Трамптың президенттік кезеңі адам құқықтарын бұзумен басталды
(last modified Tue, 14 Feb 2017 20:33:02 GMT )
Ақп 15, 2017 02:33 Asia/Almaty
  • Трамптың президенттік кезеңі адам құқықтарын бұзумен басталды

Дональд Трамптың президенттік қызметіне кіріскеніне екі апта өтпей жатып, АҚШ-тың 45-ші президентінің адам құқықтарын бұзушылығының тізімі кеңейе түсті. Осы ретте Дональд Трамптың адам құқықтарына қарсы ең шулы әрекеттерінің бірі Америкаға жеті мұсылман елі азаматтарының кіруіне тыйым салу туралы заңға қол қойғаны екендігі шүбәсіз. Бүгінгі бағдарлама барысында осы мәселені толығырақ қарастырамыз.

Диктор 1:

АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трамп билік басына келген уақыттан 10 күн аралығында АҚШ-ты әлемге соңғы 100 жүз жыл ішінде бұрын-соңды болмаған жағдайда қарсы қойды. АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні барлық босқындар үшін 120 күнге дейін, ал сириялық босқындарға келесі хабарламаға дейінгі кезеңге дейін елге кіруге тыйым салатын заңнамалық актіге қол қойды. Сонымен қатар, Иран, Ирак, Ливия, Сомали, Судан, Сирия және Йемен азаматтарына 90 күнге дейін елге кіруге тыйым салынды.

Трамп жеті мемлекет азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды

АҚШ президентінің 7 мұсылман елінің иммигранттары мен мұсылман азаматтарына виза беруге тыйым салуына негізделген жарлығы елдің іші мен халықаралық деңгейдегі наразылық толқынын тудырды. АҚШ пен басқа елдердің жоғары лауазымды тұлғалары, халықаралық мекемелер мен бұқаралық ақпарат белсенділерінің көпшілігі бұл шешімді нәсілшілдік және адамгершілікке жатпайтын әрекет деп атады.

Диктор 2:

БҰҰ-ның жаңа португалиялық бас хатшысы Антонио Гутерриш Аддис- Абебада өткен Африка одағы саммитінің ашылу рәсімінде: «Тіпті әлемнің ең дамыған елдерінде шекаралар жабық болса да, Африканың шекаралары қорғаныс қажет ететіндер үшін ашық»,- деді. 

БҰҰ-ның бас хатшысы Антонио Гутерриш Африка одағының 28-саммитінің ашылу рәсімінде; 1395 ж 11 бахман

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссары Зейд Раад Хосейн Твиттердегі өзінің парақшасында: «Адам құқықтары туралы заңға сәйкес ұлтына байланысты кемсітуге тыйым салынады. АҚШ-тың тыйым салуы рақымсыз әрекет және лаңкестікпен дұрыс күресу үшін қажетті ресурстарды босқа шығындауға соқтырады»,- деп жазды.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комиссары Зейд Раад Хосейн жеті мұсылман елі азаматтарына АҚШ-қа кіруіне тыйым салу туралы жарлықты заңсыз деп атады

Диктор 1:

Америкалық саясаткерлер, әсіресе демократтар, америкалық азаматтық қоғам институттары мен құқық қорғаушылар бүкіл елде Трамптың әрекетіне қатысты ашу-ызалары мен жек көрушілік білдіріп, оның күшін толығымен жойып, не алдын алу үшін наразылықтарын білдіруді жалғастыруда.

Хиллари Клинтон Твиттерде жариялаған хабарламасында аталмыш наразылықтарды қолдап: «Мен АҚШ-тың жер-жерінде құндылықтар мен Конститутцияны қорғауға жиналған халыққа тілектестік білдіремін»,- деп жазды. 

Хилари Клинтон: Мен АҚШ-тың жер-жерінде құндылықтар мен Конститутцияны қорғауға жиналған халыққа тілектестік білдіремін

Гарвард университетінің Халықаралық қатынастар пәнінің ұстазы, профессор, «Пульс Медия»-ның таңдауы бойынша 2009-2010 жылдардағы әлемнің он ең үздік ойшылдарының бірі Стефан Мартин Вальт өзінің Твиттер парақшасында: «Трамптың виза беруге тыйым салуы мұсылмандарға қарсы бағытталған діни фанатизм болып саналады. Себебі, бұл тыйымның қауіпсіздік мәселесіне қатысы жоқ, тек мұсылмандарға қарсы діни фанатизмнің бір түрі болып табылады»,- деді.

Стефан Мартин Валь

Сонымен қатар, Демократиялық партияның мүшесі, сенатор Крис Мерфи Твиттердегі өзінің парақшасында: «Жеті мұсылман елінің иммигранттары мен саяхатшыларына виза беруге тыйым салу заңсыз әрекет болып саналады. Заң бойынша бәрі анық, мұсылмандарға қарсы виза беруге тыйым салу – заңсыз. Келесі аптада бұл қатерлі әрі өшпенділік тудыратын жарлықтың күшін тез арада жоятын заң жобасын ұсынамыз»,- деді.

Демократиялық партияның мүшесі, сенатор Крис Мерфи

Джордж Буштың президенттік кезеңіндегі АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Николас Бернс Твиттерде Трамптың антимиграциялық жобасын айыптап: «Біз иммигранттардан құралған ұлт болып саналамыз. Мадлен Олбрайт, Генри Кисинджер, Глория Эстефан және Альберт Энштейн – барлығы да иммигрант болған»,- деп жазды.

Николас Бернс

АҚШ-тың республикашылдар партиясының мүшесі, сенатор Джон Маккейн: «АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың елге иммигранттардың кіруіне тыйым салу туралы жарлығы ДАИШ лаңкестік тобы үшін «үгіт-насихаттық порция» ұсынып отыр»,- деді.

Маккейн CNN телеарнасына берген сұхбатында Трамптың жарлығын бұрыс әрі қате үдеріс деп сипаттады.

Джон Маккейн

АҚШ Сенатындағы республикашылдардың төрағасы, сенатор Митч Макконель АҚШ-тың жаңа президентінің антимиграциялық жарлығына қатысты қажетті түрде сақ болуды баса айтып: «Мигранттарды іріктеуді күшейту жақсы ой болып табылады, алайда еліміздің ішінде болсын, не одан тыс жерде болсын, экстремисттік исламшыл лаңкестікпен күресудегі біздің ең мықты ресурстарымыздың бірігің мұсылмандар екенін ұмытпағанымыз жөн»,- деді.

АҚШ Сенатындағы республикашылдардың төрағасы, сенатор Митч Макконель

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы психология саласының профессоры Джон Гартнердің пікірінше, Дональд Трамп шамадан тыс өзімшілдігімен байқалатын психоз ауруына шалдыққан. Ал агрессивті және қоғамға қарсы әрекеттері, басқаларды азаптау мен  шизофрения сол ауытқушылықтың нышандары болып табылады.

Дональд Трамптың өзімшілдігі

Диктор 2:

Ұлыбритания мұсылмандары кеңесінің бас хатшысы Һарун Хан Дональд Трамптың 7 мұсылман елінің азаматтарына АҚШ-қа кіруіне тыйым салу туралы жарлығын айыптап: «Ұлыбритания үкіметі заңға қарсылығын ашық түрде жариялауға міндетті.

Трамптың тыйым салуы орынсыз ғана емес, сондай-ақ қатерлі және Ұлыбританияның теңдік пен кемсітушілікке қарсы құндылықтарына қайшы келеді. Бұл тыйым салу әрекеті қос азаматтығы бар Ұлыбритания азаматтары үшін Парламент депутаты Надим Заһави секілді қиыншылық тудырды. Сондықтан да, Ұлыбритания үкіметі өзінің америкалық әріптестеріне лаңкестікпен күресудегі және мұндай күлкілі саясаттың толығымен тиімсіз екенін ашық мәлімдеуі қажет»,- деді.

Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эро да АҚШ-тағы мигранттарға қарсы кемсітушілік әрекеттерді айыптап, Твиттердегі парақашасында: «Мигранттарды қабылдау гуманитарлық парыз саналады. Лаңкестік ұлтқа қарамайды, ал кемсітушілік тиімсіз реакция болып саналады»,- деп жазды.

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эро

Францияның президенті: «АҚШ-тың жаңа үкіметі демагогияның, тіпті әсірешілдіктің отын тұтандыруда.

Бүгінде АҚШ-тың жаңа үкіметінің дискурсы деп отырғанымыз негізінде демагогия, одан қалса әсірешелдік болып табылады»,- деп қуаттады.

Франсуа Олланд

Италияның премьер-министрі Паоло Джентилони Твиттердегі өзінің парақшасында өз елінің босқындар мен мұсылман елдері азаматтарына қатысты ешқандай кемсітушілікке жол бермейтінін баса айтып: «Италия өзінің құндылықтарына берік. Ашық қоғам, жалпықоғамдық және ешбір кемсітушіліксіз ұқсастық Еуропаның негізгі тіректері саналады»,- деп жазды

Италия премьер-министрі Паоло Джентилони

Италияның Көлік және ішкіқұрылым министрі Грациано Дельрио Демократтар партиясы басшыларының басқосуында Трамптың шешімінің саяси аспектіден тыс және АҚШ пен Еуропаның тарихына қайшы келетінін баса айтып: «Бәлкім, Трамптың шешімі біздің қоғамға қатысты теориямызға да қайшы келетін шығар. Мигранттардың елге кіруіне шектеу қою бірнеше жылдар бойындағы АҚШ-ның мәдениеті мен тіпті оңшылдардың мәдениетін мақұлдағанына қарама-қайшы келеді. Бұл бір бағдардың, тіпті Еуропа алдындағы толығымен өзгеруі болып саналады. Еуропа одағы еуропалық адамдар мен құрылымдардың қозғалысына сенеді»,- деді.

Италия Көлік және ішкіқұрылым министрі Грациано Дельрио

Диктор 1:

Дональд Трамптың 7 мұсылман мемлекеті азаматтарының АҚШ-ның жеріне кіруіне тыйым салу және де бұл елдің мигранттарды қабылдау үдерісінің тоқтатылуы туралы шешіміне қарсылық толқыны басқа елдермен салытырғанда АҚШ-тың өз ішінде қатты байқалды.

7 мұсылман мемлекеті азаматтарының АҚШ территориясына кіруіне тыйым салу туралы жарлық шыққаннан кейін АҚШ-тың негізгі ірі қалаларында, әсіресе әуежайларда тәртіпсіздік, бейберекеттік пен қоғамдық наразылықтар орын алды. Вашингтонның Лафайетте паркінде наразылық шерулері өтті. Наразылық білдірушілер Трамптың мұсылмандарға қарсы жуырдағы жарлықтарына ашу-ыза мен жиіркеніш білдіріп, мұсылмандарды қолдайтындықтарын қуаттады. АҚШ астанасындағы түрлі тап өкілдерінен мыңдаған адамдар адам құқығын қорғаушылар мен азаматтық қоғам топтарымен бірлесіп, наразылық акциясына қатысып, барлық тараптан Ақ үйге қарай баруды сұрап, мұсылмандарға қолдау көрсетуге қатысты ұрандатты.

7 мұсылман мемлекеті азаматтарының АҚШ территориясына кіруіне тыйым салу туралы заңға қол қоюға наразылық акциялары

Миннеаполис Сент-Пол халықаралық әуежайында шамамен мыңдаған адам Трамптың антимиграциялық шешіміне наразылық ретінде «Жеккөрушілікке, қорқынышқа жол жоқ! АҚШ-қа келген босқындар, қош келдіңдер!» деген ұрандар айтты. Детройттың Метрополитан әуежайында да халық демонстрацияға шықты. Ал наразылық білдірушілерден әуежайдан кетуді сұраған кезде олар қарсылық білдіріп, әуежайдың салондарына беттеді.

Германиялық бір газет Ақ үйдің жуырда қабылдаған шешімін президент Трамптың бастауымен іске асып жатқан АҚШ-тың оқшаулау бағытындағы қозғалыстың басы деп атап: «Трамптың ірі 7 мұсылман мемлекеті азаматтарына АҚШ-қа сапар шегуіне тыйым салу туралы жарлығы мүлдем ойластырылмаған әрі асығыстықпен қабылданған шешім болып саналады. Осылайша, АҚШ халықаралық серіктес ретіндегі абыройынан айрылады. Дональд Трамп пен оның басшылығындағы АҚШ жылдам қадам басып, оқшаулану бағытында келе жатыр. Трамптың жаңа жарлығына сәйкес, тыйым салу адамдарға қарсы дін мен ұлт негізінде қабылданған. Трамп өзінің мұндай жарлығы арқылы 1933 жылғы Германиядағы оқиғаларға ұқсас адамгершілікке жатпайтын ерекше әдісті таңдады. Бұл асығыстықпен қабылданған және жете ойластырылмаған әрекеттер АҚШ-қа зиян келтіреді. Осылайша АҚШ өзінің халықаралық серіктес ретіндегі абыройынан айрылады. Ал бұдан да қиын жағдай АҚШ-тың ел ішіндегі және өз азазматтары арасындағы абыройынан айрылуы болып саналады»,- деп мәлімдеді.

Диктор 2:

Трамптың 7 мемлекеттің, соның ішінде Иранның азаматтарына бұл елге сапар шегуіне тыйым салу туралы жарлығы АҚШ-та америкалық әсірешіл ұлтшылдықтың қайтадан көрініс тауып, Батыс пен АҚШ-тағы билік етуші зиялы қауым өкілдерінің бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.

Трамп 7 мұсылман мемлекеті азаматтарының АҚШ территориясына кіруіне тыйым салу туралы заңға қол қойды

АҚШ-тағы мұсылмандарға қатысты кемсітушілік нәсілшілдік мәселесінің артқанын көрсетеді. Мәдениетті жою мен мәдени жамылғыны шетке ығыстыру сегрегация болып саналады. Трамптың осы нәсілшіл уәждері оның алдында айтылған мұсылмандарға қарсы уәждеріне байланысты да сын толқынын тудырды. Бірақ, ол бұл мәселеге көңіл аудармай, бұрынғысынша мұсылмандармен нәсілшілдік негізінде күресу қажеттілігін талап етуде.

Трамп CNN телеарнасына берген сұхбатында: «Менің ойымша, АҚШ Үкіметі атынан біз қазіргі кезекте нәсілшілдік кемсіту мәселесін ойластыруды бастауымыз қажет. Егер Израильге көңіл аударатын болсақ, оның осы саясатты бірнеше рет табысты түрде жүзеге асырғанын көреміз. Алайда, жеке басымның кемсітушілік мәселесін жек көретінімді білгендеріңіз жөн. Бірақ қалай болғанда да күтпеген жағдайларды пайдалануды бастауымыз керек»,- деді.

Батыстағы бұл әрекеттер оның басшыларының демократия мен адам құқықтарына қатысты уәждерінің барлық жерді қамтыған жағдайында іске асырылып жатыр.