Иран және халықаралық ұйымдар 3
https://itolqyn.com/radio/world-i11989-Иран_және_халықаралық_ұйымдар_3
Назарларыңызға «Иран және халықаралық ұйымдар» атты бағдарламалар тізбегінің үшінші бөлімін ұсынамыз. Егер естеріңізде болса, алдыңғы бағдарламаларда БҰҰ-ның бүгінгі әлемдегі орыны мен жұмысы туралы әңгімелеген болатынбыз. БҰҰ-ның негізгі органдарының бірінің Қауіпсіздік кеңесі екендігіне, оның соңғы онжылдықтардағы саяси ағымдардың көбінде рөл атқарғанына тоқталдық.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 31, 2016 15:16 Asia/Almaty
  • Иран және халықаралық ұйымдар 3

Назарларыңызға «Иран және халықаралық ұйымдар» атты бағдарламалар тізбегінің үшінші бөлімін ұсынамыз. Егер естеріңізде болса, алдыңғы бағдарламаларда БҰҰ-ның бүгінгі әлемдегі орыны мен жұмысы туралы әңгімелеген болатынбыз. БҰҰ-ның негізгі органдарының бірінің Қауіпсіздік кеңесі екендігіне, оның соңғы онжылдықтардағы саяси ағымдардың көбінде рөл атқарғанына тоқталдық.

Бұл – кейде соғыстардың орын алуына тосқауыл жасап, тағы бір кездері соғыстардың тоқтатылуына көмектескен орган.

Қауіпсіздік кеңесі – халықарлық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтау міндетіне ие БҰҰ-ның негізгі органдарының бірі. БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес Қауіпсіздік кеңесінің өкілеттігіне бейбітшілікті қорғау күштерін аттандыру, халықаралық санкциялар қабылдау, жауласушы елдерге қарсы әскери күштерді қолдануға рұқсат беру жатады. Бұл кеңестің шешімдері Қауіпсіздік кеңесінің қарарлары түрінде жарияланады. Шын мәнінде Қауіпсіздік кеңесі БҰҰ-ның атқарушы органы саналады. Оның қарарларын орындау мүше елдердің барлығы үшін міндетті. Сонымен қатар Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүше мен сайланатын 10 мүшеге ие екендігін айттық. Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ету кезекпен жүзеге асырылады. Оның мерзімі – 1 ай. Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі – Америка, Британия, Франция, Ресей мен Қытай. Кеңестің сайланатын 10 мүшесі Бас ассамблея тарапынан шамамен Ұйымға мүше 190 елдің арасынан екі жылдық бір кезеңге сайланады.  

Жыл сайын жаңа бес мүше бұрынғы мүшелердің орнын басады. Иран осы уақытқа дейін екі жылдық бір кезеңде Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болды.

Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі кеңестің қабылданатын шешімдері мен берілетін дауыстарында вето құқығына ие. «Вето» – латын тіліндегі сөз. Яғни, «мен тыйым саламын» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірінші рет Рим империясы кезеңіндегі жиналыстарда қолданылды. Бүгінгі әлемнің саяси терминінде де, егер дауыс беру жүйесінде бір немесе бірнеше дауыс берушінің қарсы дауысы дауыс санағының нәтижесінен тыс нәтижені болдырмайтын болса, «дауысқа вето салынды» дейді.

Вето құқығын қабылдау БҰҰ-ның құрылуының басынан-ақ басқа елдердің сынымен бетпе-бет келді.

Себебі олар бұл құқықты ресми түрде тану дегенді шын мәнінде үкіметтердің теңдік принципін теріске шығару деп санады. Бірақ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі өздерінің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауда ең үлкен үлеске ие және БҰҰ-ның қаржылай және әскери күштерін қамтамасыз ету өздерінің мойындарында деген дәлелмен осы артықшылықты өздері үшін заңды және барлық сындарға қарамастан халықаралық қауымдастыққа, егер олар үшін вето құқығы ресми түрде танылмайтын болса, БҰҰ құру тақырыбы толығымен жойылады деген қоқан-лоққы жасады. Осы тақырыпқа байланысты басқа мүше елдер БҰҰ мүлдем құрылмай қалғаннан тұрақты мүшелерге мұндай артықшылық берген артық деген нәтижеге жетті.   

Кеңестің 70 жылдық жұмысына шолу бұл кеңестің алпауыт елдер үшін ешқандай пайдасы болмаған кішкентай және орташа елдердің арасындағы соғыстар мен ұрыс-керістерді азайтуда маңызды рөл атқарғанын көрсетеді, бірақ алпауыт елдердің мүддесі көзделген соғыстарға қарсы ықпалды рөл атқара алған жоқ. Тіпті кейде соғыс отын лаулата түсу үшін бұл Кеңес жәрдем де берді. Осы уақытқа дейін мүддеге ортақ болған тұрақты мүшелердің бірінің ветосы бірнеше рет Қауіпсіздік кеңесінің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаушы негізгі орган ретінде шешім қабылдай алмауына себеп болды. Теріс дауысты қолданудың мысалын Американың сионистік режимнің сынға ұшыраған әрекеті туралы қарарларға қатысты қайталанған ветоларынан көруге болады.

Ирандық бір адвокат 2012 жылы «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қирандыларында» атты өзінің кітабында осы шындыққа назар аудартып: «Қауіпсіздік кеңесінің сионистік режимнің Ливан мен Палестинаға қарсы соғыстарына қатынасы бұл кеңестің ұлттардың емес, шапқыншылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші орган екендігін көрсетті» деп жазды.   

Қауіпсіздік кеңесінің ИИР-мен байланысты мәселелермен қатынасы да осы кеңестің елдерге екіұшты және алалау сипатты қатынас көрсетуінің келесі бір үлгісі. Мысал ретінде Американың теңіз бірліктерінің шабуылына ұшыраған ИИР-ның жолаушы тасымалдайтын ұшағын құлату оқиғасына тоқталуға болады.

1988 жылдың шілде айының үші күні ИИР-ның әуе компаниясының Airbus ұшағы бағдарланған әдеттегі №655 рейспен Бандар-Аббастан Дубай бағытын бетке алып, тиісті биіктікке әлі көтеріле қоймаған жағдайда Иран жеріндегі суларда, дәлірек айтқанда Хенгам аралының айналасындағы суларда америкалық «Винсеннес» кемесінен атылған екі зымыран салдарынан құлап, ішіндегі 298 жолаушы экипажымен бірге көз жұмды. Қайтыс болған жолаушылардың 66-ы он үшке толмаған балалар, 53-і әйелдер, 46 шетел азаматтары болған.

Құрастырылған өтіріктері әшкере болғаннан кейін Америка қайраткерлері қылмыстарын ақтау үшін қарама-қайшы дәлелдер келтіруді бастап, қаскүнем әрекеттерін қателік деп түсіндіруге талпыныс жасады.

Бірақ «Винсеннес» соғыс крейсерінің ең дамыған радиолокациялық және компьютерлік жүйелермен жабдықталғандығы, сонымен қатар ұшып бара жатқан ұшақ түрінің айқын болуына байланысты қателік ықтималының болмағаны, бұл әрекеттің қасақана және дұшпандық әрекет болғаны айқындалды.

Осы әшкере шабуылдан кейін ИИР 1988 жылдың 5-ші шілде күні Қауіпсіздік кеңесінің төрағасына жазған хатта тақырыпты қарастыру үшін кеңестің төтенше отырысын өткізуді сұрады. Сол жылдың шілде айының 16 күні Кеңес отырыс өткізді.

Қауіпсіздік кеңесі екі ел өкілдерінің сөздерін тыңдаған соң, 1988 жылдың шілде айының 30 күні ұсыныстық қарардың жобасын ғана бекітті. Онда бар болғаны оқиғаның орын алуына өкініш білдіріп, құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтумен шектеліп, тақырыпты техникалық тұрғыдан тексеру сұралды.

БҰҰ-ның мамандандырылған органы – Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы да саяси мәселелерден тыс қалмай, оқиғаны техникалық тұрғыдан тексеріп, Қауіпсіздік кеңесіне жөн көрсетудің орнына бар болғаны ұшақ құрбандарының артында қалғандарына өкініш білдіріп, жанашырлық танытумен шектелді.

Бұл БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ИИР-ның Airbus апатына қатысты реакциясы бар болғаны бірнеше айдан кейін орын алған осыған ұқсас оқиғамен ешбір салыстыруға келмейтін жағдайда орын алды.

1988 жылдың желтоқсан айының 21 күні Pan American компаниясының жолаушы тасымалдайтын бір ұшағы Шотландияның Локерби қаласының әуе кеңістігінде жарылып, соның салдарынан 259 адам қаза тапты. Үш жылдық тексерістер мен тергеулерден кейін соңында америкалық және британдық басшылар ұшақты жару ісіне Ливияның екі азаматы себепкер болған деген нәтижеге жетті. Бірақ Ливия үкіметі бұл уәждерді теріске шығарды. Осылайша, мәселе шешімін табуы үшін БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне жіберілді. Басында Кеңес №731 қарар бекітіп, Ливия үкіметінен Британия мен Америка үкіметтерінің өтінішіне, яғни айыпталушыларды экстрадициялауды, оларға қатысты мәліметтерді беруге, куәлермен кездесуге жеңілдік жасауға және өтемақы төлеу туралы талапқа оң жауап беруді сұрады. Халықаралық құқықтық заңдардың біріне сәйкес, осындай жағдайда қатысты ел, яғни Ливия айыптыларды не өз елінің ішінде соттап, жазалай алады немесе оларды экстрадициялау арқылы талап етуші елдерге (бұл жерде Америка мен Британия) жазалап, соттауға тапсыра алатын. 

Қауіпсіздік кеңесінің жоғарыдағы шешімі Ливия үкіметінің құқығын бұзды.  

Сол себепті Ливия Британия мен Американың өтініштеріне оң жауап беруден кідіріп, соның нәтижесінде Қауіпсіздік кеңесі Ливияға қарсы қатаңырақ шешімдер қабылдауға мәжбүр болды. Кеңес осы іске қатысты қабылдаған өзінің келесі қарарында (№748) Ливия үкіметі тарапынан Pan American ұшағының жарылысына күдікті деген ливиялық азаматтардың экстрадицияланбауын халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы қоқан-лоққы деп атап, осы үкіметке қарсы санкциялар салды.     

Осыдан ұқсас екі оқиғаға қатысты Қауіпсіздік кеңесінің екі түрлі әрі екіұшты қатынасын көруге болады.

Бірақ Қауіпсіздік кеңесінің іріктемелі қатынасы осы оқиғалармен ғана шектелмейді. 

Соңғы он жылдықтардағы тәжірибелер Қауіпсіздік кеңесінің теңдік пен халықаралық салалардағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті әшкере түрде бұзу бойынша көптеген жайттарға көрсеткен қатынасында үддеден шықпай, өзінің негізгі міндеттерін орындауда алпауыт елдердің мүдделері негізінде шешім қабылдағанын көрсетті. 

Осы салада соған сілтеме жасауға болатын келесі жайттардың бірі Иранның әртүрлі аймақтарының Саддам режимі арқылы бомбалануы және осы кеңестің аталмыш оқиғаға қатысты қатынас тәсілі.

Саддам режимі таңған соғыс жылдары Иранның қалаларына кең ауқымды шабуылдар жасап, қорқынышты қылмыстарға барды. Осы химиялық шабуылдарда 100 000-нан астам адам шәһид болып, уланып, уланған адамдардың қаншамасы әлі де сол апаттың салдарынан қиындық шегуде.

Саяси мамандардың пікірі бойынша, Саддамның химиялық қаруларды қолданудағы негізгі себептерінің бірі шын мәнінде халықаралық қауымдастықтың үнсіздігі мен БҰҰ-ның осы қылмыстарды айыптаған қарарларына батыс елдерінің салған ветолары болды. Саддам режимі 1981 жылдың қаңтар айынан ирандық күштерді Иламның батысында химиялық оқ-дәрілермен нысанаға алған кезден бастап, таңған соғыстың соңына дейін 3500-ден астам химиялық шабуылдар жасап, мыңдаған әскери емес және әскери адамдарды шәһид етіп, ондаған мың адамды уландырды. Осы салада орын алған апат пен БҰҰ-ның осы қылмыстарға қатынасының тәсілі туралы айтар сөз көп.