«Ортақ қадам» бағдарламасына шолу: бір жылдан соң (3)
(last modified Tue, 19 Jul 2016 11:51:16 GMT )
Шіл 19, 2016 17:51 Asia/Almaty

«Ортақ қадам» бағдарламасы 2016 жылдың қаңтар айының он алтысынан бастап жүзеге асырылу кезеңіне енді. Енді бұл келісімнің қандай жетістіктерге ие болғанын қарастырып көрейік. Он екі жылдан бері жанжал тудырып, Иранның бейбіт ядролық бағдарламасын қатер деп көрсетуге күш салған Америка мен еуропалық бірнеше ел осы қатынастарын өзгертті ме?

Бұл бағдарламада осы тақырып пен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасымен байланысты мәселелерді қарастырамыз.

Вена келіссөздеріне дейін Американың мақсаты өзінің жалған уәждерін пайдаланып, АҚХА арқылы Иранның ядролық бағдарламасын әскери сипатты етіп көрсетіп, ядролық бағдарламаны толығымен тоқтатып, жауып тастау болды.

Америка қайраткерлері халықаралық қоғамдастықты осы тақырыппен әуреге салу мақсатында және санкцияларды сақтап қалуға сылтаулары болуы үшін сан рет құжат, дерексіз уәждерін айтты.

Ақ Үйдің басшылары әлі де болса «Иранның ядролық бағдарламасы ядролық келісім арқылы ауыздықталған қатер болған» деген уәж айтады.
Алайда Иранның ядролық бағдарламасы әу бастан бейбіт сипатты әрі айқын болды.

Американың ядролық келіссөздерге қатысудағы мақсаты Иранның уран байыту ісін мүлдем тоқтату еді.

Америка ауыр су мен Форду нысанының жұмысын да қабылдамады. Осы мақсаттары үшін Қауіпсіздік кеңесінде Иранға қарсы міндетті қарарлар бекітті. Соған сәйкес Иран Арак ауыр су реакторын жауып тастауы керек болды.

Америкалықтар санкцияларды біржолата жоюдың орнына оларды уақытша тоқтата тұруды көздеді. Іс жүзінде экономикалық және ядролық санкцияларды жою ядролық келісімге жету үшін Иранмен келіссөздердегі басты бағдар болды. Яғни, Қауіпсіздік кеңесінің қарарлары жойылып, Иранның ядролық бағдарламасының заңды, бейбіт сипатты болмысын бұзуды көздеген халықаралық құқықтық әрекеттер тоқтап, Иранға қарсы салынған біржақты санкциялар алынуы керек болды. 
Бұл келісімге Обама осы келіссөздердің басынан бұл сұхбаттар соның негізінде Иран кесімді түрде уран байыту құқығынан айрылып, бұл елдің ядролық бағдарламаларының инфрақұрылымдары жабылатын келісімге қол жеткізумен аяқталады деп айтқан жағдайда қол жеткізілді.
Ол сонымен қатар санкциялар Иран шындықты тексеретін қатаң стандарттарды жүзеге асырмайынша жойылмайды деген болатын.

Америка президенті егер осы сөздер жүзеге асырылмаса, келіссөздерден шығатынын да айтқан.

Қазір «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жүзеге асырылуымен ядролық тақырыппен байланысты барлық экономикалық санкциялар жойылып, Қауіпсіздік кеңесінде жаңа қарардың бекітілуімен осы кеңес пен АХҚА бекіткен бұрынғы қарарлар күшін жойды.
Осындай себептерге байланысты аталмыш келісімнің нәтижесін үлкен жетістік деп бағалау керек. Иран халқы өткен жылдардың барлығында қысымдар мен қоқан-лоққыларға табандылық танытып, солардың ауыр құнын төлеп келді. Сол себепті де Иранның ядролық технологиясының ісі қауіпсіздік саласындағы мәселеге айналып, кейін Қауіпсіздік кеңесіне жіберілді. «Иранның ядролық технологиясы қатер» деген жалған уәжбен шектеулер мен санкциялар салынды. Келіссөздер арқылы қол жеткізілген нәтиженің арқасында Иран әділетсіз санкциялар мен қарарлар аяқталуы үшін өзінің заңды құқығына абыроймен қол жеткізді.
Жүйе басшылары сан рет Иранның өзінің «қызыл сызықтары» туралы ешқашан келіссөз жүргізбейтінін ашық мәлімдеген болатын.
Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындаудағы және Иранның ядролық бағдарламасына қатысты қолдан жасалған дағдарысты доғарып, әділетсіз санкциялардың жойылуы жолындағы алғашқы қадам болды. Бірақ бұл жолды жалғастыру соншалықты оңай емес. Келіссөздердегі қарсы тараптың уәде бұзушылықтары мен сылтау іздеушіліктерінен қапыл қалмау керек. Себебі аталмыш қарарда санкцияларды қайтарудың механизмі шеңберінде «мылтықтың тартпасы» деп аталатын жайттар қарастырылғанымен,  бұл «Ортақ қадам» бағдарламасының оң нәтижелерін теріске шығару дегенді білдірмейді.
«Ортақ қадам» бағдарламасы шеңберінде Иранға салынған қару-жарақ саласындағы санкциялар сынды қарарлар күшін жойып, кейбір шектеулермен орын алмастырды. Осылайша, қорғаныстық қарулар импорты немесе экспортының мүмкіндігі кейбір жағдайлар үшін ғана әзірленді.Бұл шектеулер де бес жылдан соң толық түрде жойылатын болды.

Сонымен қатар бұрын жарғының жетінші бабының 14-ші тарауында міндетті түрде тыйым салынған Иранның зымырандық қорғаныстық бағдарламасын дамыту міндетті емес шектеу түрінде ИИР ешқашан оны мақсат етпеген ядролық оқтұмсықтарды тасымалдау үшін жобаланған ұшақтарға қатысты белгілі бір уақытта реттелетін болды. 
Ядролық келісім Америкадан сылтауларды алып, ядролық мәселе санкциялар иірімінен шыққанымен, Американың Конгрестегі кейбір сөздері және әрекеттері олардың санкцияларға оралуы үшін Иранға қысым жасау саясатын адам құқығын бұзу немесе зымырандық қорғаныс әлеуетіне алаңдаушылық, я болмаса Иранның лаңкестікке қолдау жасауы сынды уәждер негізінде жаңа механизмдерді қалыптастыруға мүмкіндік іздеуді жалғастырып отырғанын көрсетеді.
Шындық - Американың Иранға қатысты дұшпандық қатынасының әлі өзгермегенінде.
Себебі Иранның ядролық бағдарламасына алаңдаушылық тақырыбының шындықтан ауылы алыс болды. Бұрын ядролық келіссөздер командасында болған Американың Мемлекеттік хатшысының орынбасары Венди Шерман «Ортақ қадам» бағдарламасына қол қойылғаннан кейін бір сұхбатта «Иран ешқашан ядролық қару жасауды мақсат тұтқан емес» деп мойындады.

 

Олар «Ортақ қадам» келісімінен кейін де сылтау іздеуде. «Әлемнің қаржыгерлері Иранда құзырға ие болуға батылдары жетпейтіндей етуіміз керек» деген америкалық бір басшының таяудағы сөздері осы тектес ойлаудың бір үлгісі.
Иранның орталық банкінің директоры Валиолла Сейф бірнеше ай бұрын «Иранның әлемдік қаржы қоғамдастығына қайтадан қосылуы» атты Лондонда өткен конференцияда Еуропаның үлкен сауда банктерінің Американың айыппұл салуына байланысты қорқынышын олардың ирандық серіктестерімен жұмыс істеуге деген құлықсыздығының себебі деп атап: «Иранға салынған санкциялардың барлығы алынғанымен «Ортақ қадам» бағдарламасынан тыс санкциялар күшін жойған жоқ. Бұл үдеріс әлемнің үлкен сауда банктерінің АҚШ-ның заңдарынан «абайсызда ауытқу» салдарынан жазалауға ұшыраудан қорқуына байланысты ирандық серіктестерімен жұмыс істеуге деген құлықсыздықтарының себебі болып отыр» деді. 
Бұл тақырып Британия Сыртқы Істер Министрі Филип Хэммондтың «Біз санкциялардың жойылуының әсерлі болғанына сендіруге міндеттіміз» деген сөзінде айқын айтылды. Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф те «Ортақ қадам» келісімінің нәтижелері мен республикалық және халықаралық инвестиция» атты конференцияда сөйлеген сөзінде «Егер біреу АҚШ-ның мақсаттарына күдіктенетін болса, оның қателеспегені. Себебі Америкада да Иран туралы әртүрлі көзқарастарға ие түрлі ағымдар бар.
Бұл елдің Иран туралы саясаты дұрыс саясат болған жоқ» деді.
Бұл әрекеттердің үлгісі АҚШ-ның Бейбітшілік институтының Иранға қатысты тарауда жариялаған есебінен көрініс тапқан. Ол жерде «Ортақ қадам» орындалғаннан екі айдан кем уақытта Конгресстің Иранның ядролық емес санкцияларының тізіміне жаңадан 13 шараны қосқаны айтылған.

Зариф Швейцарияның Давос қаласында өткен әлемдік экономикалық форумда SNN телеаранасына берген эксклюзивті сұхбатта осы туралы: «Америка үкіметі біржолата «Санкция әсерсіз, Иранға қатысты сұхбат пен құрмет әсерлі» деген принципті қабылдауы керек. деді. 
Американың осы қатынасын ең әсерлі сипаттау «Ортақ қадам» бағдарламасынан кейін Иранның зымырандық әлеуетін сылтауратып, Американың Иранға қарсы салған санкцияларына реакция білдіріп Иран Сыртқы Істер Министрі
Зарифтің айтқан сөзі болар. Зариф Америка үкіметінің қатынасын нашақор адамға теңеп: «Нашақор нашақорлықтың істі ілгерілетпейтінін біле тұра оны тастай алмайды» деді.

Бұл әрекеттер Американың «Ортақ қадам» бағдарламасын жүзеге асыру жолында кедергі келтіру үшін бұрынғысынша талпыныс жасайтынын көрсетеді.

Осы шындықты қуаттап, Иран Сыртқы Істер Министрі Еуропаға, соның ішінде Ослоға жасаған сапарында Еуропа Одағының сыртқы саясат басшысы Федерика Могеринимен кездесуінде: «Америка санкцияларды қағаз жүзінде жойды деп санаймын. Сол себепті Вашингтон соңғы бірнеше онжылдықта жүзеге асырған заңдардың психикалық әсерлерін жою үшін әсерлірек шараларды орындауы керек» деді.
Зарифтің көзқарасы тұрғысынан Американың әрекеттері мен кедергі келтірушіліктері «Ортақ қадам» келісімінің жетістіктерінің реңін солғындатуды көздейді. Келісім барша содан пайда көретіндігін сезген жағдайда баянды болады.