Қыр 23, 2018 18:10
Кербалада имам Хусейн бен Әли (ғ.с.) серіктерінің арасынан әртүрлі жастағы және әртүсті адамдарды көруге болды: қарттар мен жастарды, жасөспірімдерді, әйелдер мен балаларды, қара және ақ нәсілділерді.
Хабиб бен Мазахер мен Мослем бен Аусадже бұрыннан имамның серіктерінің қатарында болған. Зохейр бен Қайн Баджали Осман халифаның жақтасы еді. Сондай-ақ, солардың ішінде жаңадан мұсылман болған христиан Уаһаб бен Абдолла Колеби да имамның қасында шәһид болды.