-
Басып алынған Голан жотасындағы Израиль армиясының позициясына дронмен шабуыл жасалды
Қаң 07, 2024 19:57Ирактың исламдық қарсыласу тобы басып алынған Голан жотасындағы Израиль армиясының позициясына дронмен шабуыл жасағанын хабарлады.
-
Сионистік режим армиясының баспасөз өкілі Газа соғысында Израильдің жеңіліс тапқанын мойындады
Қаң 07, 2024 19:42Даниэль Хагари: "Тель-Авив өз азаматтарын, әсіресе Газа секторы маңындағы қалашық тұрғындарын қорғауда жеңіліс тапты. Газа соғысында көптеген әскери қызметкерлер қаза тапты",-деді.
-
Бүгін таңертең сионистік режимнің Газа секторының түрлі аудандарына жасаған шабуылдарында кемінде 38 палестиналық қаза тапты
Қаң 07, 2024 19:03Осы шабуылдарда ондаған адам жараланды. Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнес пен Рафах, орталығындағы Дейр-әл-Балх әуеден бомбаланып, зеңбірекпен атқыланды. Хан-Юнесте тұрғын үйлер басқыншылардың танктері және артиллериясымен атқыланды. Соның салдарынан 18 адам қаза тапты.
-
Израиль армиясы Газа халқының мүлкін тонап жатыр
Қаң 07, 2024 18:11Палестина басшылары сионистік режим армиясының жаңа қылмысы, яғни Газа халқының миллиондаған доллар тұратын қымбат мүлкін ұрлағанын хабарлады.
-
Франция Сыртқы істер министрі Кермандағы лаңкестік әрекетті айыптады
Қаң 07, 2024 17:51Франция Сыртқы істер министрі Иран Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сұхбатында Кермандағы лаңкестік әрекетті айыптады.
-
АҚШ пен Ұлыбританияда Палестинаны жақтаушылар сионистік режимнің Газаға шабуылдарының жалғасуына наразылық ретінде шеруге шықты
Қаң 07, 2024 17:36АҚШ пен Ұлыбританияда Палестинаны жақтаушылар сионистік режимнің Газаға шабуылдарын жалғастырып, Палестина халқын қырып жатқанына наразылық ретінде шеруге шықты.
-
Париж пен Лионның мыңдаған тұрғыны Газаға қолдау ретінде шеруге шықты
Қаң 07, 2024 17:15Францияның мыңдаған азаматы сенбі күні Париж пен Лионда шеруге шығып, Газадағы Палестина халқына қолдау көрсетті.
-
Катар Премьер-министрі Иран Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Қаң 06, 2024 20:48Катардың Премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман әл-Тани Иранның Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахианмен телефон арқылы сөйлесіп, Кермандағы Шәһидтер зиратындағы лаңкестік әрекетті айыптап, Иран үкіметі мен халқына көңіл айтып, аман қалғандарға сабыр, жараланғандарға толық сауығып кету тіледі.
-
Анашым, мені шақырмаңыз; Газа аналарын еске алу
Қаң 06, 2024 20:42Олар шақырып жатыр, мен жауап бермеймін. Мен тіпті бір кішкентай сөмкені де алмай, терминалға жетіп, автобусқа отырғанымды түсінбедім. Бір сағат өтті, тағы үш сағат қалды.
-
Бүгін таңертең сионистік режим Хан-Юнеске шабуыл жасады
Қаң 05, 2024 20:55Бүгін таңертең сионистік режимнің Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнеске шабуылы салдарынан кемінде 32 адам қаза тапты.