Раиси: Теһран мен Джакарта қарым-қатынасының дамуы аймақ халқының мүддесіне сай келеді
(last modified Wed, 24 May 2023 10:40:22 GMT )
Maм 24, 2023 16:40 Asia/Almaty
  • Раиси: Теһран мен Джакарта қарым-қатынасының дамуы аймақ халқының мүддесіне сай келеді

ИИР Президенті Индонезияның Палестина мен Ауғанстанның езілген халқын қолдаудағы ұстанымдарын жоғары бағалап, екі жақты қарым-қатынастарды екі елдің, аймақ халқы мен мұсылмандардың мүдделеріне сай дамытуды қарастырды.

 

ИИР Президенті Ибрахим Раиси дүйсенбі күні кешке индонезиялық әріптесі  Джоко Видудоның ресми шақыруымен Теһраннан Индонезияның астанасы Джакартаға аттанды. ИИР Президенті Ибрахим Раиси Индонезияға ресми сапарының жалғасында сейсенбі күні кешке Өкілдер палатасының спикері Пуан Махаранимен кездесуінде екі елдегі бар қуаттарға сілтеме жасай отырып, Теһран мен Джакарта қарым-қатынастарын жақсарту қажеттігін қуаттады. Ол: «ИИР қатыгез қоқан-лоққылар мен санкцияларға қарамастан, екі ел арасындағы қарым-қатынастарды дамыту үшін жақсы мүмкіндіктер тудырған үлкен жетістіктер мен мүмкіндіктерге қол жеткізді»,- деді. Иран Президенті Индонезияның Палестина мен Ауғанстанның езілген халқын қолдаудағы ұстанымдарын жоғары бағалап, екі жақты қарым-қатынастарды екі елдің, аймақ халқы мен мұсылмандардың мүдделеріне сай дамытуды қарастырды. Индонезия билігімен келіссөздер мен қол қойылған құжаттарға тоқталған Раиси екі ел арасындағы энергетика, медицина және ғылым мен технология салаларындағы қарым-қатынастардың дамып келе жатқанын жариялап, қарым-қатынастарды дамыту жолында екі ел арасында ешқандай кедергілер жоқ екенін баса айтты.

Осы кездесуде Индонезия Өкілдер палатасының спикері Пуан Махарани осы сапар барысында жасалған келісімдерді осы ел парламентінің қолдайтынын мәлімдеп, былай деді: «Екі ел арасындағы қарым-қатынас тек саяси салада ғана емес, экономика мен медицина салаларында, әсіресе, фармацевтикалық өндірісте де дамитынына сенімдімін».