Бүгін имам Хусейннің (ғ.с.) туған күні
https://itolqyn.com/news/event-i79678
Исламдық Иран Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) немересі имам Хусейннің (ғ.с.) туған күні шаттық пен қуанышқа бөленуде.
(last modified 2025-07-30T00:19:04+00:00 )
Ақп 02, 2025 17:00 Asia/Almaty
  • Бүгін имам Хусейннің (ғ.с.) туған күні

Исламдық Иран Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) немересі имам Хусейннің (ғ.с.) туған күні шаттық пен қуанышқа бөленуде.

Хиджри қамари күнтізбесі бойынша шағбан айының 3 жұлдызы  –  үшінші имам әрі шәһидтердің басшысы хазірет Хусейннің (ғ.с.) туған күні. Бұл күн имам Хусейннің құрметіне орай Иранда «Сақшылар күні» деп аталған.

Шағбан айының үшінші жұлдызы – Ислам мен хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) шариғатын сақтаушы ұлы адамның туған күні. Ол Кербала даласында теңдессіз  жанкештілік көрсетіп, әлем жұртшылығына азаттық пен абыройдың дәрісін үйретті. Бұл ұлы тұлға – Құран Кәрім мен Исламды қорғаудың көрнекті үлгісі.

ИИР Телерадио бірлестігі барша мұсылмандар мен әлемнің азаттық талап етушілерін осы күнмен құттықтайды.