Pars Today
Иран Президенті Индонезия Президентінің ресми шақыруымен екі елдің саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынасын одан ары кеңейту мақсатында бүгін, дүйсенбі Джакартаға аттанды.
Ислам революциясының жетекшісі Иран СІМ-нің жауапты басшыларымен кездесуінде жалыну дипломатиясынан бас тартып, принциптерді сақтай отырып, ақылға салып әрекет етіп, икемді болу керегін айтты.
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы Араб лигасы басшыларының 32-ші отырысында қабылданған қарарлардағы кейбір уәждер мен тағылған айыптарға реакциясында терең өкініш білдіріп, аталмыш уәждерді Араб лигасының бұрынғы сәтсіз жолды жалғастыруы деп атады.
Ислам революциясының жетекшісі Иранның көптеген және кейде маңызды және ықпалды елдермен ұзақ шекараларына тоқталып: «Иран мен көршілері арасында қиындықтар тудыруда шетелдік қолдар белсенді және бұл саясаттың жүзеге асуына жол берілмеуі керек",- деді.
Иран Сыртқы істер министрі мен БҰҰ Бас хатшысы аймақтық және халықаралық оқиғаларды талқылап, пікір алмасты.
Иран мен Ресей компаниялары Теһранда тікелей келіссөздер өткізудің арқасында 8 меморандум мен 2 келісімшартқа қол қойды.
Иран Президенті Ауғанстан басшыларына: "Систан мен Белуджистан облысы тұрғындарының Гильменд суын тұтыну құқығын сақтауды шұғыл түрде қолға алыңыздар",-деп ескерту жасады.
Иран мен Ресейдің Жоғары сот төрағалары екі елдің ұйымдасқан қылмыстар және лаңкестікке қарсы күрес саласында әріптестігін нығайту керегін баса айтты.
Иран Сыртқы істер министрлігі Нәубет күніне орай жасаған мәлімдемесінде: "1948 жылғы 14 мамыр адамзат тарихындағы ең ауыр оқиғалардың бірін, яғни Батыс Азия стратегиялық аймағы мен ислам әлемінің жүрегінде обыр ісігінің қалыптасқанын еске түсіреді",-деді.
ИИР СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Түркияда халықтың сайлауға жаппай қатысуы демократияның жеңіске жеткенін көрсетеді",-деді.