-
Иран Израильді БҰҰ-ның әйелдер істері жөніндегі комиссиясынан шығаруды талап етті
Нау 08, 2024 21:15БҰҰ-дағы Иран елшісі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Израиль режимінің қолынан 9 мыңнан аса палестиналық әйел қаза тапқанын айтып, осы режимді БҰҰ-ның әйелдер істері жөніндегі комиссиясынан шығаруды талап етті.
-
Израильдің кез келген қоқан-лоқысына жауап беруге Иранның қақысы бар
Нау 08, 2024 20:19БҰҰ-дағы Иран елшісі Израиль Сыртқы істер министрінің ИИР-ге қарсы сөздерінен кейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне хат жолдап, сионистік режимнің қандай да бір авантюристік әрекеті туралы ескертіп, Тель-Авивтің Иранның ұлттық мүддесі мен қауіпсіздігіне қарсы кез келген қоқан-лоқысына жауап беруге заңды құқығы барын баса айтты.
-
Ресейдің "Аэрофлот Опен" турнирінде ирандық шахматшы жеңімпаз атанды
Нау 08, 2024 19:18Ирандық шахматшы ұстаз Мұхаммед Амин Табатабаи Ресейдің "Аэрофлот Опен" турнирінде жеңімпаз атанды.
-
Киев ресейлік қару-жарақтарды сатып алу туралы Қазақстанмен келіссөз жүргізіп жатыр
Нау 08, 2024 19:05Бір ресейлік ақпарат құралының хабарлауынша, Украина армиясын қару-жарақпен қамтамасыз ететін "Укрспкэксперт" компаниясы ресейлік қару-жарақтарды сатып алу туралы Қазақстанмен келіссөз жүргізіп жатыр.
-
Ливиялық жас жігіт Израильдің тауарларына креативті түрде байкот жариялады
Нау 08, 2024 18:16Ливиялық жас жігіттің Израиль тауарларына креативті түрде байкот жариялағаны түсірілген видео виртуалды кеңістікте кең таралды.
-
Раиси: Иран Кавказда бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуға бар күшін салады
Нау 08, 2024 18:08Иран Президенті Арменияның Қорғаныс министрімен кездесуінде Иранның Кавказ аймағында бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздік орнатуға бар күшін салатынын айтып: "ИИР өзінің тұрақты позициясы, яғни аймақтың геосаяси жағдайы мен шекараларын өзгертуді қаламайтынын жариялай отырып, аймақ елдері арасында қарым-қатынас егемендік пен аумақтық тұтастыққа құрметпен қарап, бөгделерді аймақ істеріне араластырмауға негізделуі тиіс",-деді.
-
Швецияның жоғары сотында Хамид Нуриге өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды
Нау 07, 2024 22:02Швецияның жоғары соты сәрсенбі күні Хамид Нуриге қатысты істе аппеляциялық шағымды қабылдамай, өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімінің шығарылғанын растады.
-
Иран АҚШ-тың мұнайын тәркіледі
Нау 07, 2024 21:48Иран армиясының теңіз күштері АҚШ-тың 50 млн доллар тұратын мұнайын тәркіледі.
-
Иран мен Тәжікстан бірлесіп дәрі-дәрмек шығаруға келісті
Нау 07, 2024 18:48Иранның Денсаулық сақтау министрі Теһранның Тәжікстанға дәрі-дәрмектер мен медициналық құрал-жабдықтар экспорттауға және бірлесіп дәрі-дәрмек шығаруға дайын екенін хабарлады.
-
Газадағы қылмыстар туралы жаңа мәліметтерді әшкерелегеннен кейін Al-Alam арнасының әлеуметтік желідегі аккаунттары бұғатталды
Нау 06, 2024 17:57АҚШ үкіметінің бұйрығымен бұл елдің медиа компаниялары кәсіби емес әрекетпен және кез келген сөз бостандығына қарсы араб тілді «Әл-Алам» желісінің киберкеңістіктегі парақшаларын жауып тастады.