Қазақстанның Ирандағы елшісі екі ел арасындағы сауда айналымын кеңейтуді талап етті
(last modified 2024-10-18T12:34:53+00:00 )
Қаз 18, 2024 18:34 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Ирандағы елшісі екі ел арасындағы сауда айналымын кеңейтуді талап етті

Sahab – Қазақстанның Ирандағы елшісі екі ел арасындағы тауар айналымын 10 миллиард долларға дейін кеңейтуді талап етті.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Ирандағы елшісі Оңталап Оңалбаев бейсенбі күні Иранның батысындағы Хамедан облысының сауда палатасы мен Иран мен Қазақстанның ортақ сауда палатасы арасындағы коммерциялық меморандумға қол қою отырысында: "Өзінің бай тарихы мен мәдениеті және мол экономикалық мүмкіндіктері бар Хамедан облысын Қазақстанмен экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың үлгісі ретінде қарастыруға болады",- деді.

Хамедан әкімі Хамид Меланури Шамси де бейсенбі күні Қазақстанның Ирандағы елшісінің кездесуінде Хамедан облысы мен Қазақстан елі арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін қажетті шаралар қабылданатынын айтты. Ол: " Бұл даму әсіресе отандық және шетелдік капиталды тартуды қамтиды және негізгі мақсат провинцияның құрылысы мен дамуы үшін табиғи және адами мүмкіндіктер мен ресурстарды оңтайлы пайдалану болып табылады",- деп мәлімдеді.

Хамид Меланури Шамсидің айтуынша, Иранның Хамедан облысының көптеген мүмкіндіктері бар, әсіресе ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, өнеркәсіп және туризм салаларында Қазақстанмен ынтымақтастық үшін айтарлықтай мүмкіндіктер бар.

Қазақстанның Ирандағы Елшісі Хамедан Сауда-өнеркәсіп палатасының шақыруымен және екіжақты экономикалық және мәдени өзара іс-қимыл жасау мақсатында Хамеданға барды.

 

Тегтер