-
Рамазан айының жиырма үшінші күнінің дұғасы
Maм 16, 2020 23:53Уа, Алла! Осы айда менің күнәларымды жуып, кемшіліктерімді жоя гөр.Жүрегімді тақуалықпен сына, уа, күнәһарлардың қателіктеріне көзжұмбайлық танытушы!
-
Рамазан айының жиырма екінші күнінің дұғасы
Maм 16, 2020 13:14Уа, Алла! Осы күні маған Өз даналықтарыңның есіктерін ашып, берекеңді бере гөр! Мені Өзіңнің ризашылығыңның себебі етіп, жәннаттың ортасынан орын бер, уа, құлдарының талап-тілектері мен дұғаларын орындаушы!
-
Рамазан айының жиырма бірінші күнінің дұғасы
Maм 15, 2020 03:43Уа, Алла! Осы күні мені Өзіңнің ризашылығыңа бөлейтін жолға нұсқа. Жолыма шайтанды жолатпай, мені тыныштық табатын мекен – жәннатқа орналастыр, уа, ізденімпаздардың қажеттіліктерін орындаушы!
-
Рамазан айының жиырмасыншы күнінің дұғасы
Maм 14, 2020 15:07Уа, Алла! Осы күні менің алдымнан жәннәттың есігін ашып, тозақ отының есігін жаба гөр! Осы күні қасиетті Кітабыңды оқуға көмек бер, уа, мүміндердің жүректеріне тыныштық сыйлаушы!
-
Рамазан айының он тоғызыншы күнінің дұғасы
Maм 13, 2020 13:04Уа, Алла! Бұл күннің берекесінен маған молынан нәсіп етіп, Өзіңнің ризашылығыңа жетер жолымды жеңілдет. Бұл күннің жақсылықтарын қабылдаудан бізді мақұрым етпе, уа, хаққа жол нұсқаушы!
-
Рамазан айының он сегізінші күнінің дұғасы
Maм 12, 2020 12:50Уа, Алла! Осы күні мені таңсәрідегі берекеңнен хабардар етіп, жүрегімді жарқыраған нұрыңмен нұрландырып, дене мүшелерімнің барлығын өз нұрыңның әсеріне бөле, уа әділ жүректерге жарық сыйлаушы!
-
Рамазан айының он жетінші күнінің дұғасы
Maм 11, 2020 15:23Уа, Алла! Осы күні маған ізгі ғамалдарға қарай жол нұсқап, арман-тілектерімді орында. Уа, Алла! Сенің дәргаһыңа баруға қатысты мұқтаждығым мен армандарым тәпсірлеу мен сауалды қажет етпейді, уа, әлемдіктердің жүректеріндегіден хабардар данагөй! Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен оның әулетін жарылқай гөр!
-
Рамазан айының он алтыншы күнінің дұғасы
Maм 11, 2020 15:17Уа, Алла! Бұл күні мені ізгілер мен тақуалардың қатарына қосып, күнәһарлармен дос болудан сақта. Өзіңнің мейіріміңмен маған мәңгілік жәннәттан орын бер, уа, әлемнің Пәруәрдігері!
-
Рамазан айының он бесінші күнінің дұғасы
Maм 08, 2020 17:44Уа, Алла! Бұл күні маған қарапайым пенделеріңнің мойынсұнуын нәсіп етіп, Өзіңе қарай жүрегімді аша гөр, уа, тақуаларға пана беруші!
-
Рамазан айының он төртінші күнінің дұғасы
Maм 07, 2020 15:30Уа, Алла! Бұл күні мені қателіктерім үшін жазғырма. Бұл күні мені қателіктерден сақтап, менің басыма бақытсыздық пен қиыншылық тудырма, уа, мұсылмандарға абырой сыйлаушы!