-
ДАИШ Мосулде әскери емес бес азаматты өлтірді
Ақп 06, 2017 22:06Ирак армиясының бір офицері Мосул қаласының батыс бөлігін өз қарамағында ұстап отырған ДАИШ лаңкестік тобының қарапайым 5 азаматты осы топтың бұйрығына бағынбай, аймақтан қашып кетпек болды деген айыппен өлтіргенін хабарлады.
-
Мосул – ДАИШ тарапынан адамның қадір-қасиеті жойылған жер (3)
Ақп 02, 2017 18:17Бірінші бағдарламада ДАИШ лаңкестерінің Ирактың солтүстік-батысындағы Нейнава облысының орталығы Мосул қаласының мәдени, діни және тарихи болмысына қатысты ескерткіштерді жоюдағы қылмыстарына, екінші бағдарламада осы қаланың қоршаған ортаны жоюдағы қылмыстарына тоқталдық. Бүгінгі бағдарламада ДАИШ-тың Мосул қаласындағы әртүрлі ұлттар мен этностардың, соның ішінде изадилердің тату тіршілігін бұзудағы қылмыстарын қарастырамыз.
-
Америка Иракта ДАИШ тобына әскери және азық-түлік жағынан көмек көрсетуде
Қаң 31, 2017 22:40Ирак Парламентінің екі депутаты ДАИШ лаңкестері үшін соғыс жабдықтары мен азық-түлік тиеген америкалық тікұшақтардың Ирактағы ДАИШ тобы жаулап алған аймақтарға қонуын айыптады.
-
Бруджерди: АҚШ пен Ұлыбритания – ДАИШ-ты құрушы елдер
Қаң 31, 2017 15:09Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің басшысы АҚШ пен Ұлыбританияны аймақ пен әлем қауіпсіздігіне қоқан-лоққы келтіруші ДАИШ лаңкестік тобын құрушылар деп атады.
-
Мосул – ДАИШ тарапынан адамның қадір-қасиеті жойылған жер(2)
Қаң 29, 2017 18:00Бірінші бағдарламада ДАИШ лаңкестерінің Ирактың солтүстік-батысындағы Нейнава облысының орталығы Мосул қаласының мәдени, діни және тарихи болмысына қатысты ескерткіштерді жоюдағы қылмыстарына тоқтадық. Бүгінгі бағдарламада ДАИШ лаңкестерінің Мосул қаласындағы адамгершілік пен адамның қадір-қасиетіне қарсы қоршаған ортаны жою қалыбында жасаған қылмыстарын талқылаймыз.
-
Мосул – ДАИШ тарапынан адамның қадір-қасиеті жойылған жер (4)
Қаң 29, 2017 17:45Өткен үш бағдарламада ДАИШ лаңкестерінің Ирактың солтүстік-батысындағы Нейнава облысының орталығы Мосул қаласының мәдени, діни және тарихи болмыс-бітімге қатысты туындыларды, қоршаған ортаны жоюдағы қылмыстары мен Мосул қаласындағы адамгершілік пен адамдардың қадір-қасиетіне қарсы әртүрлі ұлттар мен этностардың тату тіршілігін бұзудағы қылмыстарына тоқталдық. Соңғы бағдарламада ДАИШ-тың Мосулдың тұрғындарына қарсы тікелей жасаған қылмыстарын талдаймыз.
-
Анкара "ән- Носрат майданы" мен ДАИШ-ті лаңкестік топ деп жариялады
Қаң 26, 2017 21:01Түркия СІМ-дегі бір хабардар басшы Анкараның "ән- Носрат майданы" мен ДАИШ-ті лаңкестік топ деп атағанын мәлімдеді.
-
ДАИШ-тың ұшқышсыз ұшағы Мосулдың батысына құлады
Қаң 25, 2017 22:37Ирактың халықтық ерікті күштері Ирактың солтүстігінде орналасққан Мосулдың батысындағы "Хаджаф" аймағында ДАИШ лаңкестік тобына тиесілі ұшқышсыз ұшақты атып түсірді.
-
Мосул – ДАИШ тарапынан адамның қадір-қасиеті жойылған жер (1)
Қаң 25, 2017 13:18Бүгінде ДАИШ лаңкестерінің ислам елдеріндегі, әсіресе Ирак пен Сириядағы қылмыстары барлық адамның жүрегін ауыртып отыр. Бұл қылмыстар айуандық тұрғысынан бұрын-соңды болмаған. Соңғы жүз жылдық тарихта онымен салыстырар үлгі жоқ деп айтуға болады. 4 бөлімді бағдарламада осы лаңкестік топтың Мосулдағы кейбір қылмыстарына тоқталамыз. Бірінші бөлімде ДАИШ-тың Мосулдағы мәдени, тарихи және табиғи жерлерді бұзғаны жайлы сөз қозғаймыз.
-
Абубакр әл-Бағдади Нейнаваның батысында жараланды
Қаң 23, 2017 14:41Ирактың ақпарат көздері жексенбі күні кешке ДАИШ лаңкестік тобының басшысы Абубакр әл-Бағдадидың осы елдің солтүстігіндегі Нейнава облысының батысында жараланғанын хабарлады.