Трамптың Голан жоталары туралы шешімінің мақсаттары мен салдарлары
(last modified Tue, 16 Apr 2019 07:22:13 GMT )
Сәу 16, 2019 13:22 Asia/Almaty
  • Трамптың Голан жоталары туралы шешімінің мақсаттары мен салдарлары

АҚШ Президенті Дональд Трамп өзінің келесі бір заңсыз шешімінде Сирияның Голан жоталарын Израильдің жері деп жариялады. Трамптың заңсыз әрекеті бұл шешімінің мақсаты не және қандай салдарларды күтуге болады деген сауал тудырады.

 

Трамптың Голан жоталарын Израиль жері деп жариялаудағы мақсаты не?

Дональд Трамп Құдс қаласын Израильдің астанасы, Сирияның Голан жоталарын Израильдің егемендігі деп жариялауымен бес мақсатты көздеп отыр: біріншіден, Трамп Израиль режимінің Ливан, Сирия және Палестина елдері арасындағы барлық қайшылығын осы режимнің мүддесіне шешуге күш салуда. Трамптың бұл әрекеті Израильдің географиялық жағдайымен байланысты. Өйткені, Израиль қалашықтарының құрылысын жалғастырып, палестиниалықтарды көшуге мәжбүрлеп, өзінің басқыншылық мақсатын – жерін кеңейтуді көздеуде. Сол себепті Трамп Палестинаның Құдс қаласын Израильдің астанасы, Голан жоталарын Израильдің жері деп жариялады;

екіншіден, Голан жоталары геополитикалық тұрғыдан Израиль үшін өте маңызды. Голан жоталары су ресурстарына бай аймақ. Дәл осы мәселе бұл аймақтың израильдіктер үшін маңызды себептерінің бірі саналады. Голан жоталары сумен қамтамасыз ететін негізгі ресурс болғандықтан Израиль өзіне қажет судың үштен бір бөлігін Голан жоталарындағы жаңбырдың арқасында қамтамасыз етеді. Иордан өзенін қоректендіретін Банияс өзені Голан жоталарынан басталады. Бұл аймақтан тағы басқа екі өзен өтеді. Иордан өзені басып алынған жерлердегі Табрие немесе Джалил көліне құйылады. Сондықтан Голан жоталарынан айырылу аталмыш көлден айырылумен тең болады.  Таяу Шығыс аймағындағы су дағдарысына байланысты Израильдің Голан жоталарын басып алуы бұл режимді өзін сумен қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай тудырады. Сондай-ақ, Голан жоталары мұнай ресурсы тұрғысынан да Израиль үшін маңызды. Голан жоталарынан көп мұнай табылды. Сол мұнай Израиль режимін көп жыл бойы өз-өзін қамтамасыз ете алады;

үшіншіден, Трамп билікке жету үшін кез келген құралды пайдаланатын адам. Трамп қазір АҚШ Президенті болғанымен, 2020 жылғы сайлауда демократ бақталастарымен қатаң бәсекеге түседі деген болжамдар айтылып жатыр. Трамп бұл бәсекеде жеңіске жетіп, 2024 жылға дейін Ақ үйде қалу үшін Құдс пен Голан жоталары туралы мәселелерді Израильдің мүддесіне шешіп, АҚШ-тың алдағы президенттік сайлауында еврейлердің лоббиінің қолдауына ие болуға талпыныс жасап жатыр;   

төртіншіден, Трамп Голан жоталары туралы шешімін Израильдің мерзімінен тыс өтетін парламенттік сайлауы алдында қабылдады. Трамптың бұл шешімді сол кезде қабылдауының мақсаты – Бениямин Нетаньяхуге көмектесу. Өйткені, Нетаньяху сыбайластық жемқорлық ісіне шырмалып, басып алынған жерлердің қоғамдық пікірінің қысымымен бетпе-бет келіп отыр. Тіпті, парламенттік сайлауда Ликуд патиясы жеңсе де, Нетаньяху премьер-министрлікке ұсынылмауы мүмкін.   Мысырлық "Әл-Ихрам" базасы жариялаған сараптамада Макарам Мұхаммад Ахмад: "Голан жоталары – Израиль премьер-министріне берілген қымбат сый. Бұл оған Кнессеттің алдағы сайлауында жеңуге мұрсат беріп, Ликуд коалициясының 13 жыл билігінен кейін құлдырауының алдын алады",- деп жазды; бесіншіден, АҚШ үкіметі өткен 8 жылда Сирия дағдарысына араласып, сол елдің саяси жүйесін өзгертуге әрекет жасағанымен, нәтижеге жеткен жоқ. АҚШ үкіметі лаңкестік топтарды қолдау арқылы Сирияның географиясына өзгеріс енгізгісі келеді, бірақ бұл салада да нәтижеге жетпеді. Трамп Голан жоталарын Израильге сыйлау арқылы мақсатына жетуді көздеуде деген ой туады. Бұл туралы саяси мәселелердің маманы Бесам Тахан The Associated Press  ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Трамптың мақсаттарының бірі – Батыс дүниесінің қалауын орындап, Сирияны құлату. Бұл мақсатқа жету талпыныстары Голан жоталарын Израильге тиесілі деп жариялаумен басталды. Басқа аймақтар, әсіресе Сирияның шығыс аймағын   да  ұқсас тағдыр күтіп тұрған болар",- деді.

Трамптың Сирияның Голан жоталары туралы шешімі қандай салдарлармен бетпе-бет келуі мүмкін?

Трамптың Голан жоталары және Құдсқа қатысты шешімдерінің салдарларын аймақ және әлемдік тұрғыдан қарастыруға болады.

Аймақ деңгейінде Трамптың шешімі өкінішті салдарларға ие болады: біріншіден, Трамптың шешімі Таяу Шығыс аймағындағы әсіресе Израиль мен қарсыласу ағымы арасындағы қатыгездіктің артуына себеп болады. Палестина халқы өткен бір жылда "Оралу құқығы" шерулерін өткізіп, Трамптың Құдсты Израильге тапсыру шешіміне қарсылық білдіруімен бірге Израильдің басқыншылығымен қарсыласуға дайын екенін көрсетті. Өткен жылғы "Оралу құқығы" шерулері кезінде 266 палестиналық шәһид болып, шамамен 27000 адам жараланды. Бірақ, соған қарамастан шерудің жылдығында оны жалғастыратындарын қуаттады. Бұл жағдай Сирия мен Израиль арасындағы қайшылықтарды күшейтеді. Өйткені, Сирия ұлттық бірлік пен біртұтастыққа және егемендікке ие ел болғандықтан өзінің географиялық шекараларын Израильден қорғау күшіне ие. Кейбір мәліметтер бойынша, Трамптың Голан жоталарына қатысты шешімі шетелдерде өмір сүретін сириялықтардың, Башар Асадтың жақтастарының, мейлі қарсыластарының болсын, қатаң реакцияларымен бетпе-бет келгенін көрсетеді. Сириялықтар Голан жоталарын Израильден қайтарып алуды қуаттайды; екіншіден, Трамптың шешімі Голан жоталарының халқы мен географиясының Израильдің мүддесіне өзгеруіне себеп  болады. Голан жоталарының көлемі шамамен 1800 километр. Оның 1200 километрін Израиль басып алған.  Бұл аймақта еврейлер қалашықтарының 10 пайызы, яғни шамамен 20000 еврей өмір сүретін 30-дан астам қалашық орналасқан. Қазіргі таңда Голан жоталарында шамамен 24000 сириялық өмір сүреді, олардың көбі Сирияның друздері. Олар Израильдің азаматы құжатын алудан бас тартып, өздерін Сирияның азаматы санайды. Трамптың шешімі Израильдің Голан жоталарында өмір сүретін друздерді көшуге мәжбүрлеуі мүмкін.  

Трамптың шешімі халықаралық тұрғыдан да маңызды салдарларға ие: бірінші салдары – әлемдік деңгейде заң шығару туралы уәж айтатын  АҚШ Президентінің халықаралық заңдарға немқұрайдылық білдіруі. Қауіпсіздік кеңесі бірнеше қарарында, соның ішінде 1981 жылғы №497 қарарында Голан жоталарын Израильдің жері деп жариялауға қарсылық білдірген болатын. Айта кететін жайт, аталмыш қарар Қауіпсіздік кеңесінің барлық мүшесінің, соның ішінде АҚШ өкілінің дауысымен бекітілген. Аталмыш қарар Израильді Голан жоталарын өзіне қосып алу шешімінің күшін жоюға міндеттеді. АҚШ үкіметі енді 1981 жылы өзі "оң" дауыс берген қарарды бұзып отыр. Осы салада халықаралық қарым-қатынастар жөніндегі маман Мәһди Әлихани Трамптың шешімін отаршылық кезеңінің шешімдерімен салыстырды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №242 қарары соғыс арқылы аймақтардың тұтастығын жариялауды теріске шығарды. АҚШ-тың Сыртқы қарым-қатынастар кеңесінің басшысы  Ричард Гаас Трамптың Голан жоталарын Израильдікі деп ресми тану шешіміне қарсылық білдіріп, бұл шешімді Таяу Шығыс аймағының бейбітшілігін бұзатын шешім деп атады. Екінші салдар, АҚШ-тың шешімдеріне қарсы әлемдік қарсыластық артып отыр. Мемлекеттердің көбі Трамптың Құдсты Израильдің астанасы ретінде таныстыруы мен Сирияның Голан жоталарын Израильдікі деп таныған әрекеттерін сынады. Трамп үкіметі басқа елдердің, әсіресе Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің келісімінсіз біржақты түрде бұл шешімді қабылдады.

Бұл әрекет әлемдің қарсылықпен бетпе-бет келді. Өйткенің қазіргі әлем халықаралық деңгейде біржақты шешім қабылдайтын әлем емес. Трамптың Голан жоталары туралы шешімінен  екі күннен кейін 27 наурызда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырыс өткізді. Отырыста Қауіпсіздк кеңесінің тек бір мүшесі, яғни АҚШ өкілі ғана өз елі Президентінің шешімін қолдады. 14 елдің өкілі қарсылық білдірді. Сөйтіп, АҚШ тағы оқшауланды. Қауіпсіздік кеңесінің бес мүшесі атап айтқанда Германия, Франция, Британия, Бельгия мен Польша ресми мәлімдеме жариялап, 1967 жылдан бері израильдіктер басып алған Голан жоталарын Израильдікі деп ресми танымайтындарын жариялап, жерлерді зорлық-зомбылықпен өз территориясына қосып алуды халықаралық заңдарға қайшы деп қуаттады. Трамптың бұл әрекеті тіпті, АҚШ-тың ішінде де қарсылықтармен бетпе-бет келді. Өйткені, америкалық тұлғалар мен сарапшылардың пікірінше, Трамптың біржақты әрі заңсыз әрекеттері АҚШ-ты әлемдік рөлінен алыстата  түседі.