Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясындағы міндеттемелердің орындалу қажеттігін баса айтты
https://itolqyn.com/radio/world-i6748
Иран Сыртқы істер министрі: «Иран «алтылық» елдерімен келісім аясындағы өзінің міндеттемелерін дұрыс орындады»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 03, 2016 15:42 Asia/Almaty
  • Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясындағы міндеттемелердің орындалу қажеттігін баса айтты

Иран Сыртқы істер министрі: «Иран «алтылық» елдерімен келісім аясындағы өзінің міндеттемелерін дұрыс орындады»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Теһранда Францияның Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігінің бас хатшысы Кристиан Мосьемен кездесуінде: «Иран «алтылық» елдерімен келісім аясындағы өзінің міндеттемелерін дұрыс орындады. Сол себепті барлық тараптардан банктік айналым саласын іс жүзінде жандандыру үшін әсерлі қадамдар жасауды күтеді»,-деді.

Мұхаммад Джавад Зариф осы кездесу барысында Париж-Теһран қарым-қатынасының болашағы жайында: «Иран Президенті Хасан Руханидің жуырда Францияға жасаған сапарының нәтижесі екі елдің қарым-қатынас үдерісін дамытуға жақсы әсер етті»,-деді.

Кристиан Мосье де аймақтық мәселелер, әсіресе Сирия мен Ирак жайлы сөз қозғап, аймақтағы қазіргі өзгерістерді ілгерілетудегі маңызды ойыншы ретінде ИИР-ның рөлін жоғары бағалап: «Франция ұдайы Иранмен кеңесуге мұқтаж»,-деді.