-
Рамазан 2023: Достың қасында (7)
Нау 29, 2023 20:31Рамазан – ғибадат айы, ал дұға – ғибадаттарымыздың денесіндегі жан сияқты. Бұл жан да біздің жанымыз сияқты Алладан, Аллаға қайтады. Егер Алланың рұқсаты болмаса, ешбір ауыз оны мадақтауға ашылмас еді, тіл жалбарынуға бұрылмас еді. Алла Тағала пенделеріне Өзін еске алып, тілектерін білдіруге рұқсат еткенде, олардың қолына рақымының қазынасының кілтін берді. Ол пенделеріне білім беріп, өсіру үшін дұғаның кілтімен нығметтерінің есігін ашуға талпынуға рұқсат берді.
-
Рамазан 2023: Ұлылық жолында (7)
Нау 29, 2023 20:30Табиғат көктемімен қауышқан Рамазан көктемі жүректерді ерекше құштарлыққа, гүлденуге шақырды. Көктем гүлдерінің жұпар иісі жанды жадыратып, Рамазанның рухани самал лебі жүректерді сергітті. Көктемгі жаңбыр да, Алланың мейірімінің жаңбыры да адамға төгіліп, күнәдан шаршаған денелер мен жүректерге кешірім уәде етті.
-
Рамазан 2023: Ұлылық жолында (6)
Нау 28, 2023 21:16«Макарем Ахлақ» дұғасы адамның ең маңызды діни және ахлақ мәселелеріне дейін кішігірім мәселелерін ескеріп, Ұлы Алладан адамның маңызды салаларда көтерілуін және өсуін сұрайды. Барша адамзат алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі – өмірде дұрыс жолды таңдау және сол жолда қалу. Адамды бақытты ететін, материалдық өмірдің қауіп-қатерінен құтқаратын жол.
-
Рамазан 2023: Достың қасында (6)
Нау 28, 2023 21:15Имам Садықтан (ғ.с.): «Намазды бірге бастап, бірге аяқтаған екі адамның қайсысы артығырақ, егер біреуі намазында Құранды көбірек оқитын болса, екіншісі көбірек дұға оқиды?»- деп сұрағанда.
-
Рамазан 2023: Достың қасында (5)
Нау 27, 2023 20:28Рамазан – құлшылық айы. Исламның ұлық пайғамбары, мейірімділердің Елшісі дұға ете бастағанда Алладан үлкен нәрселерді сұрауды, ешқашан кішігірім нәрселерді сұрамауды өсиет еткен, өйткені Алла үшін ешбір өтініш ауыр емес.
-
Рамазан 2023: Ұлылық жолында (5)
Нау 27, 2023 20:27Рамазан айы және таң азаны хазірет Алланың пенделерін теңдесі жоқ білімге шақырады. Таң ату кезіндегі дұғалар мен мадақтар тот басқан жүректерді жуып, жүректерді нұрымен бөлейді.
-
Рамазан 2023: Достың қасында (4)
Нау 26, 2023 18:40Рамазан айы – Аллаға мойынсұну және қызмет етуде, сауапты іс жасауда басқалардан асып түсетін ай. «Әрбір жақсылықтың екі бөлігі бар, жартысы ғибадат, жартысы дұға», бұл Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзі.
-
Рамазан 2023: Ұлылық жолында (4)
Нау 26, 2023 18:39Дұға оқитын адамдардың көпшілігі өздерінің материалдық, физикалық, әлеуметтік және т.б. мұқтаждықтарын жақсы білетін болар, бірақ рухани-адамгершілік қасиеттерге ие болу үшін де Алладан тілеу керек екеніне, тіпті ізгілікке жету үшін де көп нәрсе істеу керек екеніне аз көңіл бөлетін шығар. Қадір-қасиеттерге ие болу үшін де дұға етіп, Алладан сұрау кеоек. Осы бағытта көптеген дұғалар қабылданды.
-
Рамазан 2023: Достың қасында (3)
Нау 25, 2023 18:12Рамазан – Алланың таңдаған айы. Қасиетті рамазан - илаһи рақым есіктері ашылып, тозақ есіктері жабылатын ай.
-
Рамазан 2023: Ұлылық жолында (3)
Нау 25, 2023 18:09Имам Саджад (ғ.с.) «Мәкарам әл-Ахлақ» дұғасының басқа бір бөлімінде: «Уа, Алла! Мұхаммадқа (с.ғ.с.) және Мұхаммадтың әулетіне (ғ.с.) салауат айт және мені қызықтыратын нәрселерден алыстат. Мені қиямет күні менен сұрайтын нәрселерге жақындат»,- деп айтылды.