Виртуалды кеңістіктің мүмкіндіктері мен сын-қатерлері (4)
Бүгінгі әлемде интернет сияқты бұқаралық байланыс құралдары барлық елдерде түрлі алаңдарда, соның ішінде, саяси, экономикалық, қоғамдық және мәдени алаңдарда маңызды әрі басты рөл атқарады.
Бүгінде барлық салаларда виртуалды ақпарат құралдарының рөлі мен ықпалы, сонымен қатар, олардың ықпал ету жолдары туралы сөз қозғалады. Бұқаралық байланыс құралдары мен топтардың маңызды болғаны соншалықты, тіпті ойшылдар адамзат өркениетінің тарихын кезеңдерге бөлгенде де оны атап өтті. Элвин Тоффлер адамзат өркениетін үш кезеңге, атап айтқанда, ауылшаруашылық, индустриалды және постиндустриалды немесе ақпараттық және байланыс ғасыры деп бөлді. Постиндустриалды кезеңде билік ақпараттық және байланыс желілерін басқарып отырған адамдардың қолында болады.
Өткен бағдарламаларымызда айтып өткеніміздей, ақпараттық кеңістіктен айқын әрі тікелей түрде әсер алып, түрлі өзгерістерді бастан кешіріп отырған алаңдардың бірі – отбасы. Отбасынан ауқымды виртуалды кеңістіктің ықпалынан туындаған көптеген өзгерістерді көруге болады. Отбасы кеңістігінде әлеуметтік желілерді шектен тыс пайдалану эмоциялық байланыстар мөлшерін төмендететіндігі соншалықты, әңгімелесу мөлшері күніне тіпті 15 минуттан төмен деңгейге түскен. Сонымен қатар, осы технологияны жөнсіз пайдалану отбасыларындағы құпиялылықтың жоғалуына, тіпті кейбір жайттарда келіспеушіліктердің туындауы мен ерлі-зайыптылардың ажырасуына әкеп соқтырады. Ерлі-зайыптылардың біреуінің бөгде адамдармен байланыс орнатуы олардың арасындағы бір-біріне деген сенімді азайтты. Отбасында сенім азайғаннан кейін тыныштығы да бұзылып, соның салдарынан шаңырақ шайқалады.
Виртуалды кеңістіктің жанұяға тигізер қоғамдық зарарлары туралы сөзіміздің жалғасында өмір сүру стилі, исламдық мәдениет пен құндылықтардың критерийлерінің өзгеруі, сондай-ақ, мәдени және қоғамдық болмыстың өзгеруі туралы айту қажет. Өздеріңіз білетіндей, исламдық елдерде жанұя исламдық критерийлер және мәдениетпен тығыз байланыста. Қуанышқа орай,қазіргі заманғы секулярлы әлемде көптеген отбасылар әлі де жағымсыз өзгерістердің тұзағына түспей, исламдық ерекшеліктерді сақтап келеді. Алайда виртуалды кеңістік таралып, интернетте Исламға қарсы батыстық мәдениетке негізделген мәтіндердің кең тарауы, сондай-ақ, жаңа байланыс желілерінің артуы бұл құндылықтар мен критерийлердің қауіп-қатерге тап болып, отбасы мүшелері арасында текетірестің туындауына жеткізді. Бүгінде осындай байланыс тәсілікең таралғаннан кейін шынайы адалдық және ар-намысты қорғау сияқты діни құндылықтардың маңыздылығының азайып бара жатқанына куә болып отырмыз. Бұл мәселе түрлі жағымсыз салдарлар тудырып, бара-бара діни құндылықтар мен исламдық өмір сүру стилін батыстық және қазіргі заманғы секулярлы өмір сүру стиліне өзгертетін болады.
Дін мен діни болмыс исламдық қоғамдарда өзекті әрі маңызды рөл атқарады. Шын мәнінде, діни болмыс исламдық қоғамдардағы тұрақтылық, бірлік пен қоғамдық біртұтастықтың басты элементтерінің бірі болып табылады. Бұрынғы кезде болмыс отбасы және ата-ананың көмегімен қалыптасатын. Байланыстар физикалық түрде белгілі бір жерде орнатылатын. Алайда қазіргі кезде виртуалды кеңістік пайда болғаннан бері діни болмысқа қауіп төніп, өзгеріске ұшырап, дәстүрлі қатынастың түрлері сын-қатерлерге тап болды.
Виртуалды кеңістіктің кең таралуы мүмкіндік болуынан бұрын, адамдардың болмыс-бітімінің әсіресе, діни болмыстың өзгеріске ұшырауы мен жастар арасында өз-өзін жатсыну сезімінің артуына себеп болады. Осы мәселе олардың арасында діни болмыс дағдарысының туындауына алғышарт дайындайды. Дегенмен, мұндай кеңістікте болу дағдарыс тудырмайды. Бірақ пайдаланушылар аңғармастан виртуалды желілердің тұзағына түскен кезде діни болмыс дағдарысқа ұшырайды. Мұндай желілерге неғұрлым көбірек тартылатын болса, болмыстық тұрғыдан көбірек зиян шегеді.
Бүгінде батыстық үстемшілдер әлемдегі ықпалдарын арттыру үшін интернет сияқты тиімді құралдарды пайдаланып, өздерінің мәдениеттерін таратуды көздеп отыр. Бүгінде батыс елдері өздерінің ақпараттық әлеуетіжәне қолда бар мүмкіндіктерінің көмегімен виртуалды кеңістіктегі жарнама мен үгіт-насихаттың басым бөлігін иеленіп, өздерінің мәдениеттерін әлемдік деңгейге көтеруге күш салуда. Сол себепті интернет мәдениетті жаһандандыруда айтарлықтай рөл атқарады. Байланыс және ақпараттық технологиялар дәстүрлі қоғамдар мен қауымдарды тікелей түрде әлемдік болмыспен байланыстырып, ұлттық деңгейде қоғамдық болмыс пен берік негіздердің әлсіреуіне себеп болады. Осы жолмен ұлттық болмыстар мен мәдениеттер жаһандану жолында құрдымға ұшырайды.
Интернет арқылы батыстың мінез-құлық үлгісі басқа қоғамдарға, әсіресе отбасыларға, соның ішінде, ирандық жанұялар арасында таратылып, уақыт өте келе түрлі қоғамдарға сіңіп, отбасыларда да қабылдана бастады. Бүгінде батыстық отбасылық қарым-қатынас түрі интернеттің көмегімен басқа қоғамдарда, соның ішінде, Иран қоғамында қатынастың үлгісіне айналу үстінде.
Сонымен қатар, интернет кеңістігінде адамның тұлғалық болмысының өзгеретіндігіне де назар аудару қажет. Болмыс үш элементтен тұрады: жеке тұлғалық, мәдени және қоғамдық болмыс. Бұлардың әрбіреуі бір адамның тұлғалық болмысын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Интернет мәдени-қоғамдық сахна болса, адам онда түрлі рөл ойнап, басқа өмір сүру стилдерін байқап көре алады. Бұл қоғамдық кеңістікте жұмыс жасау үшін жаңа мәдени мүмкіндікер мен шеберлік қажет. Жеке парақша –интернет пайдаланушысының өзін әлемдік оқырмандарға таныстырудың қазіргі заманғы құралы. Пайдаланушы өз ой-пікірі мен сезімдерін, қызығушылықтарын түрлі құралдарды пайдалана отырып әлемдіктерге жеткізеді. Америкалық психолог Джордж Миллер жеке парақшадағы сілтемелердің маңыздылығы жайында: «Маған сілтемелеріңді көрсет, сенің қандай адам екеніңді айтайын» дейді.
Қоғамдық ақпарат құралдары, соның ішінде, интернет жастар мен отбасы мүшелеріне көптеген мүмкіндік бергендіктен, олар әрдайым жаңа түтркілер және әртүрлі мінез-құлық үлгілерімен танысады. Мұндай кеңістік белгісіз әрі әрдайым құбылып тұратын болмыс тудырады. Бұл мәселе әсіресе өткен буынмен салыстырғанда көптеген түрткілермен бетпе-бет келетін жаңа буынға қатысты. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адамдар қоғамдық және жеке тұлғалық кеңістік арасында ойша шекара сызады. Бұл мүмкіндікті жастар белсенді түрде пайдаланады. Жас адам, әсіресе, болмысы енді қалыптасып келе жатқан және жаңа құндылықтарды іздеп, оны сіңірудімақсат етіп жүрген жасөспірім интернет пен көп мөлшердегі ақпаратқа тап болғанда есеңгіреп қалады. Осылайша, ол виртуалды әлемнің көмегімен өз тұлғасын қалыптастыруға мәжбүр болады. Сондықтан, интернет жасөспірімдердің тұлғасын қалыптастыруда кері әсерін тигізуі мүмкін.
Сонымен қатар, интернетте жас, білім деңгейі, мекен-жайы немесе жынысы сияқты кейбір жеке тұлғаның ерекшеліктері көрсетілмейді. Мысалы, чат арқылы бір-бірімен сөйлесетін адамдардың көбісі өздері туралы жалған мәлімет береді. Олар басқалармен өздері ойлап тапқан тұлғаның атымен танысып, сұхбаттасады. Дәл осы тұлғасы белгісіз адамдар бір-біріне айтарлықтай ықпал етеді. Оның адам мен отбасыға тигізер жағымсыз әсерлері көп болады.