Шіл 23, 2020 16:52
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы сәрсенбі күні Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ Президенті Дональд Трамптың осы ел армиясының сардар Қасым Солеймани мен Абу Махди әл Мохандеске жасалған террордағы рөлін мойындағанын еске салып: «Иран мен Ирак халықтары осы екі шәһид қанының кегін қайтарады. Террор жасаушыларды жазаламайынша тоқтамайды», деді.