Жел 15, 2016 14:55 Asia/Almaty
  • Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) бірлік қалыптастыру тәсілі

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Расында сендер үшін Алланы да, ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар (Ахзаб, 21)»,-деген. Осы аятқа сәйкес Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) қарым-қатынасы, сөйлеу мәнері мен іс-әрекет тәсілі – мүміндер үшін ең жақсы үлгі. Әлемдегі мұсылмандар қоғамы осы ұлық пайғамбардың тәсілдерін үлгі етіп, өзінің бүгінгі қиын мәселелері үшін ем таба алса нұр үстіне нұр болар еді.

Бүгінгі бағдарламада хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) туған күніне орай біртұтас ислам үмбетінің негізін қалар кездегі осы ұлық пайғамбардың бірлік қалыптастыратын тәсіліне шолу жасауды мақсат тұтып отырмыз. 

«Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндерге өте жұмсақ, ерекше мейірімді. (Тәубә, 128)».

Бұл Құран Кәрімнің түнектен жетекшілік пен бақыттың нұрын іздеген және Алланың соңғы пайғамбарының туған күнін күтетін адамдарға берген ізгі хабары. Бұл барлық замандардағы бүкіл халыққа айтылған ізгі хабар болып табылады. Бұл хабарда рақымшылық пен жанашырлықтан тұратын пайғамбардың болмыс-бітімінің нұры адамзатқа жетекшілік ету жолын мәңгілікке жарқыратты.

Хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) сәлем! Алланың пенделеріне тура жолды көрсететін оның қадамдарының дұрыстығына сәлем! Әлем халықтарын өзінің мейірімге толы құшағына тартқан кеудесінің кеңдігіне сәлем! Қатты да қатігез жүректерді таза зәмзәмға айналдыратын сөйлеуі мәнеріне сәлем! Артынан ерген қалың жұртты Алла Тағаланың алдына дейін жоғарылатып, ғашықтыққа толтыратын құлшылығына сәлем! Араб пен араб емес, ақ пен қара, кедей мен бай, құл мен қожайынның қолдарын бір-біріне ұстатып, тақуалық пен пәктіктен басқаны артықшылықтың мизаны санамайтын оның әділеттігіне сәлем! Соңғы пайғамбар хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) сәлем (салауат)! Алланың соңғы елшісінің үмбетін хазіреттің туған күнімен құттықтаймыз!

Әлемдегі мұсылмандар қоғамы хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) туған күнін алауыздықтан туындаған жарақаттардан зардап шегіп отырған жағдайда тойлап жатыр. Пайғамбар: «Мүміндер бір-біріне бір адамның денесіндегі мүшелердей. Егер адамның басы ауырса, бүкіл дене дертке шалдығады. Егер көзі ауырса, басқа мүшелерінің жұмысы бұзылады»,-деді. Имам Әли (ғ.) пайғамбарды сипаттап: «Алла Тағала оның қолымен кектерді жойды, соғыс отын сөндірді, бөгделерді бауырдай байланыстырып,  бауырластық қатынасты таратты. Оның қолымен жөнсіз құрметтердің құнын түсіріп, бағаланбай келген кішіпейілдікті құрметке айналдырды. Ия, пайғамбар өзіне жүктелген миссия негізінде Алла Тағаланың нұсқауларын жариялады. Яғни, Алла Тағала осы хазірет арқылы қайшылықтардан туындайтын жарықтарды жамап, туысқандардың арасында бірлік пен жақындастық тудырды. Бұған дейін олардың кеуделерінде жауластық жалындап, жүректерінде кек жатқан еді»,-деген.  

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар. (Ахзаб, 21)»,-деген. Осы аятқа сәйкес Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) қарым-қатынасы, сөйлеу мәнері мен іс-әрекет тәсілі – мүміндер үшін ең жақсы үлгі. Әлемдегі мұсылмандар қоғамы осы ұлық пайғамбардың тәсілдерін үлгі етіп алып, өздерінің бүгінгі қиын мәселелеріне ем таба алса нұр үстіне нұр болар еді.

Құран Кәрім тұрғысынан біртұтас ислам үмбетін құрудағы басты кедергілердің бірі – нәсілшілдік пен бір ұлтты артық санау. Тарих ұлттық және қауымдық фанатизмнің пайғамбардың миссиясы басталған кезде адамзат қоғамын сан топқа бөлгенін көрсетті. Көптеген жөнсіз кемсітушіліктер осы негізде қолданылатын. Мұның бәрі жүректерді кек пен қызғанышқа толтыратын. Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) сан-саққа бөлінген осы қоғамды біріктіруі керек болды. Пайғамбар Алла Тағаланың бұйрығымен негізгі принципті теңдік деп алып, Құран Кәрімге сәйкес артықшылықтың жалғыз негізін тақуалық деп жариялады.  Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) құлдар мен қожайындардың арасына айырмашылық қоймаған, өзінің қатынасымен басқаларға теңдіктің тәтті дәмін татырған. Тіпті бір топтың ортасында отырғанда пайғамбарды танымайтын адам оны басқалардан айыра алмайтын болған.  Өйткені хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)  өзінің жоғары дәрежесіне қарамастан, құл мен азат адамды, араб пен араб еместі, бай мен кедейді Алла Тағаланың пенделері ретінде құрмет тұтып, олармен өз адамдарының бірі сияқты қатынас жасаған. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)  хазірет Хадидженің (с.) нөкері болған Зейд ибн Харесені асырап алған. Содан соң ислам негізінде тәрбие алған Зейдті ислам әскерінің қолбасшысы етіп тағайындаған. Сондай-ақ, бұрын қара құл болған Белал Хабашиді исламның алғашқы азаншысы еткен.  Сонымен қатар Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) ұлты араб болмаған Салман Фарси туралы: «Салман біздің, Ахл-е бейттің әулетінен деген»,-деген. Осылайша Алла елшісі (с.ғ.с.) ұлттар арасындағы қолдан жасалған шекараны бұзып, біртұтас ислам үмбеті ішіндегі іріткі мен алауыздықтың ең маңызды себебін жойған.  

Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) Мединаға келіп, ислам үкіметін құруды көздеген кезде Мәдина қоғамы мұсылмандар мен иудейлер мен әртүрлі тайпалардың қосындысынан тұрған еді. Солардың ішіндегі «ус» пен «хазудж» тайпалары арасында жүз жылдан астам уақыттан бері кек пен жауластық болған. Алла елшісімен (с.ғ.с.) бірге Меккеден Мәдинаға қоныс аударған адамдар да басқа топқа жататын. Олардың мал-мүліктері болмаған әрі олардың  мәдениеттері де басқа еді. Олар өздерінің тайпаларынан бөлініп шығып, дінді сақтау үшін  Мәдинаға  қоныс аударған болатын.  Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) қоғамды теңестіру үшін бірінші кезекте Мәдина тұрғындары үшін жалпы заңдар дайындап,  әртүрлі тайпалармен келісімдер жасады. Еврейлер Ислам пайғамбарымен (с.ғ.с.) бейбіт келісім жасап,  дұшпандар Мәдинаға шабуыл жасаған жағдайда мұсылмандармен қатар қаланы  қорғауға, құрайыш тайпасын қаржы және адам жағынан  қамтамасыз етуден және олармен сауда жасаудан бас тартуға уәде берді. Осы тарихи келісім туралы ойлағанда пайғамбарға адалдық мәдениетінен адамдарға қаншалықты құрмет көрсетілетінін анық көруге болады. Адамдардың бостандығына көңіл аударылады.  Күш көрсету мен өз еркін біреуге таңуға жол жоқ. Бұл келісімдерде құрайыш, ус пен хазудж тайпаларынан қоныс аударғандардың ғана құқығы сақталып қана қойған жоқ, кез-келген тайпадағы еврейлерге де осындай жағдай жасалған. Олар дұшпандық жасамаса, ислам үмбетімен бірге өмір сүре алады.

"Бауырластық туралы келісім" – хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) ислам қоғамының бірлігін айтарлықтай күшейткен келесі бір шарасы. Алла елшісі (с.ғ.с.) мұсылмандарға екі-екі адамнан бір-бірімен бауырластық келісімін жасауға бұйрық берді. Бұл келісімнің әдемілігі ислам келгеннен кейін Алла Тағаланың үкімімен тайпалық және ұлттық байланыс өз құнын жойып, содан соң әртүрлі тайпалар мен әртүрлі ұлттарға жататын адамдардың арасында бауырластық келісімі жасалған кезде айқындала түсті. Бұрын құл болған адамдар мал-мүлкі мол адамдармен теңестірілді. Мұсылмандар қоғамын бөлген надандықтың шекаралары жойылып,  біртұтас ислам үмбетінің негіздері нығая түсті.  Тарихты сараптаушылардың кейбірінің пайымдауынша, осы бауырластық пен діни теңдік туралы келісім  қоғамдағы адамдарды жақындастыруда ең әсерлі құрал болып, хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Аллаға иман келтіру өзегінде бірлік тудыруға талпыныс жасағанын  көрсетеді. Қазіргі таңда әлем мұсылмандары тағы да өз араларында осы бауырластық келісімін қайта жандандыруға мұқтаж болып отыр.

Бауырластық келісімі

Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) жаңадан пайда болған ислам үмбеті арасында бірлік тудыруда қолданған тәсілі барлық замандардағы ислам үмбетінің бірлігі үшін тиімді үлгі болып табылады. Қазіргі таңда осы пайғамбардың мүміндердің жүректері арасында жақындық тудыру үшін қолданған тәсілі ғана біздің алдымызда тұрған жоқ. Ислам пайғамбарына (с.ғ.с.) деген махаббат пен ғашықтық ұлы тірек ретінде әлемдегі 1,5 млрд мұсылманның жүрегінде сақталған. Алла елшісі (с.ғ.с.) және оның барша мұсылмандардың сезімдері мен сенімдерінде басты орында тұруының өзі бірлік тудыратын фактор болып табылады.  Исламның ақиқаттары мен танымдары арасында  Алла елшісінің (с.ғ.с.) бар болу фактісінің деңгейінде барлық мұсылмандардың ортақ келісімі, сенімдері мен сезімдерін тудыратындай ештеңе жоқ.  Өйткені  Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) туралы ортақ сенімдердің болуымен қоса, мұсылмандардың сезімдері мен жүректерінде осыған қатысты біртұтастық бар.  Сондықтан ислам пайғамбарының болуы бірліктің өзегі бола алады.  Тура осы себептен  исламның дұшпандары мұсылмандардың бірлігіне қарсы барлық талпыныстарымен қоса әрдайым Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) болмыс-бітімін нысанаға алып, оны  дұрыс тануға бөгет жасайды.  

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи осыған қатысты: «Құран Кәрім, Қағба, парыздар мен сенімдердің барлығы ортақ, бірақ  бұлардың әрқайсысы адам болмысының бір қырына, мысалы, сенім, махаббат, рухани тартылыс, ғылыми еліктеу, теңестіру және тудыру күйлеріне әсер етеді. Сол кезде мұсылмандар арасында осы айтылғандардың көбіне әртүрлі тәпсірлер мен көзқарастар тұрғысынан көңіл аударылады. Бірақ барша мұсылмандардың ой-сенімі, сезімінен де маңыздырақ бірлік пен түсіністік тұрғысынан ортақ пікірге ие мәселесі – Алланың соңғы елшісі хазірет Мұхаммад бен Абдулланың (с.ғ.с.) болуы. Бұл мәселені үлкен деп санау қажет. Бұл махаббатты күн сайын арттыру керек. Осы қасиетті тұлғаға деген рухани тартылысты мұсылмандардың санасы мен әрбір адамның жүрегінде күшейтуіміз керек»,-деді. 

Бүгінгі бағдарламаны имам Әлидің (ғ.) сөзімен аяқтаймыз. Бауырластық келісімі жасалған кезде Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) тарапынан бауыр деп танылған имам Әли (ғ.): «Ізгі жандардың жүрегі оған (пайғамбарға) ғашық болды. Барлық адамдардың назары оған ауды. Ол біздің жүрегімізде үміттің ұшқынын жақты. Алла Тағала өзінің ұлылығымен бізге жүк артып, хазіретке деген махаббат пен ғашықтықты жүрегімізге салған соң бізді де ізгі жандардың қатарында деп санаған болар. Ол бізге көңіл аударып, біздің өлген жүрегімізді пайғамбарға деген махаббатпен тірілтіп, жүрегіміздің көзін оның рухани келбетінің сұлулығымен нұрландырды»,-деген болатын.    

Тегтер