Шамхани: Вена келіссөздері қате жақтың Иранның қисынды шешімдерін ұстануымен шешіледі
(last modified Sat, 14 May 2022 09:09:28 GMT )
Maм 14, 2022 15:09 Asia/Almaty
  • Шамхани: Вена келіссөздері қате жақтың Иранның қисынды шешімдерін ұстануымен шешіледі

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы: «Вена келіссөздері қате жақтың Иранның қисынды және принципті шешімдерін ұстануымен ғана түйінді шешуге болатын кезеңге жетті»,- деді.

Әли Шамхани жұма күні Twitter-де былай деп жазды: «АҚШ немқұрайлылықпен, ал Еуропа әрекетсіздікпен Иранның дәлелденген ниетін пайдалану мүмкіндігін жойды. Егер олардың қайтып оралуға ерік-жігері болса, Иран келісімге келуге дайын».

Еуроодақтың сыртқы саясат басшысы Джозеф Боррел жұма күні санкцияларды жою жөніндегі келіссөздердің жақын болашақта жалғасатынын мәлімдеді және журналистерге берген қысқаша сұхбатында Энрике Мораның Теһранға сапарын оң бағалап: «Иранмен келіссөздер жақын арада қайта басталады», - деді.