Батыстың Сирияға қарсы ақпараттық соғысы
(last modified Mon, 20 Feb 2017 09:16:10 GMT )
Ақп 20, 2017 15:16 Asia/Almaty
  • Батыстың Сирияға қарсы ақпараттық соғысы

Сирия азамат соғысының басынан бастап осы уақытқа дейін жан-жақты ақпараттық соғыстың нысанасына айналды. Бұл соғыста әлемнің 80-нен астам елі өздерінің хабарларын бомба сияқты осы елге қарай тастап жатыр. «Батыстың Сирияға қарсы ақпараттық соғысы» бағдарламасының соңғы бөлімінде батыстың ақпарат құралдарының Сирия дағдарысы туралы жалған хабарларды тарату ісін 9талқылауды жалғастырамыз.

Таяу Шығыстағы қазіргі соғыстар  2003 жылы АҚШ-тың бастамасымен орын алған шабуылдан басталды. Бұл шабуылға Саддам режимінің қолында жаппай қырып-жою қаруының болуы сылтау болды. Сол кездері батыс елдерінің тілшілері де осы шеңберде Ирак режимінің қарсыластарынан алынған Иракта қырып-жоятын қарулардың бар екенін растайтын құжаттарды жариялаған. 2002-2003 жылдары The New-Yоrk Times газетінің бірнеше тілшісі Иракта жаппай қырып-жоятын қарулардың бар екендігіне күмән келтіретін мақалалар жазған болатын. Алайда бұл хабарлар Саддамның қолындағыжаппай қыратын қарулардың әлемге қауіп төндіруі туралы хабарлардың астында көміліп қалған еді.

ДАИШ-тің химиялық қаруларды қолдануы

 

Осы хабарларды жариялағаннан кейін кейбір ақпарат құралдары Ирактың қарсыластарын сынға алып, өздерін Саддам режимін құлатуға дайындалып жатқан адамдардан бейтарап мағлұмат алуды көздегенін айтып, ақталып жатты.

Ақпарат құралдарының осындай ақылсыздығы 2011 жылы НАТО-ның Ливияға жасаған шабуылы мен осы елдегі Муаммар Каддафидың режимін құлату мәселесіне қатысты орын алған еді. Сол жылы France 24 телеарнасы жасалған келісімдерге сәйкес, ливиялық CNT арнасының дереккөзі ретіндеайла-шарғымен өз рөлін атқара бастады. Триполи шайқасы барысында ливиялық көтерілісшілер қаладан әлі бірнеше шақырым қашықтықта болғанда НАТО революцияшылардың астананың орталық майданында жүргенін көрсететін жалған бейнематериалдар түсіріп, әл-Джазира мен әл-Арабия арналары арқылы таратты. Осы әрекеттің салдарынан Триполи тұрғындары соғыста жеңіліс таптық деп ойлап, қарсыласудан толығымен күдер үзген еді.

Алайда Сирия соғысы туралы ақпарат тарату өте қиын. Себебі ДАИШ пен әл-Каидаға қарасты топтар өздерінің бақылауындағы аймақтар туралыхабар таратуды аса қауіпті іске айналдырды. Көптеген тілшілер осы аймақтардан хабар алуға қызығады. Алайда ақпарат құралдары екінші деңгейлі дереккөздер мен осы әсірешіл топтарға тәуелді және пікірлестерден алынуы мүмкін хабарларды қанағат тұтады. Бұл – өздерін ақиқат іздеуші деп атайтын тілшілердің осалдығы. Бірақ, шын мәнінде,  олар өз мүдделерін ғана көздейтін тараптар дайындаған ақпараттарды жариялайтын арналарға айналған.

Бен Родс – Ақ үйдің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары. Ол біраз бұрын Сирияның ақпараттық соғысқа қарсы  табанды екенін түсініп, бір жоба жасап, оны Барак Обамаға ұсынды. Бұл жобаның салдары Сирияға қарсы ақпараттық төңкеріс болды. Ол өзінің жобасында АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Арабстан, Катар мен сионистік режимнің әріптестіктерінің көмегімен жүзеге асырылуы тиіс Arabsat және Nilesat жерсеріктерінен сириялық телеарналарды өшіріп тастауды ұсынды. Арабстан мен Катар осы ұсынысқа бірденкелісті. Бұл елдер осы екі жерсерікте ең көп үлеске ие болғандықтан, бұл жобаны жақсы ұсыныс деп атады.

Бен Родс – Ақ үйдің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің орынбасары

 

Осындай жағдайда белгілі бір уақыт аралығында осы екі жерсерік арқылы таратылатын Сирияның барлық үкіметтік телеарналарының көрсетілімі тоқтатылып, оның орнына сириялық әнұран, әуендер, жалау, түстер мен нышандарға ие Сирияға қарсы лаңкестердің арналары көрсетіле бастайды. Осылайша, халық пен үкімет арасындағы ақпараттық байланыстың шектелуімен қатар, қазіргі үкімет іс-жүзінде өзінің заңдылығынан айырылатын болады.

Осы жобаны барынша жақсы жүзеге асыру үшін Доха мен Риядта жиналыстар өткізілді. Алғашқы екі отырыс Катардың Доха қаласында өткен техникалық отырыстар болды. Ал үшінші отырыс Риядта өткен саяси жиын болды. Бірінші отырысқа әл-Арабия, әл-Джазира, BBC,CNN, France24, FOX NEWS, Future TV, MTV жерсеріктік арналарында қызмет ететін АҚШ қарулы күштерінің психикалық соғыс бөлімінің офицерлері мен жауапты басшылары жиналды. Олар бұл отырыста екіжақты ұйым құрып, бұл ақпарат құралдарына сенім тудыру үшін олардың бір-бірінің хабарын қайталауы туралыкелісім жасады. Осы отырыста соныменқатар 40 вахаббилік телеарнаның да пайдаланылатыны туралы келісілді. Келесі отырыстарда суреттер мен бейнелердіфальсификациялау  мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, батыстың ақпарат құралдарының соңғы бірнеше жылдардағы іс-әрекеттерінің басым бөлігі халыққа қарсы бағыт ұстанған жалған хабарларды таратудан тұрды. Сирияның Ақпарат министрінің орынбасары Али әл-Ахмед  былай дейді: «Батыстың ақпарат құралдары лаңкестер туралы қате әрі жалған хабарлар таратады. Біз бұл ақпарат құралдарының Алеппо қаласында осы лаңкестік топтардың бейбіт тұрғындарға қарсы жасаған қылмыстары туралы сөз қозғағанын көрмеппіз».

Әл-Ахмед Sputnik арнасына берген арнайы сұхбатында: «Ауруханалар мен басқа да қоғамдық қызмет көрсету орталықтары үкімет соларды халықтың қаражатымен салған Сирияның инфрақұрылымдарының бір бөлігі болып табылады. Сол себепті үкіметтік күштердің бұл ғимараттарды нысанаға алуы қисынға келмейді. Сириялық күштердің қоғамдық ғимараттарды, әсіресе, ауруханалар мен мектептерді нысанаға алуы мүмкін емес» деді.

Али әл-Ахмед  - Сирияның  Ақпарат министрінің орынбасары

 

Ол сонымен қатар ДАИШ лаңкестік тобының Сирия әскеріне соққы беріп, бейбіт тұрғындар арасында үрей туғызу үшін жануарлар мен балаларды қозғалмалы бомбалар ретінде пайдаланатынын баяндады. Бұл – ақпарат құралдары ол туралы үнсіздік танытып отырған шындық.

Сирия президентінің саяси және ақпараттық істер жөніндегі кеңесшісі Басина Шаабан: «Батыстың ақпарат құралдары АҚШ бастаған лаңкестікке қарсы деп аталатын коалицияның Сирияда жасап жатқан қылмыстарын бұрмалап, оларды Сирия мен Ресейдің мойнына артып отыр» деді.

Басина Шаабан Ресейдің Ғылым академиясының Шығыстану институтында өткен «Сирияның ұлттық бітімі мен болашағы» халықаралық конференциясында жасаған баяндамасында: «Сирия мен Ресей БҰҰ-мен толық әріптестік жасап отыр. Алайда америкалық коалиция осы уақытқа дейін Сирияда 300 мектеп пен аурухананы қиратты. Бірақ батыстың ақпарат құралдары мен әл-Джазира және әл-Арабия арналарында бұл қылмыстар  туралы бір ауыз сөз айтылған жоқ. Батыстың ақпарат құралдары Сириядағы оқиғаларды іріктеп және бұрмалап таратады. Бұл ақпарат құралдары Сирия жаңалықтарын шетелдік барлау және тыңшылық органдардан алады» деді.

Басина Шаабан – Сирия президентінің саяси және ақпараттық істер жөніндегі кеңесшісі

 

Ол сонымен қатар әлемдік қауымдастықтың Сирия үкіметінің осы ел күресіп жатқан дағдарысты тоқтату талпынысынан хабары жоқ екенін айтты. Батыстықтар лаңкестерді қолдау арқылы Сириядағы соғыс отына май құюды көздеп отыр.

Батыстың осы талпыныстары мен «ақпараттық әскердің» әлем халықтарның ой-саналарына қарсы шабуылдары әлемге ДАИШ лаңкестерінің Сирия үкіметін қарсы топ ретінде таныстыруына себеп болды. Тіпті осы ел үкіметі мен қарсыластардың өкілдері арасында өтетін келіссөздерде де ақпарат  құралдары оларды «сириялық» деп атайды. Алайда шындығында олай емес.

Сирияның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Башар Джафари: «БізСирияда көріп отырған нәрсені ешбір жағдайда азамат соғысы деп атауға келмейді. Әлемнің жүзден астам елінен жиналған мыңдаған шетелдік лаңкестер көршілес елдер арқылы және кейбір елдердің көмегімен Сирияға кіреді. Дегенмен, Дамаск ұлттық егемендік, жер біртұтастығы мен азаматтарын қорғаудағы заңды міндеттерін атқаруды жалғастырып жатыр» деді. Осы қайраткердің сөздерін растау үшін басқа үкіметтер тарапынан түрлі елдерден жиналған лаңкестердің жаттықтырылуы мәселесін атап өтуге болады. Бұл лаңкестер арнайы жаттығу курстарынан өткеннен кейін Сирияға аттандырылады. Мысалы, АҚШ-тың Ұлттық барлау ұйымының төрағасы Джеймс Клэппер былай дейді: «50 елден жиналған мыңдаған шетелдік соғысқұмар Сирия жерінде белсенділік танытуда. Осы шетелдік соғысқұмарлардың бірқатары Ауғанстан мен Пәкістаннан Сирияға келген әл-Каида тобының мүшелері болып табылады» деді.

АҚШ-тың Ұлттық барлау ұйымының төрағасы Джеймс Клэппер

 

Өкінішке орай, Сирияны адам құқығын бұзды деп айыптап отырған ақпарат құралдары Сирия шекараларына жақын жерде қазіргі уақытта 100 ұлыбританиялық жаттықтырушының қызмет етіп  жатқанын айтпайды. Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Майкл Фэллон да Ұлыбритания күштерінің Таяу Шығыс аймағына жөнелтілуі туралы хабарды растап: «75 ұлыбританиялық азамат содырларды жаттықтыруүшін Түркиядағы бір лагерьге жөнелтілді» деді.

   Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Майкл Фэллон

 

Түркияда жаттықтырылып жатқан адамдардың жеке бастары туралы нақты мәлімет жоқ. Бірақ олар ақша беру уәдесімен Әзірбайжан Республикасының шекаралары арқылы Түркияға жеткізілген  түркиялық, ливиялық және Орталық Азия мен Кавказ аймақтарының азаматтары болуы ықтимал.

Осылайша, Батыстың ақпарат таратудағы осы жағымсыз істеріне қарап, тілшілер мен халық Ирак пен Сирия туралы жарияланатын барлық мағлұматтар мен адам құқығы туралы айтылатын сөздерге күдік-күмәнмен қарауы тиіс деген қорытынды шығаруға болады. Осы ретте БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі бұрынғы өкілі Ахзар әл-Ибрахимидің 2014 жылы өзміндетінен отставкаға кетуі кезінде айтқан сөздері еске түседі: «Барлығының өз жоспарыболады. Сирия халқының мүдделері екінші немесе үшінші орында, тіпті мүлдем назардан тыс қалуы мүмкін».