала бастаған кезден Батыс бұл қозғалысты өзінің қалауы бойынша басқарып, Батыстың қолындағы қуыршағы болып табылатын диктаторларға қарсы қалыптасқан ояну толқынын өз мақсаттарына сәйкес келетін қозғалыстарға айналдырмақ болды. Батыссаясаткерлеріде осы ояну толқынына мүмкіндігінше тосқауыл қойып немесе әлемдіктерге бұл толқынның әуел бастан олардың мақсаты болған сияқты етіп көрсетуге тырысты.

Осы арада Батыстың осы мақсатты жүзеге асыру жолындағы жоспарлары, шығындары мен лоббизмімен қатар батыстың ақпарат құралдары да маңызды рөл атқарды. Тіпті Батыстың аймақтың өзгерістеріне қатысты саясаттарының басым бөлігі олардың ақпарат құралдары тарапынан жүзеге асырылды. Басқа жақтан осы уақытқа дейін Батыс өз ықтиярындағы ірі БАҚ-ын пайдалана отырып, аймақтағы өзгерістерді басқаша көрсетуге талпыныс жасады. Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе хабар арналары ақпараттық айла-шарғыларды пайдаланып және оларды әрдайым өзгерту арқылы аймақтық өзгерістерге ықпал етуге бар күштерін салды. 

 

Назар аударарлық жайт, бұл ақпарат құралдары батыс үкіметтерінің саясаттарына сәйкес әр елдегі өзгерістерге байланысты өзіндік бір тактиканы жүзеге асырады. Бұл мәселе осы ақпарат құралдарының саясаткерлерге тәуелді болмауы туралы бұрынғы уәждеріне қарамастан саясатқа толығымен тәуелді болып отырғанын көрсетеді.

Сирия дағдарысы қалыптасқан кезден бастап батыс, араб және ивриттік ақпарат құралдары бірігіп, Сирия оқиғалары туралы шындықтарды таратудың орнына ашық түрде бұл шындықтарды бұрмалап отырды. Бұл ақпарат құралдары виртуалды студияларды пайдаланып, наразы халықтың санын бірнеше есе көбірек етіп көрсетіп, ойдан шығарылған жаназа шығару рәсімдері туралы хабар таратқан.

Тәкфіршіл топтар химиялық қаруларды пайдаланып жатқан кезде, бұл ақпарат құралдары түрлі психикалық айла-тәсілдерді пайдаланып, Сирия үкіметіне қарсы кеңістік орнатты. Олар сириялық әйелдер мен балалардың тәкфіршілдердің химиялық қаруларынан зардап шегуін Сирия үкіметіммен байланыстырды. Өкінішке орай, негізінде батыстың алпауыт елдерінің қолындағы ойыншыққа айналған халықаралық ұйымдар сылбыр әрекет етті. Араб ақпарат құралдарын басқаруда үлкен тәжірибесі бар Сауд Арабиясы да Сирияда ауқымды хабар арнасын құрып, барлығы бір көзден тарайтын телеарналар, радио арналары, ақпарат сайттары, әлеуметтік желілерді іске қосты деп те айтылып жүрді. Бұлардың басты мақсаты әлемнің қоғамдық пікіріне ықпал етіп, Сирия үкіметінің бейнесін бұрмалау болды.

Осы аяда батыстық және халықаралық арналар бір үйлестірілген әрекетте бір орталықтан тарап отырғандай бірдей сөз тіркестері мен терминдерді қолдана отырып, аймақтық және халықаралық сахнада Сирия үкіметіне қарсы күресе бастады.

Батыс және араб БАҚ-ның бағыттастығы

Дегенмен араб тіліндегі BBC, Sky News, al-Arabiya мен әл-Джазира арналарының Сирия дағдарысы туралы бағдарламаларына жасалған шолу араб, батыстық және ивриттік ақпарат құралдарының әріптестігінің әлемде алғаш рет бір орталықтан басқарылғанын көрсетті. Осы аяда тіпті Ұлыбританияның «Peace» атты сайты біраз бұрын Сирия туралы бір мақалада Батыстың осы елге қатысты саясаттарын сынға алып: «Ливия сияқты батыс майданы біржақты ақпараттық саясатымен қақтығыстарды азамат соғысына қарай өрістетіп отыр. Соның салдарынан бөгде елдер осы елге қарай лап қойды» деп жазды.

Батыстың ақпарат құралдары осыған қатысты кез келген мағлұматты оның дереккөзі және сапасы мен шынайылығына еш мән берместен халыққа таратып отыр. Сонымен қатар, осы мәселеге қайшы келетін мағлұматтар болсаоған немқұрайдылықпен қарап, ешуақытта жаңа сұрақтар қоймайды.

Алайда соңғы апталарда осы мәселеге қарама-қайшы үдеріспайда болды. Алеппо майданында лаңкестердің жеңіліп жатқанын көріп отырған ақпарат құралдары енді тіпті өз елдерінен де теріс айналып, сириялық беделді дереккөздеріне сілтеме жасап хабар таратуға талпына бастады. Мысалы, BBC тілшілерінің бірі Facebook-тегі өзінің парақшасында осы жайлы былай деп жазған: «Араб елдерінің бірінде ресми ақпарат құралдарының тілшілерін жаттықтыру үшін дереккөздерге қатысты мәселелер жөніндегі бір тілшімен сұхбаттастым. Ол маған: «Жақында Сирия туралы хабарлардың басты дереккөзі «Сириядағы адам құқығын қорғау ұйымы» (Лондонда орналасқан қарсыластарға қарасты ұйым) болады деген бұйрық келді. Алайда одан кейін мағлұматтарды тек Сирияның ресми ақпарат агенттігі САНА-дан алуға болатыны және қарсыластардың кез келген дереккөзінен мағлұмат алуға тыйым салынғаны туралы бұйрық келіп жетті» деді».

Бұл мәселе қарсыласу күштерінің Сирия майданында  ілгерілеушіліктерге қол жеткізіп, жақын болашақта Мосулдың азат етілуінің ықтималдылығы артып отырғандықтан, батыс және араб ақпарат құралдарыныңөз оқырмандары мен тыңдармандары алдындағы беделінен айырылғылары келмейтінін көрсетіп отыр.