Арақчи: Иран мен АҚШ арасындағы тікелей келіссөздер барынша қысыммен мүмкін емес
ParsToday - Иран Сыртқы істер министрі: «Иран Ислам Республикасы қысым, қоқан-лоққы немесе санкциялар астында келіссөз жүргізбейді»,- деді.
ParsToday ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи сейсенбі күні Теһранда Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен ортақ баспасөз мәслихатында Ислам республикасының ортақ келісімді жандандыру және Батыс елдерімен қарым-қатынастар жөніндегі келіссөздердегі ұстанымдарына сілтеме жасап: «Иран ядролық мәселеде Ресеймен ынтымақтастық пен келісімде және екі ел Теһранмен үйлесімділікте алға жылжуда»,-деп қосты.
Арақчи: «Иранның Ресеймен кеңесулері барлық салаларда үздіксіз жалғасуда және екі ел арасындағы саяси, экономикалық, мәдени және басқа салалардағы кең ауқымды ынтымақтастықты қамтитын екіжақты қарым-қатынастардан бөлек, Теһран мен Мәскеу Батыс Азия аймағы, Еуразия аймағы, Кавказ және барлық шеткері аймақтардағы мәселелер, сондай-ақ халықаралық мәселелер бойынша үздіксіз кеңесулер жүргізуде»,- деп мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрі Ресей Сыртқы істер министрімен аймақтық мәселелер бойынша өте жақсы келіссөздер жүргізгенін жариялап: «Палестина, Ливан және Сирия туралы егжей-тегжейлі талқылаулар жүргізілді және ИИР-ның Палестинадағы сионистік режимнің қылмыстарын үнемі айыптауы табиғи және бұл айыптау жалғасуда»,- деп айтты.
Иранның дипломатиялық қызметінің басшысы Сирияға қатысты: «Иран Ислам Республикасы Сирияның тұрақтылығы, тыныштығы, аумақтық бірлігінің, аумақтық тұтастығының сақталуы және халықтың ерік-жігері негізінде ілгерілеуді қалайды» деді. Иран Сыртқы істер министрі сонымен қатар: «Иран Ислам Республикасының Ливанға қатысты ұстанымы осы елдің үкіметі мен халқын толық қолдау болып табылады»,- деп сөзін жалғады.
Арақчи Иранның аймақтағы қарсыласу осін әрдайым қолдағанын және оны жалғастыратынын баса айтып: «Қарсыласу топтары әділ және дұрыс идеалдар мен мақсаттар үшін күресуде және олар ниет еткен кез келген күрес түрін Иран Ислам Республикасы қолдайтын болады»,-деді.
Лавров сондай-ақ: «Ресей мен Иран жаһандық қақтығыстар Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы, егемендік және теңдік негізінде шешілуі керек деп санайды»,- деп тоқталды.
Ресей Сыртқы істер министрі сондай-ақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қайта жандандыру үшін дипломатиялық жолдың әлі ашық екенін, бірақ қоқан-лоққысыз және күш қолданбай деп: «Ресей осыған байланысты бар проблемаларды шешу үшін шешім табуға көмектеседі»,-деді.