Pars Today
Алланың қонағы болатын рамазан айы ортасына жетті, илаһи періштелер қанаттарын Медине қаласының үстіне жайды, бұл түнде жұлдыздар ерекше жарқырап, Исламның ұлық пайғамбарының немересінің дүниеге келу тойына ортақ болды.
Уа, Алла! Бұл күні мені қателіктерім үшін жазғырма. Бұл күні мені қателіктерден сақтап, менің басыма бақытсыздық пен қиыншылық тудырма, уа, мұсылмандарға абырой сыйлаушы!
Уа, Алла! Бұл күні мені ластық пен кесапаттардан тазарт. Маңдайыма жазылғанға шыдамды ет. Бұл күні маған сабырлық пен тақуалық сыйлап, ізгілермен кездесуге жәрдемдес, уа мұқтаждардың жанарларын нұрландырушы!
Уа, Алла! Осы күні маған қарапайымдылық пен тақуалық бере гөр және барға қанағат еткіз. Маған әділдік пен адалдық беріп, күнә саналатын әр нәрседен сақтай гөр, уа тақуаларды күнәлардан сақтаушы!
Уа, Алла! Осы күні мені Өзіңнің дәргаһыңа тәуекел ететіндер мен бақыттылардың, Өзіңнің жақсылығыңа жақындардың қатарына қос, уа, мақсатқа жетуге талпынушылардың соңғы үміті!
Уа, Алла! Осы күні маған Өзіңнің кең рақымыңды нәсіп ете гөр! Мені Өзіңнің жарық та жарқын дәлел-дәйектеріңе нұсқа. Маңдайымды Өзіңнің жан-жақты ризашылығың мен достығың және мейірімің жаққа бағытта, уа, армандаушылардың Арманы!
Уа, Алла! Сен мені жеңіске жақындат. Маған қырағылық пен сергектікті нәсіп ет. Ақылсыздық пен күмәннан алыстат. Береке, игілік және жақсылығыңды бере гөр, уа, жомарттардың жомарты!
Аллаға иман келтірген адам Құран туралы ойлануымен бірге Құран аяттары мен ілімдерін басқаларға түсіндіреді. Білім мен ақиқатты нақтылау Алла Тағаланың әулиелері мен ақсақалдарының парызы болды. Бұл күндерде Ислам мен адамзат дұшпандарының айтып жеткізгісіз шабуылымен бұл парыз маңызы артты.
Иран Сыртқы істер министрі қарсыласу жетекшілеріне жолдауында: "Қарсыласудың құрметті табандылығымен сионистік режим өз мақсатының ешқайсысына қол жеткізген жоқ және осы режимнің сәтсіздігінің салдары пайда болды",- деді.
Қасиетті Рамазан айының бірінші күні Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің қатысуымен имам Хомейнидің (р.а.) Хосейниясында «Құранға жақындау» басқосу өтті.