Трамптың бұқаралық ақпарат құралдарымен соғысы
(last modified Mon, 20 Feb 2017 09:26:22 GMT )
Ақп 20, 2017 15:26 Asia/Almaty
  • Трамптың бұқаралық ақпарат құралдарымен соғысы

АҚШ президенті Дональд Трамп бұқаралық ақпарат құралдарын аса ұнатпайтын саясаткерлердің бірі. Ол өзінің әріптестерімен бірге сайлау науқанындағы үгіт-насихаты кезінен және Ақ үйге кірген алғашқы күндерінен бастап бұқаралық ақпарат құралдарына қарсы тұрып, оларға қарсы соғыс ашқан.

Диктор 1:

Дональд Трамптың президенттік қызметке кіріскеніне көп уақыт болмаса да, оның бұқаралық ақпарат құралдарын өтірікші, ал онда қызмет ететіндерді нағыз алаяқтар деп білетініні және әр бір қолайлы жағдайда оларға қарсы бас салатыны баршаға мәлім. Бұл кісі өз күнін Твиттерде хабарлама не пост жариялаумен бастайды. Жалпы бір күн ішінде Твиттер парақшасында бірнеше жанжалды мәлімдеме жасайды. Ал кейде он күнге дейін ешбір пост жарияламауы да мүмкін. 20 миллионнан астам Твиттер қолданушысы оның көтерген мәселе не тақырыптарын жеке парақшаларынан біліп отырады.

Трамптың Твиттердегі хабарламалары

Трамп өзінің хабарламаларында Ford автокөлік өндіруші компаниясынан бастап, басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға дейін келеке етіп, тіпті оларға қоқан-лоққы жасаудан бас тартпайды. Трамп Fox News телеарнасының оның Твиттерді шамадан тыс қолданатыны туралы сындарына реакция білдіріп: «Мен Твиттер желісін пайдаланғанды ұнатпаймын. Бұдан басқа да шаруаларым жетіп жатыр және оларға да көңіл бөлуім керек. Алайда БАҚ өкілдері - барып тұрған өтірікшілер және Твиттерде хабарлама жариялау - олармен күресудің жалғыз жолы. Маған қарсы жалған қауесет таратын кезде, сол хабарламаны жариялай отырып көпшіліктің назарын аудара аламын. Егер де БАҚ шыншыл болғанда, ешқашан Твиттерде хабарлама жарияламайтын едім, бірақ олар адал емес.

Диктор 2:

Трамптың бұқаралық ақпарат құралдарына бас салуы сайлау науқанынан басталған еді. Ол сол кезде Хилари Клинтонмен бәсекелестік құрып емес, БАҚ-пен соғысып жатқанын айтқан еді. Трамп бірнеше рет атақты америкалық БАҚ өкілдерімен, атап айтқанда New York Times газетіне бас салған еді. Бір рет Трамп сәтсіздікпен бетпе-бет келген және жақын арада өз қатарынан шығатын бір газет жайлы сөз айтқысы келгенін мәлімдеген еді. Сонымен қатар, сайлау науқанындағы үгіт-насихат кезінде де бірнеше рет осы газеттің сауалнамаларының нәтижесіне күмән келтірген болатын. Тіпті бұл газеттің ақпарат көздеріне күмән келтіріп, тіпті оларды шын мәнінде жоқ деп болжаған еді. Ол бірнеше күн бұрын осы байқұс әрі өтірікші New York Times-ды сатып алып, дұрыс басқаратын немесе мүлдем жауып тастайтын қабілетті әрі дарынды бір адам келетініне үміттенетінін хабарлаған еді.

Трамптың Твиттер парақшасындағы New York Times-ге шабуылыyнда: «Мына байқұс әрі өтірікші New York Times-ды сатып алып, не дұрыс басқаратын не мүлдем жауып тастайтын қабілетті әрі дарынды бір адам келуі керек»,- деген еді.

Трамп Politico,Washington Post, The Huffington Post секілді басқа да БАҚ өкілдерін де еш абыройы жоқ деп бағалап, CNN телеарнасы туралы: «CNN – жиіркенішті телеарна. Бұл арнаның рейтингі төмендеп бара жатқанын білесізддер ме? Себебі мен бұл арнаға сұхбат беруден бас тартқан болатынмын. CNN - алаяқ және өтірікші ақпарат құралы»,- деді.

Диктор 1:

Шындығында, бұқаралық ақпарат құралдарында және оларға қарсы мұндай сөйлемдерді айтатын, өз ашуын балағат сөздер мен ажуа-мысқыл айтумен білдіретін саясаткерлер өте аз кездеседі. Алайда, Трамп АҚШ-тың 45-ші президенті Ақ үйге келмес бұрын, америкалық БАҚ басшыларымен әйгілі мұнарасында болған отырыста ақпарат құралдарына: «Біз өтірікші адамдарға толы залда отырмыз»,- деді. CNN-нің ардагер жүргізушісі Вольф Блитерцге: «Тыныштал! Әдепсіздік танытпа! Сендер тек жалған ақпарат агенттігі болып саналасыңдар»,- деп айтты.

Трамп сайлаудан кейін өткен алғашқы баспасөз коференциясында CNN-нің Ақ үйдегі арнайы тілшісі Джим Костаға: «Тыныштал, мен саған сұрақ қоюға рұқсат бермеймін. Сендердің хабарларыңның бәрі жалған»,- деді.

CNN-нің тілшілері Трампқа: «Сіз біздің ұйымымызға бас саласыз, тым болмаса сұрақ қоюға мүмкіндік беріңіз»,- деген еді.

Ал Трамп жауаб ретінде: «Сендердің агенттіктерің қате әрі шындыққа жанаспайтын хабарларды таратады. Сондықтан сендерге сұрақ қоюға рұқсат бермеймін. CNN – сұмдық ұйым»,- деп айтты.

CNN-нің тілшілері өз өтінішін қайталаған кезде Трамп оларға: «Тынышталыңдар! Әдепсіздік танытпаңдар!»,- деді.

Диктор 2:

Сонымен қатар, Трамп еуропалық ақпарат агенттіктерін де жалқаулығын, Еуропадағы исламшылардың шабуылдары мәселесін елемей және жеткілікті түрде қамтымайтынын айыптады. Бірақ Неміс журналисттері қауымдастығының төрағасы Франк Уберал: «Мәселе Трамптың бәріне қолайлы тәрізді көрінетін жалған не ақиқатқа ұқсас тақырыптарды қоғамдық аренада қозғауында жатыр. Бірақ кімде-кім Германияда басылып шыққан тізімге көңіл аударып қарайтын болса, Трамптың айтқандары мағынасыз бос сөз екенін түсінеді»,- деді. АҚШ-тағы саясат тарихы пәнінің профессоры әрі болжаушы Алэн Личменнің пікірінше, Трамптың танымалдылығы бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында артты және Трамп тек оларды ғана қатты сынға алады. Бір теледидарлық бағдарламада Личмен: «Олардың арқасында Дональд Трамп БАҚ өніміне айналды»,- деді.

Ален Личмен

Диктор 1:

Личменнің сөздері шындаққа жанасатын секліді. Себебі, оның БАҚ-қа бас салуы Fox News телеарнасының 2016 жылы мамыр айында сайлау науқаны кезінде Washington газетінің Трамптың бірнеше жыл бұрын жасаған алаяқтығы туралы қолына түсірген материалы, Трамптың өзінің тарапынан шыққанын анықтаған жағдайында орын алып отыр.

Бір америкалық газеттің хабарлауынша, қолға түскен аудио жазба Трамптың 1970-1990 жылдар аралығында жалған тұлға атынан өзін Трамптың өкілі деп таныстырып, өзінің жеке өмірі жайлы ақпарат бергенін дәлелдейді. «Vanity Fair» баспасының тілшісі Fox News-ге берген сұхбатында Трамптың Джон Миллер және Джон Барун секілді бүркеніш есімдерді пайдаланып, бұқаралық ақпарат құралдарымен хабарласып, оларға өз өмірі жайлы шынайы ақпараттар берді деді.

«People» журналының бұрынғы тілшісі Сью Карсуэл 1991 жылы орын алған бұл телефондық хабарласу туралы, Трамптың екі рет хабарласып, жасаған әрекеті үшін кешірім сұрап, сол тілші мен тағы екі әріптесін кешкі асқа шақырғанын айтты. Ол Трамптың бұл оқиғаны теріске шығарғанына наразы болып, Трамптың жасаған ісі үшін кешірім сұрауы тиіс деп есептейді. Себебі, Трамп бұл мәселені теріске шығару арқылы аталмыш тілшіні өтірікші етіп көрсетеді.

Диктор 2:

Көптеген бақылаушылардың пікірінше, Трамптың БАҚ өкілдеріне қатысты әрекеттері ерекше болып саналады. Саясаткерлердің аз бөлігі ғана өз ашуын мысқылдап және тілмен шағу арқылы көрсетеді. Бірақ Трамп АҚШ-тың 45-ші президенті ретінде бірнеше рет осылай жасады. Сондай-ақ, қолдағы дәлелдерге сүйенсек, ол өзінің бұл тәсілін өзгертпейтің секілді.

АҚШ президенті өз қызметінің алғашқы күні Орталық барлау басқармасына барып, тағы да БАҚ-қа бас салған еді. Аталмыш кездесу барысында 15 минуттық сөзінің 9 минутын америкалық бұқаралық ақпарат құралдарына қарсы сөз салуға арнап, Орталық барлау басқармасының қызметкерлері мен басшыларына: «Білесіздер ме, мен БАҚ-қа қарсы соғыс бастадым. Олар – жер бетіндегі мүлде сенуге тұрмайтын адамдар»,- деді.

Трамп БАҚ-қа қарсы дұшпандық позициясын ұстана отырып, оларды сенуге тұрмайтын және өтірікші етіп көрсетуге талпынып, АҚШ қоғамы санасын БАҚ-қа қарсы улауды бар күшімен жалғастыратыны айдан анық. Бірақ бұқаралық ақпарат құралдарына қарсы сөз салу, тек Трамптың өзімен шектеліп қоймайды. Трамптың кеңесшісі әрі бас стратегі The New York Times-ге берген сұхбатында: «Ақпарат агенттіктері сайлау нәтижесі туралы жалған жорамал жасап, өз абыройларын төкті. БАҚ осы әрекеті үшін ұялып, өз ауыздарын ашпай, біраз уақытқа дейін басқаларға тек құлақ салып отырғандары жөн. Мұнда БАҚ демократиялық партия емес, оппозиция болып табылады»,- деді.

Осылардың бәрі АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдарының Трамптың оларға айып тағуда деп санап отырған жағдайында орын алып отыр. Олар Трамп уәждерінің барлық БАҚ өкілдері оған қарсы әрекет етеді деген мағынаны білдіретінін және бұл уәждер жалған әрі негізсіз деп қуаттап отыр. АҚШ бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, Трамптың айыптары АҚШ-тағы сауалнама нәтижелері бойынша әрбір үш америкалықтың біреуі БАҚ пен оның хабарларына сенетін жағдайда тағылып отыр. Сондықтан, Трамп секілді саясаткер тарапынан БАҚ-ына бас салу әрекеті маңызды тақырып ретінде бағаланбайды. 

Стивен Беннон - Трамптың кеңесшісі әрі бас стратегі

Диктор 1:

Осы аталған жанжалдарды назарға алатын болсақ, тілшілер мен БАҚ өкілдері арасында келесідей сұрақтар туындап отыр: Трамп БАҚ-ының жаңа буыны мен әлеуметтік желілердің күтпеген және бақыланбайтын түрдегі кең етек жаюының нәтижесі ме? Америкалық БАҚ алпауыттарының АҚШ-тағы сайлау нәтижелерін дұрыс болжай алмауы дәстүрлі БАҚ-ымен қош айтысып, биліткі жаңа БАҚ өкілдеріне табыстау деген мағынаны білдіре ме? Трамптың өзі БАҚ-ының тиімсіздігін біле отырып, бұрынғысынан артық өзінен алыстатып жатыр ма?

Журналистикадағы іскерлікті зерттеу орталығының профессоры Джефф Джарвис: «Дональд Трамптың кемінде президент үміткері болуының өзі негізгі бағыттағы журналисттердің жеңіліс тапқанының нышаны болып табылады. Дональд Трамптың табысы аталмыш БАҚ өкілдерінің ақиқатты анықтауда жеңіліс тапқанын дәлелдейді», - деді. Washington Post газеті журналисттерінің бірі Джон Миллер де Висконсин штатындағы электронды дауыстарды Хилари Клинтонға бағытталған соңғы бақылау ату және Трамптың ақырғы жеңісін растау деп жариялаған кезде Твиттердегі парақшасында: «Мен және менің әріптестерім қатты жеңіліс таптық», - деп жазған еді.

Джефф Джарвис

Мұндай сипаттамадан кейін тек отырып, ақпараттық соғысты бақылауымыз ғана қажет. АҚШ-тың БАҚ өкілдері қолдарынан келгенше Трампқа бас салып жатты. Енді Трамптың олардың барлығын өз артиллериясының нысанасына алудың кезегі келген секілді.