-
Қазақстанда әуе рейстерінің жолаушылары үшін коронавирустың анықтамасы қажет емес
Maм 13, 2020 16:22Қазақстанда коронавирустың таралуының алдын алуға қойылған карантиннің жойылуымен ішкі әуе рейстерінде жолаушы санының көбеюіне байланысты енді коронавирус анықтамасы қажет емес.
-
Су астындағы орман
Maм 12, 2020 20:08Қазақстандағы Қайыңды көлінің суы үнемі суық. Тіпті жазғы күні де 6 градустан көтерілмейді. Бір ғасырдан артық уақыт бойы суда өсіп тұрған ағаштардың жапырақтары балғындығын сақтаған. Бұл көл 1911 жылы сел көшкіні нәтижесінде пайда болған.
-
Алматы әуежайы 415 миллион долларға сатылды
Maм 09, 2020 15:13Түркияның әуежай қызметтері TAV Airports холдингі Алматы халықаралық әуежайы акциясының 100 пайызын 415 миллион долларға сатып алды.
-
Қазақстан коронавируспен күреске 13 млрд доллар жұмсады
Maм 07, 2020 16:30Қазақстан Президенті елінің коронавируспен күрес жолында шамамен 6 трлн теңге, сәйкесінше 13 млрд доллар немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 8 пайыздан астамын жұмсағанын мәлімдеді.
-
Қазақстанда медицина қызметкерлерінің құрметіне тұрғын үйлердің қасбетіне сурет салынады
Maм 06, 2020 16:13Коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер мен медбикелердің суреттері Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрғын үйлердің қасбетіне салынады. Бұл істі Нұр-Сұлтан қаласының шығармашылар қауымдастығы атқарады.
-
Қазақстандық атақты ауыр атлет спорттағы карьерасын аяқтады
Maм 05, 2020 18:28Қазақстандық атақты ауыр атлет Илья Ильин: «Токио 2020 Олимпиадасының кейінге қалуына байланысты спорттағы карьерамды аяқтауға шешім қабылдадым. 40 жасқа дейін ауыр атлетикада қалғым келмейді. Менің спорттық карьерамды аяқтайтын уақыт келді. Жаңа өмір бастаймын, ауыр атлетика мектебін ашуды ойлаймын»,- деді.
-
Қазақстанда жұмыс орындары біртіндеп ашылып жатыр
Maм 05, 2020 15:09Қазақстанда коронавируспен күресу штабының бағдарламасы бойынша кеше, дүйсенбіден бастап тіс дәрігерлері, шаштараздар, фотосалондар мен гүл сататын дүкендер, тұрғын үй агенттіктері мен ресми құжаттарды тіркеу кеңселері жұмыстарына оралды. Адамдар бұл жерлерде кезек күтіп отырмау үшін кезекке алдын ала жазылуы керек.
-
Қазақстан биологиялық қару дайындап жатқаны туралы айыпты теріске шығарды
Maм 03, 2020 17:04Қазақстан СІМ мәлімдеме жариялап, шетелдік ақпарат құралдарының «Алматы қаласындағы зертханада қауіпті биологиялық вирустар дайындалып жатыр» деген айыпты теріске шығарып: «Оның қызметі Қазақстандағы биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған»,-деді.
-
Дариға Назарбаева Қазақстан Парламентінің төрайымы қызметінен босатылды
Maм 03, 2020 15:26ISNA ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауынша, Қазақстанның бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Сенат палатасы төрайымы лауазымындағы қызметін тоқтатты.
-
Қазақстанда сұйытылған газ баллондарының қоймасы өртенді
Maм 02, 2020 17:31Алматы қаласының Жетісу аймағында 150 шаршы метр жерде сұйытылған газ баллондарының қоймасы өртенді. Өрт сөндірушілердің талпынысымен өрт сөндірілді. Өрттің себебі тексеріліп жатыр.