-
Құдсқа қатысты АҚШ-тың шешімі Вашингтонның аймақтағы дәрменсіздігін көрсетеді
Жел 12, 2017 21:41Иранның Қорғаныс және қарулы күштерді қолдау министрі бригада генералы Хатами: «Құдсқа қатысты АҚШ-тың шешімі бұл елдің Ирак пен Сирия аумағындағы жеңілісі мен дәрменсіздігінен кейін және Ирактың Күрдістан аймағындағы сәтсіздігі мен Ливан үкіметінің заңды премьер-министрін мәжбүрлі түрде отставкаға кетірмек болған әрекеті масқараға ұшыраған соң қабылданды» деді.
-
Иран Палестинаның исламдық қарсыласу күштерін қолдауға дайын
Жел 12, 2017 21:13Иран ислам революциясының Сақшылар корпусының Құдс күштерінің қолбасшысы «Шаһид Эззеддин Қассам» және «Ислам жихады» батальондарының қолбасшыларымен телефон арқылы сұхбатта Иран Ислам Республикасының Палестинаның исламдық қарсыласу күштерін жан-жақты қолдауға дайын екенін мәлімдеді.
-
Ислам революциясы жетекшісінің Халықаралық «Исламдық бірлік» 31-ші конференциясына қатысушылармен кездесуі
Жел 12, 2017 16:20Иран Ислам революциясының жетекшісі желтоқсанның 6 күні хазірет Мұхаммад Мұстафа (с.ғ.с.)-ның мәуліті мен хазірет имам Джафар Садық (ғ.с)-ның туған күнінің жылдығында Иранның үш билігінің басшылары, жүйенің бірқатар жауапты тұлғалары, ислам елдерінің елшілері және Халықаралық «Исламдық бірлік» 31-ші конференциясына қатысушылармен кездесті.
-
Буруджерди: Құдс – Палестинаның соғып тұрған жүрегі
Жел 11, 2017 14:38Иран Ислам кеңесі мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы Құдсты Палестинаның соғып тұрған жүрегі деп атап, АҚШ президентінің Құдсты сионистік режимнің астанасы ретінде мойындауының БҰҰ-ның қарарларына қайшы келетінін қуаттады.
-
Лариджани: Трамп араб және исламдық армандарды сионистік режимнің құрбаны етті
Жел 11, 2017 09:56Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы АҚШ Президентінің Құдсты Израиль режимінің астанасы ретінде жариялауын кейбір араб үкіметтері арасындағы келісім негізінде және аталмыш режиммен қарым-қатынасын қалыпқа келтіріп, Палестина мәселесін ұмыттыруды мақсат етті деп сараптады.
-
Саад әл-Харири: Құдс Палестинаның астанасы болады
Жел 10, 2017 19:39Ливанның Премьер-министрі Саад әл-Харири АҚШ Президенті Дональд Трамптың Бейт ул-Мұқаддасқа қатысты шешімін айыптап, Құдстың Палестинаның астанасы болатынын қуаттады.
-
Сионистердің Палестина халқына жасаған шабуылы салдарынан үш адам шәһид болды
Жел 09, 2017 16:27Палестина Денсаулық сақтау министрлігі сенбі күні таңертең бейсенбі және жұма күндері сионистердің палестиналықтарға қарсы жасаған шабуылдары салдарынан 3 палестиналықтың шәһид болып, 1114 адамның жарақат алғанын хабарлады.
-
Һание Құдс пен Йордан өзенінің батыс жағалауын азат ету интифазасын бастау қажеттігін қуаттады
Жел 07, 2017 22:42ХАМАС-тың саяси бюросының төрағасы: "Құдсты Израильдің астанасы ретінде жариялау ымыраға келу үдерісінің аяқталғанын білдіріп, жұма күні «Ашу және "Құдс пен Йордан өзенінің батыс жағалауын азат ету интифазасы" атты интифаза үшін ауқымды әрекеттердің бастау күні болады",- деп мәлімдеді.
-
Махмуд Аббас: АҚШ енді ара ағайын бола алмайды
Жел 07, 2017 21:01Палестина автономды құрылымының басшысы АҚШ Президентінің Құдсты Израильдің астанасы деп тану шешімінен кейін бұл елдің енді ара ағайын бола алмайтынын мәлімдеді.
-
Жетекші көзқарасы: Палестина міндетті түрде азат етіледі
Жел 07, 2017 16:11Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи АҚШ, сионистік режим мен алпауыттарға бағынышты реакционерлерді қазіргі заманның перғауындары деп атады.