-
Иран Президенті Кубаға жол тартты
Маусым 15, 2023 16:21Латын Америкасы елдеріне сапарының соңғы мақсатында ИИР Президенті Кубаның астанасы Гаванаға барды. Оны Кубаның Сыртқы істер министрі қарсы алды. Осы сапарда Раиси Куба басшыларымен екіжақты қарым-қатынасты дамытып, тереңдету туралы кеңесетін болады.
-
Иран мен Никарагуаның екіжақты қарым-қатынасын кеңейту керек
Маусым 15, 2023 16:00Иран мен Никарагуа Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде екіжақты қатынастың қазіргі жағдайы және халықаралық мәселелер талқыланды.
-
Раиси: Тәуелсіздік, бостандық және әділдік – Иран мен Никарагуа халқының революцияларының ортақ белгілері
Маусым 14, 2023 17:39Иран Президенті тәуелсіздік, бостандық және әділеттілікке ұмтылуды Иран мен Никарагуа халқының революцияларының ортақ белгісі деп тоқталып: "АҚШ біздің халқымызды санкциялар мен қоқан-лоққылармен тоқтатқысы келді, бірақ біздің халық тоқтап қана қоймай, қауіп-қатер мен санкциялардан өзіне мүмкіндік жасап, ілгерілеуге қол жеткізді",- деп мәлімдеді.
-
Раиси Венесуэла жастары арасында: Жаңа тәртіп гегемонияны іздейді, қарсыласу - жауды жеңудің жалғыз жолы
Маусым 14, 2023 16:59Иран Президенті дұшпанмен күресудің жолы қарсыласу екеніне тоқталып: «Біз хаоықтардың барлық материалдық және рухани мүдделерін тонауды көздеген жауға бағынбауымыз керек»,- деді.
-
Венесуэланың исламдық және мәдени ұйымдарының кейбір мүшелері Раисимен кездесті
Маусым 14, 2023 16:57Венесуэлада орналасқан исламдық және мәдени ұйымдардың бір топ белсенділері мен мүшелері сейсенбі күні кешке Иран Президенті Ибрахим Раисимен кездесіп, сөйлесті.
-
Раиси: Венесуэла Ұлттық Мәжілісі Иранмен және басқа да тәуелсіз елдермен қарым-қатынасты жалғастыру үшін күшті қолдау болып табылады
Маусым 14, 2023 16:54ИИР Презиенті: «Венесуэла Ұлттық Мәжілісі ИИР және тәуелсіз елдермен қарым-қатынастарды жалғастыру үшін күшті қолдау болып табылады және екі елдің парламенттерінің ынтымақтастығы бұл қарым-қатынастарды нығайтады»,- деді.
-
Никарагуа Президенті Раисиді ресми қарсы алды
Маусым 14, 2023 16:52Никарагуа Президенті Даниэль Ортега Манагуадағы Азади алаңында ИИР Президенті Ибрахим Раисиді ресми түрде қарсы алды.
-
Раисидің Венесуэлаға сапары
Маусым 13, 2023 21:23Венесуэла Президенті Николас Мадуро президенттік сарайында Иран Президенті Ибрахим Раисиді ресми түрде қарсы алды.
-
Иран мен Венесуэла арасындағы алмасу құнын 10 миллиард долларға жеткізу мақсат етілуде
Маусым 13, 2023 19:30ИИР Президенті Иран мен Венесуэланың жоғары мәртебелі делегацияларының бірлескен отырысында орта мерзімді келешекте екі ел арасындағы алмасу құнын 10 миллиард долларға жеткізу мақсатына тоқталып: «Келесі қадамда бұл көрсеткішті 20 миллиард долларға дейін арттыруға болады»,- деді.
-
Иран мен Венесуэла арасындағы 19 ынтымақтастық құжатына қол қойылды
Маусым 13, 2023 19:27Иран мен Венесуэланың жоғары лауазымды тұлғалары екі ел президенттерінің қатысуымен 19 ынтымақтастық құжатына қол қойды.