68  елдің басшылары мен жоғары лауазымды тұлғалары шәһид болған ИИР президенті мен оның серіктерін еске алды
(last modified Wed, 22 May 2024 16:00:11 GMT )
Maм 22, 2024 22:00 Asia/Almaty
  • 68  елдің басшылары мен жоғары лауазымды тұлғалары шәһид болған ИИР президенті мен оның серіктерін еске алды

Әлемнің 68 елінің басшылары мен жоғары лауазымды тұлғалары Теһран Саммит залына қатысып, шәһид президент Сейед Ибрахим Раиси мен оның шәһид серіктеріне тағзым етті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, сәрсенбі күні Теһранның Саммит залында Иран Республикасы Президентінің міндетін атқарушының ұйымдастыруымен өткен рәсімге 68 мемлекет басшысы, елдер мен аймақтық және халықаралық ұйымдардың жоғары лауазымды тұлғалары қатысып, шәһид болған ИИР Президенті Сейед Ибрахим Раиси мен оның серіктеріне құрмет көрсетті.

Катар әмірі, Түркіменстанның ұлттық көшбасшысы, Тунис, Сирия және Тәжікстан президенттері, Пәкістан, Ирак, Армения, Әзірбайжан және Сирия премьер-министрлері, Ливан, Алжир,  Қазақстан, Мали парламент төрағалары, Эфиопия, Ресей Думасы және Өзбекстанның Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының төрағасы, Түркия мен Үндістанның вице-президенттері мен Қырғызстан, Армения, Қытай, Ауғанстан және Сербия  премьер-министрлерінің орынбасарлары Теһран Саммит залындағы шараға  қатысып, президент міндетін атқарушыға көңіл айтып, шәһид Сейед Ибрахим Раиси мен оның серіктеріне құрмет көрсеткен жоғары лауазымды тұлғалардың қатарында.

Салтанатты шараға Ливан, Египет, Тунис, Сауд Арабиясы, Кувейт, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Шри-Ланка, Ауғанстан, Пәкістан, Венесуэла және Түркияның сыртқы істер министрлері де қатысып,  шәһид  Сейд Ибрахим Раиси мен оның серіктеріне құрмет көрсетті.