Йемендік «Палестина 2» зымыранының ерекшеліктері қандай?
(last modified Mon, 30 Dec 2024 15:10:41 GMT )
Жел 30, 2024 21:10 Asia/Almaty
  • Йемендік «Палестина 2» зымыранының ерекшеліктері қандай?

ParsToday - Йемен қарулы күштері мәлімдеме жасап, сионистік режимнің Бен Гурион әуежайын «Палестина 2» ультрадыбыстық баллистикалық зымыранымен нысанаға алғанын хабарлады.

Йемен қарулы күштерінің баспасөз хатшысы Яхья Сари мәлімдемесінде былай деп жариялады: «Палестина халқына қолдау көрсету және сионистік режимнің Газа халқына қарсы жасаған қылмыстарына реакция білдіріп, сондай-ақ осы режимнің Йеменге, осы елдің қарулы күштеріне қарсы басқыншылық әрекеттеріне бірегей әскери операцияда жауап беру аясында, Тель-Авивтегі Бен Гурион әуежайына ультрадыбыстық баллистикалық зымыранмен соққы жасалды. Бұл операцияда бірнеше сионис жараланып, «Бен Гурион» әуежайының жұмысы да тоқтатылды. ParsToday агенттігінің хабарлауынша, осы йемендік шабуылдан кейін виртуалды қолданушылар арасында «Палестина 2» ультрадыбыстық баллистикалық зымыранының ерекшеліктері қандай?» деген сұрақ туындады.

 

1. Жылдамдық

«Палестина 2» ультрадыбыстық баллистикалық зымыранының жылдамдығы Mach 16-ға тең, бұл қорғаныс жүйелерін оны агықтауға қабілетсіз етеді.

 

2. Қашықтығы

Йемен мен басып алынған Палестина шекаралары арасындағы ең қысқа қашықтық 1800 км. Зымыранның Йемен территориясының тереңінен ұшырылғанын және басып алынған Палестина территориясының тереңіндегі нысанаға бағытталғанын ескерсек, зымыранның қашықтығы 2000 шақырымнан астам болуы керек. Сонымен қатар, батыс қорғаныс жүйелерінің әртүрлі типтері бар бірнеше қорғаныс қабаттары Centcom түрінде біріктірілген түрде жұмыс істейді. Бұл жүйелер осы 2000 километрдің барлығында орнында қалды.

 

3. Салмақ

2000 км қашықтыққа жететін зымырандардың салмағы 15-20 тоннаға жетуі керек, бірақ қарсылық осі зымыран корпусы мен жанармайының құрылысында қолданылатын заттарды өзгерту арқылы бұл салмақты айтарлықтай азайтты,   «Палестина 2» ультрадыбыстық баллистикалық зымыранның салмағы 4,5 тонна.