Иран және халықаралық ұйымдар 1
https://itolqyn.com/radio/world-i11545-Иран_және_халықаралық_ұйымдар_1
Бүгінгі әлемде ерекше орынға ие халықаралық ұйымдардың бірі – Біріккен Ұлттар Ұйымы. Бұл бағдарламада осы ұйыммен таныстырумен қатар ИИР-ның аталмыш ұйымдағы орыны мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Иранның мәселелеріне қатысты қатынасын қарастыратын боламыз.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 22, 2016 12:00 Asia/Almaty
  • Иран және халықаралық ұйымдар 1

Бүгінгі әлемде ерекше орынға ие халықаралық ұйымдардың бірі – Біріккен Ұлттар Ұйымы. Бұл бағдарламада осы ұйыммен таныстырумен қатар ИИР-ның аталмыш ұйымдағы орыны мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Иранның мәселелеріне қатысты қатынасын қарастыратын боламыз.

Адамзат қоғамының Екінші Дүниежүзілік соғыстың басталуының алдын алудағы сәтсіздігі халықаралық деңгейде ықпалды түрде  ынтымақтастық жасайтын, әлемді соғыстан сақтауда әсерлі болатын бір жүйе құру қажет деген сенімді нығайта түсті.

Осындай мақсатпен 1945 жылы Сан-Франциско қаласында конференция өтіп, әлемнің 51 мемлекеті БҰҰ-ның Жарғысын әзірледі. Сол конференциядан кейін БҰҰ өзінің жұмысын ресми түрде 1945 жылдың қазан айынан бастады. БҰҰ жұмысының басталуымен ең алдымен бейбітшілікті сақтау барлық мәселелерге қарағанда басымдылыққа ие болады деп күтілді. Екіншіден, бейбітшілікті сақтау үшін мықты атқарушы кепілдік құрылып, соңында соғысқа тосқауыл қою жауапкершілігі бірнеше органға жүктелудің орнына тек Қауіпсіздік кеңесінің міндеті болып бекітіліп, мемлекеттердің ішкі істеріне қатысты мәселелер БҰҰ-ның міндетінен тыс деп қуатталды.

БҰҰ мүшелерінің саны 1950-1960 жылдары артып, 1988 жылы 159 мемлекетке, 2011 жылы 193 мемлекетке жетті.
Бұл ұйым бүгінде халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелері туралы келіссөздер өткізілетін негізгі орталық.
Ұйымның бейбітшілікті сақтаудағы міндетті рөлі негізінен тосқауыл қою немесе қақтығыстарды шектеу, соңында бейбітшілік орнату болып табылады. Алайда тәжірибелері мен бастамалары және белсенділіктері бойынша қазір бұл ұйым Сан-Франциско конференциясында мақсат етіліп, жоспарланған міндеттерінен басқаша түрде жұмыс істеп отыр.

БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес, ұйымның маңызды мақсаты – халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау. Осы бағытта БҰҰ бейбіт түрде және әділет принциптері мен халықаралық құқық негізінде әсерлі әрі ұйымдасқан шараларымен бейбітшілікке қарсы қауіп-қатердің алдын алып, оны жоюға күш салуы керек.
Сонымен қатар БҰҰ-ның келесі мақсаттарының біріне халықтар арасында тең құқық пен халықтардың егемендігі принципіне деген құрмет негізі мен әлемдік бейбітшілікті нығайту үшін қажетті басқа да шараларды орындауы жатады. 

Ұйымның үшінші негізгі мақсаты экономика, қоғамдық, мәдени немесе гуманитарлық салалардағы халықаралық мәселелерді шешу үшін халықаралық серіктестік жағдайын қалыптастырып, баршаны адам құқығы мен негізгі азаттықтарды сақтауға ынталандыруы  жатады.

Жарғы жалпы алғанда бейбітшілікті сақтауға, яғни шапқыншылықтың алдын алып, оны залалсыздандыруға ерекше көңіл бөлуі тиіс деп қорытынды жасауға болады. Бірақ маңызды сауал мынада: халықаралық ұйым біржақтылыққа салынбай, өзінің міндетін атқара алды ма?

БҰҰ көптеген негізгі және жанама органдардан құралған. Бас ассамблея мен Қауіпсіздік кеңесі –  ұйымның негізгі органдары. Бас ассамблея – осы ұйымның пікір алмасулар мен кеңестер өткізетін органы. Бұл ұйым барлық мүше елдерден құралған. Ассамблеяда мүшелердің әрқайсы бір ғана дауыс беру құқығына ие. Сол себепті ассамблеяны "әлемдік Парламент" деп те атаған. Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, бюджет тағайындап, мүше сайлау сынды маңызды мәселелер барлық мүшелердің үштен бірінің дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады. Басқа мәселелер бойынша көпшілік дауыс негізінде шешім қабылданады.   

Бас ассамблеяның шешімдері мен қарарлары көбінесе декларациялық және кеңес беру сипатына ие. Бірақ кейбір қарарлар уақыттың өтуімен және қайталануы арқылы біршама деңгейде мүше елдер үшін міндетке айналады. Солардың қатарында адам құқығы декларациясын атауға болады. 

Қауіпсіздік кеңесі де БҰҰ-ның негізгі және маңызды органдарының бірі саналады. Бұл кеңес халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетіне жауапты. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес, Қауіпсіздік кеңесінің өкілеттік аясына бйбітшілікті қорғаушы күштерді аттандыру, халықаралық санкцияларды бекіту, жауласушы елдерге қарсы әскери күштерді қолдануға рұқсат беру жатады. Кеңестің шешімдері Қауіпсіздік кеңесінің қарарлары түрінде жарияланады. Қауіпсіздік кеңесі бес тұрақты мүше мен сайланатын он мүшеге ие. Тұрақты бес мүшесі Кеңестің шешімдері мен дауыс беру бойынша  вето құқығына ие. Вето құқығына ие мүшелерге Франция, Ресей, Қытай, Британия және Америка жатады. Тұрақты емес он мүшесі де Бас ассамблея арқылы екі жылдық бір кезең үшін сайланады.  
БҰҰ-ның ең маңызды міндетінің халықаралық барлық деңгейлерде бейбітшілік пен әділет орнату екендігін айттық. Бірақ осы ұйымның соңғы бірнеше он жылдықтардағы Таяу Шығыс пен Үндістан және Пәкістан, Кипр, Палестина, Ирак, Ауғанстан мәселелері сынды халықаралық шиеленістерді шешудегі жұмысына жасалған шолудан бұл ұйымның кейбір кездері алпауыт елдердің ығына жығылып, солардың мүдделерін көздеп, халықаралық дағдарыстарға қатысты екіұшты әрекет етеді деген қорытынды шығаруға болады. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі тарапынан осындай қатынаспен бетпе-бет келген елдердің бірі – ИИР.  
БҰҰ-ның Жарғысы бекітілгеннен кейін Иран 1945 жылдың қараша айының он алтысы күні аталмыш ұйымның мүшелігіне өтті. Ислам революциясы мен Ислам революциясы орнатылғаннан кейін Иран БҰҰ-да белсенді құзырға ие болды, бірақ, өкінішке орай, соңғы онжылдықтарда кейбір жайттар бойынша осы ұйымның, әсіресе Қауіпсіздік кеңесінің әртүрлі  мәселелерде Иранның мұсылман халқының алаңдаушылығына себеп болған екіұшты және алалаушылық қатынасымен кездесті.
Соған қарамастан Иран ұйымда белсенді құзырға ие болып отыр. ИИР-ның ұйымға жасайтын ұсыныстары әрдайым шапқыншылыққа тосқауыл қою, мүше елдердің аумақтық тұтастығы мен саяси тәуелсіздіктерін сақтауға шоғырланды.
Иран БҰҰ-ның тәжірибелері негізінде кішігірім үкіметтердің егемендіктерін сақтау үшін халықаралық кепілдіктерге негізделген ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің бір түрін орнатуға мүдделік танытты.

Осы бағытта Иран өкілдігінің мүшелері кейбір басқа елдердің мүшелерімен Бас ассамблеяның өкілеттіктерін алпауыт елдер соған билік еткен Қауіпсіздік кеңесіне қарағанда арттыруға күш салды.  

Иран Қауіпсіздік кеңесінің құрамы саласында өткен конференцияда да Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелерінің санын арттыруды қуаттады.

Ислам революциясының жеңісі мен таңған соғыстың басталуымен БҰҰ-ның соғыс барысында шапқыншы елді қолдаудағы қате ұстанымы ИИР-ның халықаралық ұйымдардан теріс айналуындағы маңызды фактор болды.
Сырттай қарағанда халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау деген ең маңызды міндетке ие Қауіпсіздік кеңесі соғыс басталғанда таңылған соғысты тоқтату үшін мардымсыз талпыныс жасады.

БҰҰ-ның декларациясы мен Бас хатшының соғыс басталған күндері айтқан сөзінде тек екі елдің байланыстарының бұзылғаны туралы айтылып, тараптардан ұстамдылық таныту ғана сұралды. Сол декларацияларда БҰҰ Ирактың Иранға басқыншылық жасағаны туралы жақ ашпады.

Осындай салғырттық пен қасақана үнсіздік таныту диктаторлық және авторитарлы режимнің басшысы Саддам Хусейннің үш жылға жуық уақыт бойы өзінің жабайы щабуылдарымен күнәсіз халықты қырып-жойып, қалалар мен ауылдарды ойрандауына себеп болды.
Соғыс жылдарында ИИР үнемі Қауіпсіздік кеңесінің шараларын айыптағанымен Бас хатшының арағайындық танытқан талпыныстарына қолдау көрсетіп, Бас хатшының өкілдерінің Иранға келуіне ешқашан кедергі жасаған емес.

Бұл үдеріс қалаларға қарсы соғыс басталғанан кейін де жалғасты. Иран үкіметі Бас хатшыға көптеген хат жазып, Ирак әскерінің Ираның әскери емес аймақтарына жаңадан бомбалау әрекеттерін жасап жатқанын хабарлады. Барлық хаттарда Қауіпсіздік кеңесін кінәлап, оның қатынасын Иракты әскери емес халықпен қатынаста халықаралық құқықты бұзуды жалғастыруға ынталандыру деп атады. 

Қауіпсіздік кеңесі тарапынан әсерсіз бірқатар қарардың бекітілуімен соғысты тоқтату туралы арту үстіндегі халықаралық қысымдардың нәтижесінде 1977 жылдың шілде айының 20 күні №598 қарар бекітілді.
Иран бұл қарарға реакция білдіріп, алдымен оны қабылдаудан бас тартты. Бірақ соңында бір жылдан соң аталмыш қарарды қабылдап, атысты тоқтату бітімі орнатылды. 

Бірақ Қауіпсіздік кеңесінің Иранмен екіұшты қатынасы Ирактың таңған соғысымен шектелмейді. Америка тарапынан Иранның жолаушы тасымалдайтын ұшағының атып түсірілуі барысында да Иранның Қауіпсіздік кеңесіне тсүірген шағымы нәттижесіз қалды.
Себебі аталмыш кеңес Американы айыптаған да жоқ. ИИР-на қатысты іріктеулі түрдегі қатынас туралы айтар сөз көп. Бірақ бағдарламаның бүгінгі уақыты аяқталғандықтан, сөзіміздің жалғасын алдағы бағдарламалардың еншісіне қалдырамыз.