Pars Today
Хижридің 10-шы жылы, қажылық рәсімінің аяқталғанына бір аптаға жуық уақыт болды, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) үлкен керуенмен Меккеден Мәдинаға қарай жолға шықты.
Пайғамбардың ізбасары, дүние жүзіндегі шииттердің алғашқы имамы Амир әл-Мүминин хазірет Әлидің (ғ.с.) қасиетті кесенесінің жауапкершілері Ғадир Хом мерекесі қарсаңында осы киелі жерді жалаулар, баннерлер орнатып, гүлдер мен шырақпен безендірді.
Ғадир күні қарт, жас, үлкен, бала - барлығы Теһран көшелеріне шығып, осы көпшілік мерекеге қатысты. «Ғадир 10 шақырымдық дастарханы» мейрамы жұма күні Теһранда Имам Хұсейн (ғ.с.) атындағы алаңынан Азади көшесіне дейін өтті.
Зилхадже айының 18 жұлдызы хазірет Әлидің (ғ.с.) имаматының басталған күні имамның ізбасарлары үшін ұлы күн. Жыл сайын ол Иран мен әлемде түрлі мерекелермен атап өтіледі.
Ғадир мәселесі барша мұсылмандарға қатысты. Өйткені бұл әділеттілік, ізгілік және Алланың қалауымен билік ету дегенді білдіреді. Хазірет Әлидің(ғ.с.) үкімін ұстанатындардың қатарында болғымыз келсе, өзімізді және өмірсүретін ортамызды әділеттілікке жақындатуымыз керек.
Ғадир Хом - Имамат пен велаят мейрамы мүбәрак!
Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы Абдулмалик Бадр ад-Дин: «Велаят қағидасы Исламдағы ұлы әрі маңызды қағида болып табылады және ол діннің тұрақтылығының, өміршеңдігі мен тиімділігінің және үмбеттің ықпалдардан қорғалуының кепілі болып табылады»,- деді.
Бейсенбі күні Йеменнің ондаған қаласында миллиондаған халықтың қатысуымен Ғадир мерекесі өтті.
Ғадир Хом күні Иран Теһран мен басқа да қалаларда мерекеленіп, түрлі рәсімдер өтуде.
Уа, Пайғамбар! Раббыларыңнан саған уахи етілгенді жеткізбесең, Алланың парызын орындамадың!