Сейед Хасан Насролла: "Ғасыр мәмілесі" жобасымен күресте Палестина халқын қолдаймыз
https://itolqyn.com/news/west_asia-i39099
Ливан Хезболласының бас хатшысы АҚШ-тың "Ғасыр мәмілесі" атты жобасымен күресте Палестина халқын қолдайтынын айтты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қыр 21, 2018 21:03 Asia/Almaty

Ливан Хезболласының бас хатшысы АҚШ-тың "Ғасыр мәмілесі" атты жобасымен күресте Палестина халқын қолдайтынын айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сейед Хасан Насролла бейсенбі күні Бейруттың оңтүстік ауданында Хосейнді аза тұтушы жүздеген адамға арнаған видео-конференцияда: "Израильдіктер қарсыласу өзегінің күшейгенін, жаңа елдер мен халықтардың сионистік дұшпанмен күрес тобына қосылғанын біледі",-деді.

Ол, сондай-ақ, Иран мен халқына тілеулес екенін мәлімдеп: "Иран әрдайым әлемнің жапа шеккен халықтарының, Ливан халқы, қарсыласу қозғалысы мен Палестина халқының жанынан табылып келеді. Иран – ДАИШ лаңкестері Иракты басып алған кезде ирактықтардың үнін естіп, қол ұшын созып, Сирия дағдарысының басында осы елдің қасынан табылып, лаңкестікпен күрескен бірінші ел",-деді.