Әлиакбар Ахмадиан Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесіндегі Ислам революциясы жетекшісінің өкілі болып тағайындалды
(last modified Tue, 23 May 2023 06:04:57 GMT )
Maм 23, 2023 12:04 Asia/Almaty
  • Әлиакбар Ахмадиан Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесіндегі Ислам революциясы жетекшісінің өкілі болып тағайындалды

Ислам революциясының жетекшісі Конституцияның 176-бабын жүзеге асыру мақсатында жарлық шығарып, Әлиакбар Ахмадианды Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесіндегі өзінің өкілі етіп тағайындады.

Iran Press-тің хабарлауынша, Ислам революциясының жетекшісінің мәтінінде: «Әлиакбар Ахмадианның  Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалуына қатысты, мен Конституцияның 176-бабын негізге ала отырып, аталған тұлғаны аталған кеңестегі діни басшылықтың өкілі етіп тағайындаймын»,- деп айтылды. Ислам революциясының жетекшісі Әли Шамханидің  бірнеше жыл бойы діни басшылықтың өкілі болуы мен жауапты әрі табанды талпыныстарын жоғары бағалады.

ИИР Президенті Ибрахим Раиси Адмирал Әли Шамханидің Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы қызметін атқарған кездегі 10 жылдық күш-жігерін жоғары бағалап, бұл қызметке Әли Акбар Ахмадианды тағайындады.